Сыныптан тыс шара.
Сайыс
Күні:
Тақырыбы: «Еңбек пен өнер
егіз»
І.
Мақсаты: Оқушының жан-жақты
дамуына, бейнелеу өнері,еңбекке баулу сабақтары арқылы, ұлттық сана
–сезімін, салт –дәстүр,қолөнер, бейнелеу саз негізінде санасына
сіңіру, білімдерін тереңдету,
ойлауға ептілікке, іскерлікке
баулу.
Сабақ
түрі: дәстүрлі емес
сабақ
Сабақтың
әдісі: жарыс-сайыс, сұрақ-жауап,
қағазбен, суреттермен жұмыстану
Пәнаралық
байланыс: бейнелеу,
технология
Құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, бейнелеу
құралдары, қайшы, желім және қылқалам т.б.
-Бүгінгі , бейнелеу өнері және
технология пәндерінің бірлесуімен құрылған 5 және 8сынып
оқушыларының қатысуымен өтетін «Еңбек пен өнер егіз» атты
талаптылар сайысына қош келдіңіздер!
Құрметті қонақтар, ұстаздар,
оқушылар бүгін сіздер бейнелеу өнері және технология пәні біріккен
жарысқа қатысып отырсыздар.. Жалпы өнер түрлері өте көп: кино, ән,
музыка, театр, бейнелеу өнері. Әрбір өнер түрлері бейнелеу өнерімен
тығыз байланысты. Мысалы: кино суретшілері бар. театр суретшілері
бар олар сахна көріністерін әзірлейді. Киім үлгілейтін модельер-
суретшілер бар.. Мултьфильм, кітап безендіру суретшілері. Сондықтан
өнердің алуан түрі бейнелеу өнерімен өте тығыз байланысты .Ал осы
бейнелеу өнерінде салынған дүниені жасап шығару ол әрине технология
яғни еңбек пәнінің еншісінде.
Ендеше бүгінгі сайыскерлеріміз
берілген тапсырмалардан мүдірмей өтіп, жасаған бұйымдарын,салған
суреттерін сөзбен емес, жасаған еңбегімен жеткізе білсе, онда олар
өз мектебінің өнерлі оқушысы
Олай
болса бүгінгі сайыс
мақсаты:
Оқушының жан-жақты дамуына, ,
бейнелеу өнері,еңбекке баулу сабақтары арқылы, ұлттық сана
–сезімін, салт –дәстүр, қолөнер, бейнелеу негізінде санасына
сіңіру, білімдерін тереңдету,
ойлауға ептілікке, іскерлікке
баулу.
Сайысымыздың
турлары
І.
Мозайка (
әрбір оқушыға суретші
шығармаларынан бір туындының қимасы беріледі, оқушы соны құрап
кімнің, қандай не жұмыс екенін
айтады)
ІІ. Өнер
сайысы (Ақын шығармашылығынан
табиғатты суреттейтін бір өлең ұсынылады сол бойынша оқушылар сурет
салып береді)
ІІІ. Кестелеңген оюлар
(түрлі түсті қағаздардан ою
ойып текемет композициясын құрайды)
ІV. Оригами
өнері ( берілген қағаздардан
бұйымдар жасап көрсетеді)
V. Сан сұраққа
саяхат ( бейнелеу, еңбек пәндері
бойнша сұрақтар беріледі)
Қорытынды: жасалған бұйымдар мен
суреттерден көрме жасалады
1. Бейнелеу өнері дегеніміз не?
(Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу
арқылы суреттейтін өнер
түрі)
2. Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма.
(Пейзаж)
3. Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2
- ге, жылы және
суық)
4. Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан,
өзегі графиттен жасалған сурет салу
құралы)
5. Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не
дейміз? (көкжиек сызығы)
6. Бейнелеу өнерінің түрлерін
ата. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, қолданбалы сәндік
өнер)
7. Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет)
8. Суға тез еритін бояу. (Акварель)
9. Қалам, тушьпен салынған өнер не
деп
аталады? (графика)
10. Натюрморт деген не? (Жансыз заттар бейнеленген
көркем шығарма)
11.Көркем шығарманы құру,
бейнені жазықтықта орналастыру әдісі?
(Композиция)
12. Бейнелеу өнерінің бір
түрі, түстермен шығарылатын көркем шығарма?
(Живопись
13. Аппликация қандай
өнер?(жапсыру, құрастыру)
14. Өз бейнесін (портретін)
бейнелейтін суретті қандай жанрға
жатады?(автопортрет)
15.Технология сөзі қай тілден алынған?
(грек)
16.Ою-өрнек нешеге бөлінеді
және қандай?(4-ке ғарыштық,жануар тектес,геометриялық және
өсімдіктектес)
17.. Уақытша тігіс
түрі.(көктеу)
18 Қару – жарақ жасайтын адам?
Ұста
19 Сәндік дәстүрлі кәсіби өнер? Қолөнер
20 Кеңістікте сомдалған көркем шығарма?
Мүсін