жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс "Тілім -трегім "
«Тілім тірегім-соғып тұрған жүрегім» (мәнерлеп оқу байқауы)
Мақсаты: Оқушылардың ана тілге деген құрметін,сүйіспеншілігін ояту.Тіл-
дерін дамыту,мәнерлі сөйлету,ойөрісін кеңейту.Туған жеріне құрмет көрсете білуге,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
интербелсенді
тақта,
тіл туралы аталарымыз айтып кеткен
маржан қанатты
сөздер,суреттер,гүлдер,шарлар.
Барысы.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар, ата-аналар,"Тілегім тірегім-соғып тұрған жүрегім"атты мәнерлеп оқу байқауына қош келдіңіздер!
Бүгін біздің осылай мерекелі кешке жиналып отырғанымыз-Алланың бізге берген ұлы бақытыныңарқасы.Тәуелсіздігімізді,еркіндігімізді баянды еткен басты қаруымыз-туған тіл.
2-жүргізуші: Тіл-халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін келбеті.Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен атамұраты.Біздің қасиетті мұрамыз-қазақ тілі.Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекетік тілі.
1-жүргізуші: Тіл-халықтың тұтастай кескін келбеті,болмысы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бір-ге еніп қалыптасады.Тіл байлығы-әрбір елдің мақтанышы.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев«Тіл тағдыры- өзін
Қазақстан азаматымын деп санайтын баршаның ортақ ісі»деп атап көрсеткендей.
Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны орындалсын.
2-жүргізуші: Кешіміз үш бөлімнен тұрады.
I бөлім:
"Тілім тірегім
соғып тұрған жүрегім".Оқушылар тілге деген құрметін
жүрекке ұялаған өлеңдерімен
жеткізеді.
1-оқушы:
Тілім менің ғасырлардан аманат,
Аманатқа адам болсын қанағат.
Ар намысқа келтірмейік жаман ат,
Қазақ болып туылдың ба,
Ендеше,
Өз еліңді өзгелерге бағалат.
2-оқушы:
Жүзімнің нәрлі,нәзік сабағындай,
Тіліңді мәпелей біл,ала қылмай.
Аямай арам шөбін отап жатыр,
Таза сақтап көзіңнің жанарындай.
3-оқушы:
Қуан
далам!Қуанатын күн бүгін,
Сертіп таста мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы Заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
4-оқушы:
Қуан
бабам!Қуанатын жөнің бар,
Деген едің тіл бар жерде өмір бар,
Халық жауы атандық-ау сол үшін,
Ғұмырыңды құрбан етіп жалынды ар.
5-оқушы:
Ана
тілің-арың бол,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
1-жүргізуші:
Ән: «Анашым»
6-оқушы:
Ана
тілі-асыл нәрі бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр,
Туған тілді жаттап өскен баламның.
2-жүргізуші:
Сүйемін
туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Ән: «Атамекен».
7-оқушы:
Ақиқатты
мойындайық қазір біз
Мәңгүрт бала жаздағанбыз бәріміз.
Тіл-тәрбие,ұлт мейірі емес пе,
Мәңгі бақи шырқалатын әніміз.
8-оқушы:
Өз
тілімдей тіл қайда еркін басар?
Тілім барда еркіме кім таласар.
Туған тілім күрмеліп әлсіресе,
Ыстық қаным суынып сиқым қашар.
9-оқушы:
Тілден
биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
1-жүргізуші:
Би: «Қара жорға»
Мұғалім:
Мерекеміздің
2 - бөлім
«Білгенге маржан» (Грамматикалық
сұрақтар).
Оқушыларға
әр түрлі сұрақтар қойылады.
1.
Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42
әріп)
2.
Неше дауысты дыбыс бар? (9)
3.
Жіңішке дауысты дыбыстарды ата. (е, і,
ө, ү)
4.
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (3)
5.
Жуан дауысты дыбыстарды ата. (а, о, ы, о,
у)
6.
Қазақ тілі сабағында біз қай тілде
сөйлесеміз?
7.
Жыл мезгілдерін ата.
8.
Бір жылда неше ай бар?
9.
Қазақша апта күндерін ата..
1-
жүргізуші: 3
– бөлім
«Кім
көп біледі?»
мақал
- мәтелдер сайысы.
Тіл
туралы мақал - мәтелдерді жатқа айту.
1.
Жылы сөз жан... (жібітер).
2.
Өнер алды... (қызыл тіл).
3.
Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас
жарады).
4....
(тіл) қылыштан өткір.
5.
Бас кеспек болса да,... (тіл) кеспек жоқ.
4
- кезең: «Ойлан, тап» («Қазақстандықтар»
сөзінен басқа сөздер құрау
керек)
2-жүргізуші:
Ана
тілі - асыл күні бабамның,
Қуатымсың
ақ сүтіндей анамның.
Сәби
шақтан бесігіме жыр тыңдап,
Туған
тілді жаттап өскен баламын.
«Оң
жол ізде өмірде көп ойланып,
Алдыңнан
атар таңың арайлап.
Азаматы
бар ел деп - бұл қазақтың,
Талай
жұрт құрметтесін қарай қалып».
Мұғалім:
«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға
дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата -
бабамызды, тарихымызды ұмыту»- деген,
Б. Момышұлы атамыз. Ана тілімізді
құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік
тілде көп оқып, бір - бірімізбен қазақша
сөйлесейік.
4-сыныптарына
өткізілген
«Тілім
тірегім-соғып тұрған жүрегім»
атты мәнерлеп оқу байқауының
анықтамасы
4-сыныптар
арасында «Тілім тірегім-соғып тұрған
жүрегім»
атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты:
Оқушылардың ана тілге деген құрметін,сүйіспеншілігін ояту.Тілде-
рін дамыту, мәнерлі сөйлету,ойөрісін кеңейту. Туған жеріне
құрмет көрсете білуге,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мәнерлеп
оқу байқауына арнайы сценарий бойынша
жоспар құрдым. Жоспарда сабақтың мақсаты,
ұйымдастыру кезеңдері, сценарийі
қамтылды.
Байқау
үш бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлім"Тілім тірегім
соғып тұрған жүрегім".
Оқушылар тілге деген құрметін жүрекке ұялаған өлеңдерімен
жеткізді.
Екінші
бөлім
«Білгенге
маржан» (Грамматикалық
сұрақтар).
Үшінші бөлім «Кім көп біледі?» мақал
- мәтелдер сайысы.
Байқауы аяқталған соң әділқазы алқалары
өз белсенділіктері мен ұшқыр ойлылықтарын
көрсеткен оқушыларды мадақтама
қағаздарымен марапаттады.
!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген