400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс шаралар

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тазалық-денсаулық кепілі

Денсаулық – адамның баға жетпес басты байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауда деп ойлаймын. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Мені ата-анам жеке бас тазалығының ережелерін сақтауға кішкентай кезімнен баулыды. Күнделікті бір уақытта тұрып, шынықтыру жаттығуын жасаймын.Таңертең және ұйықтар алдында тісімді тазалап, беті-қолымды, мойным мен құлағымды жуып, бөлмемді желдетіп аламын. Тамақ ішердің алдында, мектептен келгенде, ойыннан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолымды сабынмен жуып отырамын. Анам мұрнымның әрқашан таза болуына аса көңіл бөлуді талап етеді. Мектепке киетін киімім мен үй киімімді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстырамын. Өз бөлмемнің тазалығын қадағалап, шаңын жиі сүртіп отыруға тырысамын. Күнделікті ыстық сумен және сабынмен жуынып, теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартып отырамын. 

Еліміз көркейіп, өсіп-өну үшін жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сондықтан, кішкентай кезімізден бастап ата-анамыздан тазалық сақтауды үйреніп, өз денсаулығымызды көзіміздің қарашындай сақтағанымыз дұрыс деп ойлаймын.


Қайырғазы Санжар 4-сынып оқушысы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі