Тақырыбы:
«Алтын
жүректі ана»
Мақсаты:«Бөбек»
балалар қайырымдылық қорының Президенті
Сара
Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы,
жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға
бастайтын қайырымдылық іс-шаралары,еліміздегі
адамгершілік-рухани білім беруінің
дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер
бетінде өмір сүрген барлық халықтардың
арманы - өзара түсіністік пен сыйластықты
сақтауы деген қағидасын түсіндіре
отырып, жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге,
ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы
адам атаулыға деген бауырмалдық,
сүйіспеншілік,махаббат,достық секілді
ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:С.А.Назарбаеваның
портреті, интерактивті тақта.
Барысы:
-Құрметті
оқушылар!
Біз
Қазақстан деген «үлкен отбасында» өмір
сүреміз . Барлық отбасындағы сияқты осы
үлкен мемлекетті басқаратын адам
ол-Президент. Отбасының тірегі ең алдымен
өз елінің гүлденуі, дамуын ойлайтын
адам. Бірақ, әр отбасына балалардың
қамын ойлайтын, жылылық беретін аялы
алақан иесісі де бар.Ол біздің аяулы
аналарымыз. Ал енді біздің «үлкен
отбасымыздың», яғни Қазақстанның анасы
– ол Сара Алпысқызы Назарбаева. Біз ол
кісіні Ел Анасы деп атаймыз. Бүгінгі
біздің сабағымыз Сара Алпысқызы
Назарбаеваның сан- салалы қайырымдылық
қызметіне арналмақшы.
1.Назарбаева
Сара Алпысқызының өмірбаянымен
таныстыру.5
сынып оқушысы Адилова Фатима.
-
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы
12 ақпанда Қарағаңды облысы, Бұқар жырау
ауданының Қызылжар ауылында дүниеге
келген. Білімі жоғары, мамандығы
инженер-экономист. Қоғам қайраткері.
Қазақстан Республикасының тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
зайыбы. Қарағанды металлургия комбинатанда,
«Қарағанды көмір» ӨБ-де жұмыс істеді.
1992 жылдан «Бөбек» балалар қайырымдылық
қорының президенті, негізін қалаушы.
Қор ауруы асқынған балаларды Қазақстан
мен шетел клиникаларында емдейтін
балалар мекемелері мен ұйымдарына
қамқорлық көрсетеді. Қазақстанның
бірінші ханымының бастамасымен елімізде
жетім балаларды қорғау туралы Заң
қабылданды. Осының нәтижесінде
республиканың барлық өңірінде жетім
балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар
қалашықтары құрылып, «Үміт» жасөскіндер
үйлері ашылуда. Республикамыздағы
колледждер мен жоғары оқу орындарында
және училищелерде білім алып жүрген
жетім балалардың жағдайларын да ерекше
назарда ұстап, «Бөбек» қоры арқылы
қайырымдылық көмек көрсетеді
2.Видеоролик
С.Назарбаева туралы
Бар
жақсылық бір өзіңнен табылар,
Ұстазға
тән қасиеті бәрі бар,
Сара
Алпысқызы бір өзіңе арналған
Шәкіртінің
жыр-пейілін қабыл ал –дегендей бастауыш
сынып оқушыларының өлең жолдарын қабыл
алыңыздар.
Бөбек
сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан,
Баспана
боп оларға, келе жатсың болып нан.
Сол
балалар үшін бәйек болып күндіз – түн.
Аяп
көрген, жоқсың сен келгеніңді қолыңнан.
:
Алда талай қиналу, алда талай толғаныс,
Жетсем
екен дейтұғын арман да асыл, жол да алыс.
Шешек
жару , гүл ату – Жер-Ананың төл ісі,
Жылағанды
жұбату – Ел –Анадан қалған іс.
Сара
Алпысқызының қалауымен«Бөбек – Cара
Алпысқызы қоғамдық қоры» 1992 жылы
құрылған.Қызметінің басты бағыттары :
ана мен баланы қорғау,нәрестелер мен
балаларға қолдау көрсету, балалар
денсаулығынсақтау ісіне жәрдемдесу.Осы
қор ашылған жылы
Қазақстанда«Қуаныш
пен Үміт үйі» аталатын тұңғыш халықаралық
телемарафонөткізді. Одан түскен қаржы
Алматы қаласында «Бөбек» балалар
емдеу-сауықтыру орталығын салуға
жұмсалды.
«Бөбектің
анасы атанған Сара Алпысқызы көптеген
игі істергеұйтқы болды. Көптеген
қайырымдылық шараларды ұйымдастырудабір
кісідей ат салысып келеді. Ерен еңбегі
әлемдік қауымдастықназарын аударып ,
1999 жылы «SOS- Киндердорф» халықаралық
қорының Алтын медалімен , 2002 жылы БҰҰ
балалар қорыныңескерткіш медалімен, І
дәрежелі Достық орденімен марапатталған.2006
жылы мамыр айында Мәскеу қаласында
адамзаттың ізгімұраттарына қызмет
атқарғаны үшін «Алтын жүрек»
халықаралықсыйлығы тапсырылды. Қазылар
алқасының шешімімен жетімбалалардың
мүдделеріне көп жылдар қалтқысыз қызмет
көрсеткені үшін «Бөбек» балалар
қайырымдылық қоры ПрезидентіС.А.Назарбаева
«Алтын жүрек» халықаралық сыйлығының
лауреаты болды.
Сара
Алпысқызы жалпы рухани-адамгершілік
құндылықтардықалыптастырудың, қайта
өрлеу «Өзін-өзі тану» бағдарламасыныңавторы
болып табылады. «Өзін-өзі танудың»
философиясына
ұланғайыр
үлес қосқаны үшін Шыңғыс Айтматов
атындағы «Алтын медальға ие болды.
-Сара
Алпысқызының еңбектері мен жетістіктері
туралы айта берсен өте көп.Барлық
балаларға қамқорлық көрсетіп ананың
рөлін алған,ендеше аналар құрметіне
«ана туралы жыр»әнін орындайық бәріміз.
Мұғалім:
-Құрметті
оқушылар,қонақтар! Бүгінгі кешімізді
Сара Алпысқызының айтқан ғибрат тілегімен
қорытындылаймыз:
(Тілек
слайд арқылы көрсетіліп тұрады)
«Қымбатты
балалар, мен – Анамын, Әжемін,шөбере
сүйдім. Мен еліміздегі барлық балаларды
өз баламдай жақсы көремін. Сендерді
үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды
деп сенемін. Ата-анаңа, айналаңдағы
адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай
біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда
сенімділік,өмір сүруге деген құштардық,жалын
пайда болады. Жүрегіңде өмірге,
ата-анаңа,ең жақын адамдарға деген
бауырмалдық,сүйіспеншілік бүр
жарып,махаббатқа,достыққа ұласады. Мен
сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».