400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шара:Дыбыстар еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбына арналған материалдар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: Дыбыстар еліне саяхат.

Мақсаты:

Білімділік: Дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру. Дыбыстар мен әріптердің айырмашылығын түсіндіру. Дыбыстардың дауысты, дауыссысз болып бөлінетіндігін түсіндіру.

Дамытылушылық: Баланың ойлау және өз пікірін айту қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу .

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, практикалық, ойын

Жаңа сөздер:ағылшынша ,орысша, қазақша сөздер

Қолданатын көрнекіліктер:суреттер, буындар, ойыншықтар, суреттер, текшелер, плакаттар,үлестірмелі материалдар т.б.

Шара ойыннан басталады. Балаларға үрленген шарда кезек-кезек лақтырып отырып, оның атын ататып, сөздер айтқызу. Ойын шар жарылғанша жалғаса береді. Шар жарылғанда:

-Балалар не естідіңдер? Дыбыс естідік.

-Дұрыс, сендер дыбыс естідіңдер. Бірақ дыбыстар әр түрлі болады.

-Мына суреттерге назар аударайық. Әтеш: «ку-ка-ре-ку» деп дыбыстайды, сиыр: «мө-мә» - деп мөңірейді, т.б.

Біз дыбыстарды естиміз, айтамыз.

-Енді менің артымнан дыбыстарды дыбыстаңдар.

-Егер А-А десек, оны ұзақ созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Қане, бәріміз А дыбысын айтамыз.

-А дыбысын ауызды ашып, әндетіп те, созып та айғайлап та айта аламыз. Аузымызда тіл, тіс еш нәрсе кедергі болмайды. Дәл осылай айтылатын дыбыстарды дауысты дыбыстар деп айтамыз. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен белгілейміз.

Б Ал «ш» немесе «с» десек, ол «а» дыбысы сияқты айтылмайды.

«с» дыбысы тісіміз, тіліміз кедергіге ұшырап айтылады, бұл дыбыстарды дауыссыз дыбыс дейміз. Дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз.

Сергіту жаттығуы:

ал Суда балық жүзеді

Біресе керіледі

Біресе жиырылады

Сөйтіп,сөйтіп құмға тығылады.

Казір мен сендерді топқа бөліп әр түрлі сөздер беремін.Мысалы:Ата екі дауысты дыбыс 1дауыссыз дыбыс.

Осындай әр сөзге дыбыстық талдау жасайық. Текшелермен белгілейміз.

«Кім көп дыбыс біледі?» ойыны.

Ана

Бала

Алма

«Кім жылдам» ойыны

Тәрбиеші әріптерді көрсетеді әрбір қатар сол дыбысқа байланысты сөздерді айтады.

Қай қатар қанша сөз айтса соған ұпай беріледі.

Слайд бойынша сөздік жұмысы

Есек,ұшақ,биік аласа, қасқыр, алма, бала, ит .алар тәрбиешімен бірге әтеш, сиыр, ешкі сияқты дыбыстарды айтады.

Балалар жеке дыбыстар айтып береді.

Балалар тәрбиеші көрсеткен дыбыстарға сөздер айтады.

Балалар осы сөздердің қазақшасын орысшасын ағылшыншасын түсіндіреді.

Дыбыс дегеніміз не ?

Дауысты және дауыссыз дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?

Дыбыстарға байланысты тақпақтар айтылады. Сабаққа белсен қатысқан оқушыларды мадақтап мақтау.

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Дыбыстарға байланысты тақпақтарын айтады.

Біледі: Балалар сөзерді , сөйлем құруды біледі.

Түсінігі : Балалардың сөйлем жайында түсініктері бар.

Орындай алады: Балалар сөздерді буынға бөлуді орындай алады, дыбыстардан сөз құрауды орындай алады. Дыбыстарды текшелермен белгілеуді орындай алады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 қазан
839
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі