400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптап тыс жұмыс "Сымбатты, сұлу, ғажап тым, Қыздары қандай қазақтың"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге, қыздар ұйымы жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Сымбатты, сұлу, ғажап тым,

Қыздары қандай қазақтың» қыздар сайысы
Мақсаты:
1. Қыздарымызды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

Сайыстың кезеңдері:
1. Таныстыру
(қатысушылар өздерінің топтарын таныстырады, топ аты, эмблема, бірдей киім үлгісі)
2. «Зерделінің ойы озық» 

(Салт-дәстүр бойынша сұрақтарға жауап беру)

3. «Сұлулық сыры»

(Лайфхак көрсету)
4. «Өнерлінің өрісі кең»
(Өз өнерлерін көрсету)
5. «Ас адамның арқауы»
(тағамның құрамымен видеоролик арқылы таныстыру)


Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар!

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық армандарымыз бен үміттерімізді тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек.

Білесіздер ме, 8- Наурыз неге аналар мейрамы болып белгіленгенін?

Әрине білемін 1908 жылы 8 наурызда өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған Нью-Йорк еңбекші аналар демонстрацияға шыққан. Міне, осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 жылы Копенгагенде өткен аналардың Екінші Халықаралық Конференциясында 8 наурызды әйелдер күн» деп белгілеген, оны жыл сайын атап өту туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі өткізіліп отырған сайысымыздың «Сымбатты, сұлу, ғажап тым, Қыздары қандай қазақтың?!» деп аталуы тегін емес. Қазақ қыздары әрқашанда сұлу, ибалы да инабатты қасиеттерімен ерекшеленуде. Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында, бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Сол себепті ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру – басты мақсатымыз. Олай болса бүгінгі сайыстан қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін жетілдіреді деген ойдамын.
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар,

Кім өнерлі, кім тапқырғ шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса нық сыналар – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. ______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
3. ______________________________________________________________
4. ______________________________________________________________



Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін

Бәсекеге түсетін қыздарымыз

Таныстырып өздерін өтер деймін

Таныстырсын өздерін,

Тамылжытып сөздерін – кезекті, аруларға берсем деймін.


І кезеңі «Мен қазақтың қызымын». Таныстыруға кезек берейік.

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

____________________________________________________________

ІІ кезең «Зерделінің ойы озық» кезеңіне де келіп жеттік.

Сұрақ жауап.

1.Енші деген не?

(Балалары ержетіп үй болғанда ата-анасы оған дүние-мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды.)

«Қыз жат жұртқа жаратылған» сөзінің мағынасы
Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған.

2.Сыбаға деген не?

(құрметті қонаққа не өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет мүшелерін сыбаға деп атайды)

«Қызым – үйде, қылығы – түзде» сөзінің мағынасы
Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.

3.Байғазы деген не? (балалардың, жастардың жаңа киім үшін мыс, көлік, диплом үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық)

« Шеше көрген тон пішер» сөзінің мағынасы
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.
Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.

4.Ерулік деген не?

(Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді)

«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» сөзінің мағынасы
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.
Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.



Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Арулар – аяулылар, ардақтылар
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар
Арулар – тіршілікке күре тамыр
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар,- деп ақиық Мұқағали ақын жырлағандай «Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен» аналардың құрметіне орындауындағы «­­­­________________» әнін қабыл алыңыздар



Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей

ІІІ кезең «Сұлулық сыры» (Лайф хак көрсету)

Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз





Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыздар сайсынан бәйге алуға
Қыздарымыз аянбай-ақ жан салыпты. – дей отыра

4 кезең «Өнерлінің өрісі кең» деп қыздарымыздың өнерін тамашалайық.

Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз.





Арусыңдар таудай биік талабың,

Қызысыңдар еркін өскен даланың,

Ал, қанеки мүдірмеңдер бұл сында,

Ас әзірлеу қыздар үшін қиын шаруа болыппа?!

5 кезең «Ас адамның арқауы» қыздарымыздың дайындап келген тағамдарына кезек берсек. (Видеоролик көрсету)



Ару қыздар, ай көрік, қылығы – күн,

Сезбейсіздер өздерің мұны бүгін.

Сезбейсіздер керемет қыз тағдырдың сұлулығын,

Кұн текті ұлылығын,

Бұл сендер құлпырған, құндыз бәрің,

Серпіп алға жалғайтын тіл тағдырын,

Ескеріңдер ертеңгі ел тағдырын...

Ф.Оңғарсынованың осынау нәзік жандарға арналған өлеңімен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

____________________________________________________________

(әділ-қазылар алқасы жалпы шешім шығарғанға дейін мектеп оқушыларының өнерлерін көрсетеді)


«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!













«Сары-Арқа жалпы білім беретін орта мектеп» КММ













«Сымбатты, сұлу, ғажап тым,

Қыздары қандай қазақтың»

қыздар сайысы







Ұйымдастырушы: «Қызғалдақ» қыздар ұйымы жетекшісі

Мукаева Айгерим Бахытқызы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қазан
660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі