Сыныптан тыс спорттық-интеллектуалды сайыс сабағы "Жаратылыстану эстафетасы" 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс спорттық-интеллектуалды сайыс сабағы "Жаратылыстану эстафетасы" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәніне қызығушылығын, белсенділігін дамыту. Ұйымшылдыққа, достыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге ынталандыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

«№7 жалпы білім беретін мектеп»КММ

География пәні мұғалімі

Утепова Лаззат Сулаймановна

Сынып: 5

Тақырыбы: «Жаратылыстану эстафетасы» сыныптан тыс спорттық-интеллектуалды сайыс сабағы.

Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәніне қызығушылығын, белсенділігін дамыту. Ұйымшылдыққа, достыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге ынталандыру.

Сайыс кезеңдері:

І - кезең. Таныстыру (Топтың аты, ұраны)

ІІ- кезең. «Орамал, тақия»

ІІІ- кезең. «Сөйлемді аяқтау», «Адасқан әріптер»

IV- кезең. «Егіздер биатлоны»

V- кезең. «Коллаж құрастыру»


Әр кезеңде жеңген топқа – 3 ұпай, жеңілген топқа – 1 ұпай беріледі.


Сабақ барысында сақталу қажет ережелер:

  • Қарсылас топты сыйлау;

  • Егер жеңсеңіз сыпайы болу;

  • Егер жеңілсеңіз көңілді түсірмеу;

  • Сайыс ережелерін сақтау;


І- кезең. Таныстыру. Әр топ аты мен ұранын таныстырады. (Топтың аты, ұраны)


ІІ- кезең. «Орамал, тақия»

Топтарға қарсы бетте 2 орындықта орамал мен тақия тұрады. Топтарға белгі берілген соң, әр топ қыз мүшесі қаппен жүгіріп барып орамалда тағып отырады. Қайтадан орамалды шешіп орнына қояды. Жүгіріп кезегін топтың ұл мүшесіне береді. Ол қаппен жүгіріп барып тақияны киіп орындыққа отырған соң, оны қайтадан шешеді. Жүгіріп кезегін топ мүшелеріне береді. Уақыт бойынша бірінші келген топ жеңеді.


ІІІ- кезең. «Сөйлемді аяқтау», «Адасқан әріптер»

Бұл кезеңдегі тапсырмаларды оқушылар тосқауылдардан жүгіріп өту арқылы орындайды. Топтың әр 4 мүшесі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою сөйлемді толықтыру қажет. Қалған 2 топ мүшесі «Адасқан әріптер» тапсырмасын орындайды.
1-топ тапсырмасы:
1. Жер күн жүйесіндегі ,,,,,,, планета. ( 3)

2. Жердің серігі ,,,,, (ай)
3. Жердің ішкі құрылысы 1.жер қыртысы 2............3 ядро (мантия)

4.Табиғатта .... үш күйде кездеседі.(су)

о л Ш н п а – Шолпан

а р е ф с о м т а –атмосфера


2-топ тапсырмасы:

1. ........... латын тілінде –таралу,ыдырау,жайылу деген мағынаны білдіреді. (диффузия)

2. Күн жүйесінде күнге ең жақын орналасқан ғаламшар ,,,,,,,,,,,,,, (Меркурий)

3. Ұзындық өлшемі,,,,,,,,,, (метр)

4. Сүт ,,,,,,,,мен судың қоспасынан тұрады. (май)

р ы а т л ы с т а н а ж у-жаратылыстану

с е з н о т ф о и т - фотосинтез


Уақыт бойынша тез келген, әрі дұрыс орындаған топ жеңеді.


IV- кезең. «Егіздер биатлоны»

Әр топ мүшелері жұптасып, бір-біріне арқасын сүйеп жүгіреді. Қабырғада ілінген шарды жұбымен арқасына қойып жарады. Ішінен шыққан сұрақты оқып, қағазға жауабын жазып кетеді.

1-топ тапсырмасы:

  1. Белгілі бір жердегі тәулік ішіндегі болатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайы- (ауа-райы)

  2. Жердің тіршілік тараған қабаты- (биосфера)

  3. Жапырақ пен жеміс құрамындағы ерекше зат- (пигмент)


2-топ тапсырмасы:

  1. Белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы ауа  райының қайталанатын  құбылыс- (климат)

  2. Жердің су қабаты- (гидросфера)

  3. Өсімдікке жасыл түс береді-(хлорофил)

Уақыт бойынша тез келген, әрі дұрыс орындаған топ жеңеді.


V- кезең. «Коллаж құрастыру»

Бұл кезеңде топтарға «Дұрыс тамақтану» , «Зиянды әдеттер» тақырыбында коллаж құрастырып, қорғауы керек. Жасалу уақыты – 5 минут.

Коллажды әрлеуіне, қорғауына қарай ұпай беріледі.


Қорытындылау.

Сайыстың қорытындысын шығарып, жеңген топты анықтау, балаларды марапаттау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2024
618
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі