«Күз
мереке,береке»
Мақсаты:
Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы
жаңа білім беру.
Дамытушылық:
Дүниетанымдарын сөйлеу мәдениетін
дамыту.
Тәрбиелік:
Экологиялық, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Жапырақтар,маскілер,жемістер,көкеністер,
шарлар.
Тәрбиеші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және
қонақтар «Ертегілер» тобының сіздерге
дайындаған «Күз мереке, береке» атты
ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Тырна көкте
тыраулап,
Қош ,қош
айтты «кеттім»-деп
Шөптің басы
қыраулап
Күзде келді
«жеттім»-дей отыра ортамызға кішкентай
бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы
алайық.
- Балалар
далада жан-жақтарыңа
қарадыңдарма? Қызыл, сары жапырақтар,
ауа-райында өзгерістердіңболып жатқанын
байқадыңдарма?(Иә)
- Бұл сыйқырды
жасаған кім деп ойлайсыңдар?
-Иә, бұл
күздің келгені
Ал енді
күздің әдемі жапырақтарын ортаға
шақырайық .
Ақерке:
Кездескен соң күзіммен
Бұтағынан
үзілген
Ай
жапырақ сары алтын
Айналаның
бәрі алтын.
Фируза:
Шырқалған егер аяулы әні
Құстың
ерте оянғаны
Жапырақтардың сарғайганы
Сары
күздің таянғаны
Аяла:
Алтын сары,қызыл көк
Алуан-алуан
жапырақ
Күзгі бақта
күлімдеп
Көз тартады
жалтырап
Тәрбиеші:
Рахмет! Күз жапырақтары қандай әдемісіңдер.
-Балалар
тыңдаңдаршы мынау қандай әуен , кім келе
жатыр екен?
Алтын күз:
Алтын түске боялды,
Тау
мен қырда дала тұз
Келдім
міне ортаға
Менің
атым Алтын күз!
Тәрбиеші:
Қарашы күз келді, күз келді
Сары
алтын жауыпты іздері
Құс
біткен керуен түзеді
Көңілсіз
неліктен күз енді?
Алтын
күз неліктен көңілсізсің?
Алтын күз:
Балалар , менің бүкіл даланы алтын түске
бояйтын алтын қылқаламды жоғалтып
алдым, сондықтанда барлық дала көңілсіз.
Тәрбиеші:
Сен мұңайма бүгін мереке ғой, қылқаламың
табылар . Балалар Алтын күздің көңілін
көтеріп күз мезгіліне арнап тақпақтарымызды
айтып берейік.
Рабиға:
Қуандырып біздерді
Мерекелі
күз келді
Кел
жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз
Наргиз:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерді жинауға
Шақырады біздерді
Айша:
Күз де келді, күз келді
Күздерін жаз үзгелі
Күз де келді, күз келді
Көкте бұлттар жүз енді.
Ән:
«Алтын күз»
Жанболат:
Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды
Тырнасы тізілген
Ұнатамын күзді мен
Ақнұр:
Мен алмамын, алмамын
Таңдай жұпар бар дәмім
Зухра:
Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар
Басымды мен иемін.
Нұрболат:
Мен өрікпін, өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін
Баптап мені күткен соң
Талды бойлап өрікпін.
Сымбат:
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.
Тәрбиеші:
Балалар кім келе жатқан әндетіп? (Түлкі)
-Балалар!
Алтын күздің қылқаламын түлкі алыпты
ғой.
-Сәлем
түлкі, қолындағы Алтын күздің қылқаламы
ғой қайтар өзіне.
Түлкі:
Жоқ , неге қайтарамын менің қолыма түскен
нәрсе жоғалғанмен бірдей.
Тәрбиеші:
Бұл қаламды Алтын күз жоғалтып алып,
даланы алтын түске бояй алмай жүр.
Түлкі:
Қарай гөр өздерін, барлық жерді
әдемілемекші , ал менің үйімді кім
әдемілеп береді екен? Мен үйімді жөндеп
безендіріп аламын да ешкімді кіргізбеймін.
Тәрбиеші:
Тоқта түлкі біз сенің көңіліңді көтерсек
сен бізге қылқаламды қайтарасынба?
Түлкі
: Жарайды.
Азат:
Жаздай күткен бәріміз
Сары алтын күз ,сары күз
Алтын ұя бақшада
Би билейміз бәріміз!
Би:
«Жау-жаңбыр» 1. Зухра 2. Сымбат 3. Фируза
4. Ақнұр.
Түлкі
:Ой балалар қандай тамаша билейсіңдер.
Маған қатты ұнады. Мен қылқаламды Алтын
күзге қайтармас бұрын сендермен бір
ойын ойнағым келіп тұр. Ойнауға
дайынсыңдарма? Ойын : Себетке жемістермен,
көкеністерді жинау.
Ойынның
шартты: 2 топқа бөлінеді 4 баладан 8 бала
шығады ортаға 2 себетке 1 топ жемістерді
,2 –ші топ көкеністерді музыка біткенше
жинайды қай топ бірінші жинайды сол топ
жеңеді.
1:Алихан,
Амира, Оразгали, Айбота.
2:Ержигит,
Ақерке, Аяла, Наргиз
Тәрбиеші:
Ал енді Түлкімен достығымыз үшін бір
ән айтып берейік барлығымыз.
Ән:
«Бізде де, бар бау -бақша»
Түлкі:
Ой балалар сендерге рахмет көңілім
көтеріліп қалды қылқаламды Алтын күзге
қайтарып берейінде орманға кетейін сау
болыңдар балалар!
Айбота:
Кім білмейді шалқанды
Талайлар маған таңқалды
Бәріңе сый боламын
Тауып көр меннен дарханды
Орыс
халық ертегісі «Шалқан»
Ата
– Елжан
Әже-Рабиға
Немере-Амира
Күшік-Оразғали
Мысық-Алихан
Тышқан-Ержігіт
Алтын
күз: Берекелі бақ дәулет
Артта түссін тойланып
Сау болыңдар балалар
Келгенше жыл айналып.
Тәрбиеші:
Осымен біздің «Күз мереке, береке» атты
ертеңгілігіміз аяқталды . Келгендеріңізге
рахмет Сау болыңыздар.
«Күз
мереке , береке»
Тәрбиеші:
Г.Ш. Батталова.
2018-2019 0қу жылы