400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс уақытта. Ш дыбысы мен әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Ш дыбысы мен әрпімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы,

Жамбыл ауданы

«А.Қарсақбаев орта мектебінің»

бастауыш сынып мұғалімі

Нартаева Айжан Ахметжановна


Пән: сауат ашу Мектеп: «Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі» КММ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:1.Тыңдалым және айтылым

2.Оқылым

3. Жазылым

Күні:23.10.2018

Сынып:1 «Г»

Қатысқандар саны Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Сыныптан тыс уақытта. Ш дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру 1.1.5.1 Түрлі тілдік жағдаяттарда этикет сөздерді қолдана білу

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы: Ш дыбысы мен әрпіне берілген үлгіні талапқа сай жазу,

Оқушылардың басым бөлігі: сөздерден сөйлем құрау, сұрақтарға жауап беру

Кейбір оқушылар: мәтінді сызба бойынша толықтыру, сөйлем құрау

Бағалау критерийлері

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • Ш дыбысы мен әрпіне байланысты үлгіні жазады

  • Ш дыбысының дауыссыз екенін біледі

  • Мәтінді сызбаға қарап толықтырады.

  • Сөйлем құрайды

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика-сөз сандарын санау

Тілдік құзыреттілік

Буын, әріп, дыбыс

Алдыңғы білім

Ш дыбысының баспа әрпі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі 1 минут

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!






Қызығушылықты ояту

«Гауһар тас иерархиясы». Тақтаға гауһар тастың суреті салынады. Шашыраған әріптердің ішінен өткен әріптерімізді тастың жоғары бөлігіне, өтпеген таныс емес әріптерді тастың төменгі бөлігіне орналастырады. Енді гауһар тас жарқырап тұру үшін жаңа әріпті қоржынымызға саламыз. Ол – ш дыбысы мен әрпі.


Тақта

Сабақтың ортасы



№1 Тыңдалым. 7 минут. Жеке жұмыс

Оқушылар мәтінді тыңдайды. «Кездейсоқ» үлгіде кез-келген бір оқушы таңдалады. «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы таңдалған оқушы мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап береді.

  • Мәтіннің мазмұны не туралы?

  • Мәтіннің негізгі кейіпкерлері кім?

  • Мәтіннің соңы немен аяқталды?

Бағалау критерийі

Дескриптор:

Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді тыңдайды

  • Мәтіннің кейіпкерлерін атайды

  • Оларға баға береді


Қалыптастырушы бағалау: ыстық орындыққа отырған оқушыға аудитория кері байланыс беріп, бағалайды

Ынталандырушы бағалау: «Сен бүгін сұрақтарға нақты әрі жылдам жауап қайтардың»


Оқулықпен жұмыс. 7 минут 2-тапсырма. Оқылым. Жеке жұмыс.

Оқушылар «Аялдамамен оқы» стратегиясы арқылы оқулықтағы қарамен жазылған сөздерді кезекпен буындап оқиды. Сөздердің мағынасын ашады.

ШАР ШАРА ШАРЛАР ШОРА ШАШУ ШОРТАН


Бағалау критерийі

Дескриптор:


Буындап оқу

  • Буындап оқиды;

  • Қатесіз оқиды;

  • Сөздердің мағынасын айтады;


Қалыптастырушы бағалау: жұлдызша смайлик беремін

Ынталандырушы бағалау: «Сен бүгін буындап оқуда қателеспедің»


2-тапсырма. 3 минут Жұппен жұмыс. Сызбаның және сөздердің көмегімен оқы.

Бағалау критерийі

Дескриптор:


Мәтінді оқиды

  • Сызбаның орнына сөз қойып айтады.

  • Мәтінді кезекпен оқиды


Қалыптастырушы бағалау: жұлдызша смайлик беремін

Ынталандырушы бағалау: «Сен бүгін буындап оқуда қателеспедің»


3-тапсырма.

Дәптермен жұмыс 7 минут.Жеке жұмыс

Дәптермен жұмыс жасайды. Үлгіні алдымен ауада жазып, қолдарын жаттықтырады, сосын жұмыс дәптеріне орындайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор:


Ш дыбысы мен әрпіне байланысты үлгіні жазу

- Жазу жолын, жол аралық кеңістікті, жолдың жоғары және төменгі сызығын сақтайды

- Әріп элементтерін талаптарға сай жазады.


Қалыптастырушы бағалау: «Түртіп алу» арқылы бағалау


Сергіту сәті 2 минут

«Юнга» ойыны

Оқулық

47 бет
















































Жұмыс дәптері


4-тапсырма. Шарларға қандай құттықтау сөздерін жазар едің?


Бағалау критерийі

Дескриптор:

Шарлардағы құттықтау сөздері

  • Шарларға құттықтау сөздерін айтады

  • Сөйлем құрайды


Қалыптастырушы бағалау:«Бағалау парағы»

Ынталандырушы бағалау:«Тапсырманы қателеспей орындай білгеніңе рахмет»

Таратпа ақ парақтар

Сабақтың соңы

7минут


Қорыту 2 минут

Бүгінгі сабақтан не үйрендік? Не білдік?

Қандай тапсырмадан қиналдың?

Кері байланыс 5 минут

Оқушылар «Жетістік шкаласы» арқылы өз-өздерін бағалайды.

Жетістік шкаласы



Саралау

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

1-тапсырма бойынша «Ыстық орындық» стратегиясы бір кезектен орындалмауы мүмкін. Сол кезде сұраққа жауап беруге қиналған оқушыма қолдау көрсетіп, жетекші сұрақтар қою арқылы тапсырманы орындатамын.

2-тапсырма бойынша оқушылар буындап оқып, тілдерін жаттықтырады

3-тапсырма бойынша көркем жазу дағдыларын дамытамын.

4-тапсырма бойынша ш дыбысына байланысты сөздерден құттықтау сөздерін айтып, дарынды оқушылар сөйлем құрайды

Орындалған әр тапсырмадан кейін оқушылардың жауабын жетістік критерийлеріне сүйене отырып, мақсатқа қаншалықты жеткенін саралап, «Бағалау парағына» смайликтер жапсырып отырамын.

Сонымен қатар оқушылардың ішкі уәжін, өзіне деген сенімділігін ояту үшін оларға жеке жұмыста ауызша мадақтау: «Ш дыбысы мен әрпіне берілген сөздерді дұрыс талдай білдің» Сұрақтарға белсене жауап бердің»

Сынып ішіндегі оқу-құралдарын қолданған кездегі қауіпсіздік ережесі.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Оқу ісінің орынбасары:____________



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қараша
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі