400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара "Зерде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал физика, математика мұғалімдері үшін өте пайдалы. Оқушылардың ой өрісін дамытып, қызығушылығы артады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Курметжанова Жанерке Курметжановна

«Аршаты орта мектебі» КММ-нің физика ,

математика пәнінің мұғалімі







Сыныптан тыс шара

«Зерде» атты интеллектуалдық сайыс

Мақсаты: Дарынды оқушыларды табу, олардың қабілеттерін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

Көрнекілігі: Плакаттар, слайд

Түрі: Сайыс

Сайыс жоспары:

  1. Бәйге

  2. Жорға

  3. Полиглот

  4. Логикалық есептер

  5. Тест тапсырмасы

Ойын шарты : Әр сайыстан кейін төменгі ұпай жинаған оқушы келесі кезеңге өтпейді.

Сайыс барыс:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Зерде» танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Ойынды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен танысып алайық

  1. Айқын Мухтарұлы

  2. Самал Болатқызы

1.Бәйге (Әр ойыншыға 5 сұрақтан қойылады)

9-сынып

  1. Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің формуласы?

  2. у=х2 функциясының графигі?

  3. Томсон формуласы?

  4. Қатаңдықтың өлшем бірлігі?

  5. 1/10 санының кері саны?

9-сынып

  1. Үш сызықтан пайда болған фигура?

  2. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле?

  3. Математикалық маятниктің тербеліс периодын анықтайтын формула?

  4. Тығыздықтың өлшем бірлігі?

  5. Кері сандардың көбейтіндісі?

10-сынып

  1. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура?

  2. Санның туындысы неге тең?

  3. Менделеев – Клапейрон теңдеуі?

  4. Паскальмен не өлшенеді?

  5. а2-в2 = қалай ашылады?

10-сынып

  1. 700 –қа тең бұрыш қалай аталады?

  2. хn –нің туындысын табу формуласы?

  3. Кулон заңың формуласы?

  4. Зарядтың өлшем бірлігі?

  5. (а+в)2 = қалай ашылады?

11-сынып

1.Қандай үш сандарының қосындысы көбейтіндісіне тең?

2. Санның ноль дәрежесі неге тең?

3. Фотоэффект үшін Энштейн теңдеуі?

4. Импульстің өлшем бірлігі неге тең?

5. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты

11-сынып

  1. Тік бұрышты үшбұрыш туралы теорема?

  2. 2,5 таяқтың неше ұшы бар?

  3. Бордың І постулаты?

  4. Үдеудің өлшем бірлігі?

  5. Екінің алтыншы дәрежесі?

ІІ. Жорға

(Барлығы 20 сұрақ қойылады, бірінші карточка көтерген оқушы жауап береді)

  1. Тіктөртбұрыштың периметрінің формуласы?

  2. Квадраттың ауданы неге тең?

  3. Еркін түсу үдеуінің мәні неге тең?

  4. 5-ке қалдықсыз бөлінетін сандар?

  5. Тоқ күшінің формуласы?

  6. Екі қатынастың теңдігі?

  7. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады?

  8. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек?

  9. Кері итеруші күшті ашқан ғалым?

  10. Динамометрмен нені өлшейді?

  11. Координаталар жүйесін енгізген ғалым?

  12. Деформация дегеніміз не?

  13. Электронның заряды неге тең?

  14. Атомның құрлысы қандай бөлшектерден тұрады ?

  15. Геометриялық прогрессияның n мүшесінің формуласы?

  16. Ең үлкен хорда?

  17. «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минут айналып өтті? (1 сағ 43 мин)

  18. Адам қай жолмен ешуақытта жүрмейді?

  19. Гук заңының формуласы?

  20. Ом заңының формуласы?

ІІІ. Полиглот

Сөздердің 3 тілде қазақша , орысша, ағылшынша айтуы қажет.

1.Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді.

Ж: күн, солнце, sonne

2.Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.

Ж: отыз, трицать, thirty

  1. Бар ма, жоқпа оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің

Ж: ауа, воздух, air

2.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

Ж: жеті, семь, seven

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

Ж: сызғыш, линейка, ruler

  1. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар

Ж:мың, тысяч,thousands

  1. Суға салсаң батпайды,

Отқа салсаң жанбайды?

Ж: мұз, лед, ice

2.Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

Ж: тоқсан тоғыз, девяноста девять, ninety nine


IV. Логикалық есептер (Әр ойыншыға 2 есептен беріледі)

1.Бір ауданда 3 көше және 100 үй бар. Екінші көшеде бірінші көшеге қарағанда 3 есе артық үй бар. Үшінші көшедегі үйлердің саны екінші көшедегі үйлердің санынан екі есе көп. Екінші көшеде неше үй бар?

Ж: 30 үй

  1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой?

44444444= 500 (444+44+4+4+4)= 500

  1. 1-ші, 2-ші, және 3-ші фигурадағы сандар белгілі бір тәртіпке байланысты орналастырылған. Сол тәртіпті ескерсек, сұрақ белгісінің орнында қандай сан болды?


Shape3 Shape2 Shape1


Shape6 Shape5 Shape4

?

53

8

3

14

13

9

8

12

7

14

9








  1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп амал таңбаларын қой?

333333=1000 (333*3+3/3)=1000


  1. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста. Қанша жылдан кейін атасы немересінен екі есе үлкен болады?

  2. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп амал таңбаларын қой?

22222=9 (2*2*2+2/2)



V. Тест тапсырмасы

1. Құрметтейік ғалымды,

Ғылымды алға жылжытқан.

Инерция құбылысын

Айтшы достар кім ашқан?

А) Исаак Ньютон В) Архимед С) Галилео Галилей Д) Фарадей

2. Электр лампасына патронды кім ойлап тапты?

А) Лодыгин В) Яблочкин С) Эдисон Д) Якобин

1. Ұлты – ағылшын

Тапты ол электр өрісін

Физика мен химияға

Қатар қосқан үлесін

А) Исаак Ньютон В) Георг Ом С) Мари Андре Ампер Д) Фарадей

2. Асқын өткізгіштікті кім ашты?

А) Гальвани В) Георг Ом С) Эредет Д) Камерлинг –Оннес

Қорытынды

Сөз әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаз оқушы марапатталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі