400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс"Құндылықтар" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар қауымына
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Құндылық ағашы» ертегісі



Автор сөзі:

Ертеде жапан далада бір ағаш өмір сүріпті. Ағаш күннен күнге қуарып, өлуге айналады. -«Маған бір пенде болса ғой су беретін» деп армандайды. Әбден қажып, шаршаған ағаш өмірден күдерін үзеді. Бір күні оған «Сүйіспеншілік» келіп ағаштың тамырына су құяды. Сүйіспеншілік әбден қурап қалған ағашты көріп аяп, оған мейірлене, бойындағы бар сүйіспеншілігімен ағаштың тамырына мерейі қанғанша суды құя береді, құя береді. Ағаштың сусыны қанып, күннен күнге тіріліп, тамыры тереңге жайылып, бұтақтары көгере бастайды. Сүйіспеншілікке сусыны қанған ағаштың діңгегінен- ақиқат,бұтақтарынан- тыныштық, жапырақтарынан- дұрыс әрекет, жемісінен-қиянат жасамау деген достары пайда болыпты. Осы достары ағаштың бойына жайғасқан күннен бастап ағаш жайқалып өседі.

  • Сүйіспеншілік: «Мен табиғат атаулының барлығын жақсы көремін. Жан-тәніммен біреуге жақсылық жасағым келеді. Бойымдағы сүйіспеншілікті әрбір адамзаттың бойына орналастырсам деймін. Адамзат баласына да, табиғат тіршілігіне де аяушылық танытып, мейіріммен қарағанды жаным сүйеді. Менің бар арманым- адамдар бір-бірін өте жақсы көрсе екен деймін.»

  • Ақиқат: «Мен сүйіспешілік арқылы өзімді осы шынайы өмірде бар екенімді білдім. Сүйіспеншілік бар жерде ақиқатта бар. Өтірік, жалған айтқандарға жаным қас. «Өтірік өрге баспайды», «Өтірікшінің шын сөзі зая» дегенді естіп келесіңдер ешқашан өтірік сөз айтпайық. Ақиқаттың болуы- мәңгілік.

  • Тыныштық: «Жанымда екі адал достарым сүйіспеншілік пен ақиқат бар кезде менде тыныш өмір сүре аламын. Жаным тыныштықты қалайды. Мені ештеңе мазалай алмайды. Сондықтан да мен ешкімге жамандық ойлай алмаймын. Әрбір адамзат баласына тыныштық тілеймін»

  • Дұрыс әрекет: «Сүйіспеншілік, ақиқат, тыныштық болған жерде әрине дұрыс әрекет болатынына сенімдімін.Менде осы достарыммен біргемін. Жақсы ой ойласақ, барлық тіршілік атаулыға сүйіспеншілікпен мейірлене қарасақ, бір-бірімізге адалдық танытып, өтірік айтпай ақиқатпен өмір сүрсек мен де дұрыс әрекет жасаймын.»

  • Қиянат жасамау: «Сүйіспеншілігі мол жандарда ақиқаттың жүрері анық. Ақиқат,шындық болған жерде тыныштық орнайды. Тыныштық бар кезде дұрыс-әрекет жасауымыз міндетті.Осы достарым қасымда жүрген кезде маған ақылдарын айтып отырса, жақсы мен жаманды ажыратуға көмектессе мен неге қиянат жасауым керек. Менде осы достарымның айтқандарына қосыламын. Біздің жұбымыз мәңгі жазылмайды. Біз осы тобымызбен адамдардың жүректерінен орын алсақ дейміз»

  • Құндылық ағашы: «Менің жанымнан осы жанашыр достарым табылғалы бері бойым түзеліп, сабақтарым көгере бастады. Жүрегіңде сүйіспеншілік болған сәттен бастап мен айналамдағы табиғат тіршілік атаулының барлығын жақсы көре бастадым. Менің бойыма осы 5 құндылық жайғасқалы бері бар адамзатты жақсы көремін. Сондықтан мен сендердің «Өзін-өзі тану» пәні оқулықтарыңның төрінен орын алдым. Жүрегімізде сүйіспеншілік бар кезде бізде мейірімділік , жанашырлық , қайырымдылық , сабырлылық қасиеттері болады. Осы қасиеттерді жүрегімізге жақын тартып, бір-бірімізге қол ұшымызды беріп, көмектесіп жүрейік. Мен сендердің бұдан былай «Тілек ағаштарың» боламын. Сендердің қастарыңнан табыламын.»



Авторы: Мұхатова Бахытгүл































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.06.2019
1064
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі