400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара Зерделі математик 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ой-өрісін, ынтасын, қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, математика пәнінен алған білімдерін тереңдету, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімді, озық болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы

44 мектеп-гимназия

Математика пәні мұғалімі

Нурмуханбетова Дария Уахитқызы

7 сыныптар арасында өткізілген сыныптан тыс шара



Тақырыбы: «Зерделі маттематиктер»

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, ынтасын, қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, математика пәнінен алған білімдерін тереңдету, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімді, озық болуға тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: мультимедиа, плакаттар, шарлар, ойынға қажет әртүрлі заттар.

Ойынның барысы:

  1. «Шаңырақ» әдісі бойынша топқа бөлу.

  2. Таныстыру – топтың аты, эмблемасы

  3. «Сұрақты ұстап ал» әдісі бойынша викториналық сұрақтар

  4. «Қызықты есептер» - логикалық есептер

  5. Өнер сайысы

  6. «Әр қолда-өзінің ісі» - капитандар сайысы

  7. «Сыр сандық құпиясы» - жұмбақ шешу

  8. Тренинг

  9. Қорытынды



Жас болсақ та қиындықтан қашпаймыз,

Сұрақтарды бірден шешіп тоқтаймыз.

Деп отырған болсаңыздар ендеше,

Сайысымызды бастаймыз.



Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Қызықты есептер» деп аталатын сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Ойынды бастамас бұрын әділқазыларды сайлап алайық.

  1. ____________________

  2. ____________________

  3. ____________________



Әділқазы ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем!

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл.





Әрқашан да білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген.

Сәлем бердік, ұландарға талапкер,

Дос көңілден, адал аппақ ниетпен.

Түсеміз біз білімдердің сайысына,

Жеңсеңдер қол соғамыз табысына.

Талапкердің талабы баудай болар,

Аямас тиіп кетсең намысына.

1-сайыс «Шаңырақ » әдісі бойынша топқа бөліну

2-сайыс топтардың өздерін таныстыруы, ең жоғарғы ұпай 5.

3 - сайыс «Сұрақты ұстап ал» дұрыс жауапқа 5 ұпай.

  1. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?(4 мысық)

  2. Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)

  3. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?(3 үйрек)

  4. Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ)

  5. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)

  6. Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?(6)

  7. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)

  8. Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)

  9. 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)

  10. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?(50)

  11. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)

  12. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.(98)

  13. Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?(2)

  14. Сәуледе 6 сақина бар, оның 5-еуінің массасы бірдей, 1-еуі жеңіл. Таразыға екі рет қана өлшеп, жеңіл сақинаны қалай анықтауға болады?

  15. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)

  16. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)











4-сайыс «Қызықты есептер»

: Бір кемпір:

«Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып – құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іш те, маған бер.» - деген екен. – «Қой, мұңымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік,» - деп кетіп қалыпты.

Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу? (10 адам, 5 ұры)





5-сайыс «Өнер сайысы»

6 -сайыс «Әр қолда-өзінің ісі» - капитандар сайысы.

Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасың. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут.


И

Ц

Ү

Ш

Б

Ө

О

А

Р

Ы

К

Л

Н

Б

Ұ

П

Е

Ш

А

Ы

Ж

А

Й

Н

Л

Т

Ү

З

Ы

Қ

Б

Ө

Л

У

С

О

Бұрыш қосу бөлшек алты он рационал үш

Жүз пайыз түзу жұп жазық бөлу (13сөз)







7-сайыс «Сыр сандық құпиясы» - жұмбақ шешу.

  1. Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз.(цифрлар)



  1. Бүтін, бөлшек бөліктерден

Үтір айырып тұрады,

Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? (ондық бөлшектер)



  1. Түзудің бір бөлігі

Екі шеткі нүкте көрігі

Ұзындығы және бар

Айтшы сыйлық сенікі (кесінді)



  1. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жаң-жағына қарамай? (натурал сандар)



  1. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде,

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу)



  1. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді

Көңілге армандаған қана бермейді.

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,

Қандай сан бар, достарым, пікір демейді (жай бөлшектер)

  1. Дүкеннен мен сабын алдым, 

Оның және қабын алдым, 

Екі дәптер, бір қарындаш, 

Тіс ысқышты тағы да алдым. 

Есептеші сонда бәрі 

Қанша болды, қолда бары? ( 6 ) 

  1. Өмірің сенің қызық, 

Жолында жоқ түзу сызық, 

Басы да жоқ аяғы. 

Бір айналым баяғы. (дөңгелек) 







Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренерміз аман болсақ!



Тренинг



Енді әділқазылардан бүгінгі сайысты қорытындылап, марапаттауларыңызды сұраймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
1318
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі