400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс "Үздік информатиктер" 5-6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәнінен жарыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Үздік информатиктер»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: сыныптан тыс
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:

Cабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде топтар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 5 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады.
Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Үздік информатиктер» сайыс сабағын тамашалауға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.
Сайысымызға 5,6, сыныптарынан құралған екі топ «Үздік информатиктер» сайысуға келіп отыр. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз жыл басынан өткен білімдерімен байланысты. Себебі, оқушының жарты жыл бойы алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз 5 оқушыдан құралған және оның ішінде бірі топ капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.
Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Әділ қазылар алқасының төрайымы мектебіміздің директоры:

Мүшелері:

  1. ________________________________________________

  2. ________________________________________________

  3. ________________________________________________


Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:
1 - бөлім «Таныстыру»
2 - бөлім «Шешімін тап»
3 - бөлім «Бәйге»
4 - бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
5 - бөлім «Кім епті, еркін ойлы?»
6 - бөлім « Мақал – сөз мәйегі»
7 - бөлім «Полиглот»
Әр бөлімнен кейін әділ - қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырады.
1 - бөлім - «Таныстыру». Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.
1 - топ «Компьютер»
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Девизі: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»
2 - топ «Ақпарат»
Сәлемдесу - игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Девизі: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды»
Мінекей 2 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.
( әділ - қазылар алқасы топтардың атауларын жазып алады).


2 - бөлімді «Шешімін тап!!!» бастайық. Топ капитандары ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа – 10 ұпай.
1 - топтың жұмбағы:
1) Батырманы басасың,
Қажетіңді ашасың.
(«Еnter» батырмасы)
2) Самолет А қаласынан Б қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минут ұшып өтті, ал қайтар жолда 80 - ақ минут ұшты. Бұл қалай?
2 - топтың жұмбағы:
1) Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(Принтер)
2) Дәрігер ауру адамға 4 дәрі беріп: «әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз», - деді. Дәрілерді ішіп бітіруге ауру адамның қанша сағат уақыты кетеді?
3 - топтың жұмбағы:
1) Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан
(Тасымалдаушы дискілер)
2) Математик кішкентай қалашыққа тоқтады да, шашын қырықтырмақшы болды. Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қырқылмаған. Математик қай шеберге барады?
Осымен 2 - бөлім аяқталды. Әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста қажет екен, - деп
3 – бөлімді бастайық «Бәйге» бұл бөлімде топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.
Жасыл конверт сұрақтары:
1. Баспа құрылғысы (принтер)
2. Компьютер теледидары (монитор)
3. Үлкен темір қорап (жүйелік блок)
4. Функционалдық пернелер (F1 - ден F12 - дейін)
5. Дыбыс естілетін қорап (колонка)
6. Файлдар жиыны (бума)
7. Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)
8. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)
9. Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне (Delete)
10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint)

11. Ең ұзын перне (пробел)

12. Информатика пәні қай сыныптан бастап оқытылады? (5 - сыныптан)

Қызыл конверт сұрақтары:
1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер жүйе немесе интерфейс)
2. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)
3. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)
4. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)
5. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)
6. 7. Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта)
8. Компьютердің маманы (программист)
9. Бүкіләлемдік желі (интернет)
10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)

11. Ақпарат енгізу құрылғысы (пернетақта)

12. . Көп батырмалы құрылғы (пернетақта)
Осымен 3 - бөлім аяқталды. Әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ тапсырма болса - деп
4 – бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Бұл сайыста әр топ өз топтарының бас әріпіне байланысты сөздер жазып шығады. 2 минутта 5 сөзден артық болу керек.
5 - бөлім. «Кім епті, еркін ойлы?». Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Әр дұрыс табылған сөзге – 1 ұпайдан.
І топқа: модем, веб - камера, тышқан, процессор, Enter
ІІ топқа: кактус, сканер, диск, компьютер, электрондық пошта
Осымен 5 - бөлім аяқталды. Әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Айналайын алға ұмтылған Дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар!
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.- деп
6 – бөлім:« Мақал – сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, «анықтама»- дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
Осымен 6 - бөлім аяқталды әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.- деп
7 – бөлім:«Полиглот» топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде 10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі.
1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?
/ ақпарат, информация, information/
2. Сақталған құжатты ашу командасы?
/Файл – ашу, файл - открыть, file - open/
3. Windows – дегеніміз не?
/ОЖ, операционная система, Operation system/
4. Қажет емес символды алып тастау пернесі -
(өшіру, удалить, delete)
5. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған.
(себет - корзина - basket)
6. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не?
(терезе - окно - windows)
7. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.
(кітапша - блокнот - notebook)
8. Биологияда паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер.
(бит - бит - bit)
9. Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, эйт)
10. ЭЕМ - нің дамуы неше буыннан тұрады? Бес, пять, фаив
Осымен 7 - бөлім аяқталды. Әділ - қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына,- деп
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.


Топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды.

Марапаттау рәсімі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
465
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі