15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс"Әлеуметтік жоба"
Су - тіршілік негізі
«Әр мемлекеттің ең басты құндылығы – оның халқы. Сондықтан халық денсаулығы үнемі мемлекеттің бірінші кезекті қамқорлығында болуы тиіс. Дені сау ұлт қана ұлы қимылдар мен лайықты істерге қабілетті. Біздің мемлекеттің қауіпсізідігіне байланысты шын мәніндегі стратегиялық міндетті шешуде тұрғындарды сумен жабдықтау ерекше орын алады, себебі халық денсаулығы тұтынатын судың сапасына байланысты. Осыған байланысты тұрғындарды ауыз сумен сапалы қамтамасыз ету мәселелерін шешу барлығы үшін маңызды және алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі болып қалуда.»
Н.Назарбаев
Орталықтандырылған су құбыры және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлерде суды үнемдеу орындылығы дау тудырмайтын мәселе. Бұл жағдайда біз тек табиғи су қорын ғана емес, сондай-ақ өз қалтамыздан төленетін қаржыны да үнемдейміз. Дербес ұңғымамен жабдықталған қала сыртындағы коттедж иелері суды шығаруға жұмсалған электр қуаты үшін ғана төлейді, алайда олар да табиғи қорды үнемді пайдаланамын деген түсінікпен суды үнемдеулері тиіс.
Су- табиғатта ең кең тараған зат.Ол жердің барлық жерінде кездеседі.Ғарыш көгінен қарағанда Жер көгілдір болып көрінеді.Суды аялай білу керек, өйтекні ол- нағыз қазына байлығымыз, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.Ол жер бетінде кездесетін барлық тіршілік иелері үшін аса қажет.Онсыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес.Ғаламшарымыз әрқашан көгілдір болып қалуы үшін өзен-суларға,бұлақтар мен көлдерге қамқорлық керек.Бұған ормандар сенімді көмекшілер болып табылады.Олар міндетті түрде өзендер мен көлдердің жағасында өсу тиіс,өйткені ағаштар су туғандарын толықтыратын топырақ астындағы ылғалдылықты сақтайды және жинақтайды.Суды қорғау өмір мен денсаулықты,қоршаған ортаның әдемілігі мен байлығын қорғау деп бекер айтылмайды.Сутіршілік көзі болғандықтан, су туралы зерттеу жұмысын алдым. Менің ғылыми жобамның тақырыбы: « Су- тіршілік көзі» деп аталады.Тақырыпты зерттеу барысында алға қойған мақсатым- тақырыптың мазмұнын айқындап ашу, судың адам өмірі үшін маңызын , және суға байланысты ұғымдардың мағынасын айқара ашу.
Мен Қызылорда облысы Шиелі ауданында туып,өстім. Менің өлкем – сырлы да, сыйлы, қасиетті де киелі өлке – Шиелі. Шиелі – табиғаты сұлу, климаты керемет жер. Жерінің беті мен асты тұнған байлық. Топырағы егін егуге өте қолайлы. Еліміз егемендік алған жылдардан бері біздің өлке қарыштап, қарқынды даму үстінде. Өндіріс, ауыл шаруашылығы, шикізат өнеркәсібі жағынан Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосуда. Елімізде сымбаты мен көркі жағынан алдыңғы қатарлы аудандардың бірі әрі бірегейі.
Қызылорда аймағының табиғат жағдайын айта кететін болсақ, мысалы Арал теңізі. Арал теңізі біртіндеп және бір мезгілде жылдам таязданып барады. Теңіздің ең терең жері – 22 метр деп есептелінген. 1960 жылы бұл көрсеткіш 53 метр болатын. Ғалымдардың дәлелдері бойынша, бұл көрсеткіш 19 ғасырда одан да көп болған. Теңіздің таяздану себебі – адамдың қызметі және теңізге құятын негізгі су қоймаларындағы судың басқа қажеттіліктерге пайдалануында. Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Арал теңізі 2020-сыншы жылға қарай толық құрғап жойылады деген сәуегей пікірлер де айтылып келді. Бірақ, ештеңеге қарамастан теңіз бірте-бірте өзінің бұрынғы арнасына оралып, оған жан біте бастаған сияқты. Дүниежүзілік банктің Арал теңізін құтқару жобасы бойынша тобының жетекшісі Йооп Стоутиесдиктің (Joop Stoutjesdijk) айтуынша, Банк әлемдік мұхит суларымен байланысы жоқ теңізді қалпына келтірудің екінші сатысын қаржыландыра бастау керек деп есептейді.
Сондықтан осы Арал теңізіне өзіміздің қосар үлесіміз табиғатты аялап,таза суды орынсыз жұмсамай, суды үнемдеу керектігін сынып болып бізде өз үлесімізді үн парақшасымен хабарлама жасауды жөн санадық. Суды үнемдеу мақсатында көпшілік жиналған орталарда үндеу қағазын тараттық. Әрбір қазақ халқы осылай суды үнемдей білсе,табиғатқа көп көмегі тиері анық.
Суды үнемдеудің жолдары
Тұрмыста қолданылатын қарапайым үнемдеу әдістері арқылы судың қорғалуына көмектесуге болады.
Жер бетіндегі қолдануға болатын табиғи су көздері климат өзгерісі, құрғақшылық және ластық себебімен азайып барады. Тұрмыста қолданылатын су осы қауіп төніп тұрған су көздерінен қамдалады. Су үнемдеу үшін кейбір әдістер осы су көздерінің, әрі бюджеттің сақталуына көмектеседі.
Ас үйде жұмсалатын судың көбі ыдыстарға кетеді. Төрт адамдық бір отбасының бір күндік лас ыдыстары қолмен жуылғанда шамамен 100 литр су кетеді. Осыған керісінше ыдыс жуатын машиналар осы істі 12 литр сумен тындырады. Сондықтан ыдыс жууда ыдыс жуатын машина қолдануымыз керек. Машинаны да толығымен толтыруымыз керек. Көп лас емес ыдыстар үшін қысқа бағдарлама таңдау абзал.
Ыдысты қолмен жуған кезде ыдыс жууға арналған құралды аз қолданғанымыз жөн. Осылайша таза суға салғанда су аз кетеді. Жуылған табақтарды шүмектің астында жинағаннан кейін таза сумен шайған суды үнемдейді. Айырықша шаю үшін қолданылған суды біріктіріп, артынан монша мен әжетхананы тазалау үшін пайдалануға болады.
Жеміс пен көкөністі жуған кезде шүмектің астына ұстағаннан гөрі бір ыдысқа су толтырып жусаңыз, су үнемдейсіз. Осылайша ыдыста қалған суды гүл сулауда, балкон тазалауда да пайдалануға болады.
Тұрмыста қолданылатын қарапайым үнемдеу әдістері арқылы судың қорғалуына көмектесуге болады. Суды қорғау өмірді қорғау деген сөз.
Су жайлы
Біз ұшы-қиыры жоқ кең байтақ, қызықты да қыр-сыры мол әлемде өмір сүреміз.Айналаңа қарасаң, бізді көптеген заттар жатқанын көресің.Олардың кейбіреулері адам қолымен , ал кейбіреулері табиғи жолмен пайда болған.Табиғи жолмен су, ауа, жер, ағаштар мен жануарлар, аспан пайда болды. Ол жердегі ең көп тараған зат, өйткені су жер бетінің үштен екі бөлігін алып жатыр.
Сусыз тіршіліктің жоқтығына бәрімізге аян. Су барлық тіршілік көзінің қайнар бұлағы. Өзіміздің құндылық ағашымызды осы сумен көгеріп өседі. Ағаш сусыз күн көре алмайды. Оның бойын көтеріп көгертетін де, жемісін беретінде ол – Су. Су табиғатқа сүйіспеншілік нәрін себеді. Сол сүйіспеншілігімен табиғат ананы көгертіп өсіреді, адамзатқа өз пайдасын тигізеді. Сүйіспеншілік бар жерде табиғат қашанда жайқалып, жайнап тұрады. Адам сүйіспеншілікті табиғаттан алады. Сүйіспеншілік болған жерде әрдайым дұрыс әрекет болады. Табиғаттың сұлулығын көргенде, адамзатқа көз тоймас шабыт береді. Шабыт өмірге деген құштарлығын арттырады. Дұрыс әрекет бар жерде, адамда ішкі тыныштық орнайды. Ішкі тыныштық адам жанының рахаты . Адамзат мейірленіп,бір-біріне қиянат жасамайды.
Бізде сол табиғат тіршілігіне қиянат жасамай өз үлесімізді қосуымыз қажет.
Көкшетау таулары үстіндегі аспан көппеңбек нұрлы, ауасы тұнық мөлдір болғандықтанда «Көкшетау» деп аталады. Осы таулардың арасында ертеректе бір бай әрі би қоныстанған екен. Ол бай бимен бірге бір еркінде т тәкаппар ақ бас бура мекен еткен. Ол бураның әсемдік түрі,биік тұрпаты,қалың жұнның ақтығы көрген адамды қызықтырмай қоймайды. Талайлардың қолына түсіп үлегріпте шыққан Бура сытылып қащып құтылып кете беретін болған. Бура жалғыз жүріп жалғыз тұрып ешкімге басын имей үйреніп кетеді. Ол суды тек тазалығымен мөлдірлігі үшін Күміскөл атап кеткен бір ғана көлден ішеді. Күн сайын келіп, тал түсте су ішуге келіп, келетін соқпағыда біреу болатын. Бура қасиетті еді. Жау қосындарының жақындағанын күні бұрын сезіп, боздаған жылаған даусымен халыққа төнген қауіп жайлы хабар беретін. Бура ханның ауру сырқатын ерте біліп, ерекше тынышсызданып,күңірене боздап, беймаза болатын. Үрейлі күндердің алдында ақ Бура толассыз , тоқтаусыз ақыратын . ақырғанын естігендер, төңіректегі адамдармен далалардың халқы асығыс жиналып , жау жапқыншылығын қайтару үшін жасақтар құрып
Солтүстік
бөлігі Қазақстанға, оңтүстігі Өзбекстанға
қарайтын Арал теңізі - өткен 40 жылдың
ішінде өзінің бастапқы көлемінен 4 есеге
дерлік тартылды. Әйтсе де осы күні, деп
мәлімдейді теңіздің қазіргі ахуалын
өз көзімен көру үшін Орта Азияда сапарда
жүрген Стоутиесдик, Аралға бірте-бірте
тіршілік орала бастаған.
Й.СТОУТИЕСДИК:
“Егер ертең Сіз теңізге барып,
балықшылармен сөйлесе қалсаңыз, олар
Сізге осыдан 2-3 жыл бұрынғы су әлі аз
болған, айнала шөл-шөлейтке айналған
және халықтың денсаулығы сыр бере
бастаған кездегі түрлі оқиғаны айтып
береді”.
Арал
теңізі – кезінде құрлықтың ішінде
орналасқан бүкіл дүние жүзіндегі
төртінші ең ірі су қоймасы болатын.
1960-ыншы жылдары Совет Одағының орталық
басшылығы мақта егістіктерін суару
үшін Аралға құятын ең басты 2 өзен -
Сырдария мен Амудариянының суын бұрып
жіберді. Соның нәтижесінде Өзбекстан
әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне
айналды. Алайда ауыл-шаруашылығының
мұндай жетістігі тым қымбатқа түсті –
Арал теңізі тартыла бастады, жергілікті
балық шаруашылығы түгел құрдымға кетті,
Арал өңірінің ауа райы күрт өзгере
бастады. Ауаға химиялық заттар мен теңіз
түбіндегі кепкен тұздың шаңы жайылды,
теңіздің тоқтамай тартылуы салдарынан
жергілікті халық ауыр халге түсті.
Жергілікті халықтың арасында ісік
ауруы, қанның аздығы, аллергия және т.б.
дерттер кең жайылып, өмірдің орташа
ұзақтығы 64-тен 51-ге дейін құлдырады.
Арал теңізінің тартылуы – 20-сыншы
ғасырдағы адамның қолымен жасалған
теңдессіз апат болып қалды. Аралдың суы
бұрын-соңды болмаған деңгейіне дейін
тартылып, теңіз “Солтүстік Арал” және
“Оңтүстік Арал” болып екіге қақ
бөлінді.
Өткен
15 жылда аймақтық және экологиялық
іс-шаралар, негізінен, теңіздің одан
әрі тартылуын тоқтатуға бағытталды.
Орта Азиядағы 5 мемлекеттің әрқайсысы
Аралды қалпына келтіру шараларына жыл
сайын ұлттық бюджеттерінің 1 пайызына
тең қаржы бөліп келді. Ең негізгі
демеушілердің қатарында Дүниежүзілік
банк пен Азияның даму және қайта құру
банкі болды.
Қалпына
келтіру жобасының құрамдас бөлігі
ретінде Аралдың Қазақстанға қарайтын
солтүстік бөлігінің суы деңігейін
көтеріп, арнасын кеңейту үшін 13 шақырымдық
бөгет салынды. Аралға құятын өзен суын
үнемдеу үшін Орта Азия елдері су
ресурстарын үнемді пайдалануға ниет
білдіре бастады. Қазақстан үкіметі мен
Дүниежүзілік банктің өкілдері Аралдың
Қазақстанға қарайтын солтүстік бөлігінің
қалпына келетін жақсы мүмкіндігі бар
деп санайды. Солардың бірі – Дүниежүзілік
банктің Алматы қаласындағы Орта Азия
аймақтық кеңсесінің халықаралық
байланыстары бойынша өкілі Елена
Карабан:
Е.КАРАБАН:
“Енді су - Арал теңізінің солтүстігіндегі
Арал портына әлдеқайда жақын келді.
Бұрын 100 шақырым қашықтықта болатын.
Енді міне, егер мен қателеспесем, су не
15, не 20 шақырымға дейін жақындады. Демек,
теңіз орала бастады”.
Бірақ,
қанша дегенмен де, теңіздің толық қалпына
келе қоюы екіталай. Өзбекстанға қарайтын
“Үлкен Арал” әрі қарай тартыла беретін
тәрізді, Аралды құтқару жұмыстары,
негізінен, оның Қазақстанға қарайтын
солтүстік бөлігінде жалғасу үстінде.
Арал
– Қазақстан мен Өзбекстанды бөліп тұрса
да, теңізді қалпына келтіру жобасының
нәтижелі болуы үшін Орта Азияның барлық
5 мемлекетінің де оған атсалысуы маңызды.
Орта Азиядағы су көздерінің басым бөлігі
Тәжікстан мен Қырғызстанда орналасқан.
Осы 2 елдің жерінен бастау алатын
өзендердің суымен Өзбекстан мен
Түркіменстанның және Қазақстанның
егістіктері суарылады және Аралға келіп
құяды. Сарапшылардың ортақ пікірінше,
су ресурстарын басқару мен аймақтық
ынтымақтастықтың “Арал жобасы” үшін
өмірлік маңызы зор. Алайда бір-бірін
қолдауға келгенде Орта Азия мемлекеттері,
көбіне, өзара ортақ тілге келе бермейді.
Өзбекстан, мысалға, табиғи газдың бағасы
бойынша өзінің көршілерімен көптен
бері дауласып келеді. Су
ресурстары да Өзбекстан мен Тәжікстанның
арасындағы жанжалға түрткі болды. Міне
соған қарамастан, дейді “Арал теңізі”
жобасының жетекшісі Стоутиесдик,
теңіздің тартылуы - барлығына да ортақ
проблема екенін 5 елдің түсінетін уақыты
келді.
Алайда,
Дүниежүзілік банк өкілінің мұндай
көзқарасын, мұндай сенімін жұрттың бәрі
қолдай бермейді. Мысалға, Қазақстандағы
экологиялық “Табиғат” қозғалысының
лидері Мэлс Елеусізовтің мәлімдеуінше,
Арал теңізін құтқаруға бөлінген қыруар
қаржы талан-таражға салынып, босқа кетіп
жатыр.
М.ЕЛЕУСІЗОВ:
“Әдетте ол қаржыны бөлісіп алып, жоғалып
кетеді. Жыл сайын, қанша жылдан бері сөз
болып келе жатса да, нақты ашқандай іс
атқарылған жоқ. Неше түрлі конференция,
симпозиумдар өткізіліп, барлық қаржы
талан-таражға түсіп, одан еш нәтиже
болмады”.
Ал осы кезде бүкіл тұрмыс-тіршілігі Аралдағы балық шаруашылығына байланған жұрттың “көпті көрген” теңізге тіршілік қайта оралады деп үміттенуден басқа амалы қалған жоқ.
«Ең өкініштісі және Арал теңізі трагедиясындағы ең сорақысы – су арықтарының жобасын жасаған кеңестік Су министрлігіндегі лауазымды тұлғалар өздерінің Аралды құрдымға кетіріп жатқандығын жақсы білген еді», – дейді Камалов. 1920 жылдан 1960 жылдар аралығында Су министрлігіндегі лауазымды тұлғалар Арал теңізін «пайдасыз буландырғыш», «табиғат қателігі» ретінде көрсетіп келген Ресейдің атақты климатологы Александр Воейковқа ұдайы сілтеме беріп келген болатын. Қысқасы, сол кездегі кеңестік данагөйлер дақылдар балықтан да көп пайда әкеледі деген шешімге келеді.
Мақта өсіру қазір де жалғасуда. Жыл сайын күзде 29 миллион өзбекстандықтың екі миллионға жуығы ұлттық мақта теру науқанына «өз еркімен» қатысып, үш миллион тоннадай мақта дақылын жинайды. Мемлекеттік қызметкерлер, мектеп оқушылары, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, тіптен, аға буын өкілдерінің өзі күнделікті жоспарды орындау үшін мақта алқаптарына әкелінеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген