400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Сыныптын тыс шара. Жүйріктен жүйрік озар

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдерге немесе оқушыларға көмегі болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жүйріктен жүйрік озар» интеллектуалдық сайыс

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтау.

  2. Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Ортада өзін ұстауға, сабырлылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
    Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, шарлар
    Түрі: жарыс сабақ
    Әдісі: сұрақ - жауап
    Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

1-жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті көрермендер, қонақтар,сайыскерлер! Бүгінгі сыныптан тыс сағатындағы топтар арасындағы «Жүйріктен жүйрік озар …» атты сайысқа қош келдіңіздер. Сайысқа 3 топ қатысады. 
Сайыс
3 кезеңнен тұрады.

І кезең. Жедел жауап
ІІ кезең. Полиглот
ІІІ кезең. Бәрін білгім келеді.


2-жүргізуші:

Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына - демекші, әділқазыларды таныстырып өтейік.

«Сәлем - сөздің анасы» демекші топтар өздерін таныстырып өтсін
1 – топ: «Достық» тобы
Ұраны: Достығымыз берік болсын,

Білім-өнер серік болсын
2 - топ: «Болашақ» тобы
Ұраны: Болашақтың ұл-қызымыз

Көркейтеміз елді біз
3 - топ: «Қыран» тобы
Ұраны: Білім алып берік алтын ұядан

Ертең әлі шарықтаймыз қиядан





1-жүргізуші:

Білімменен тәнті етеді тектілер,
Мұратына білім қалды жеткізер.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар -дей келе қатысушыларға сәттілік тілеймін.

2-жүргізуші:

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген-ақылшың

Қиындықтан өткізер – деп сайысымыздың «Жедел жауап» кезеңін бастаймыз.

Шарты: Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Топтан жауап бере алмаған жағдайда келесі топтың жауап беруге мүмкіндігі болады.

1-жүргізуші:

І-топ:

  1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)

  2. Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кім? (М.Маметова мен Ә.Молдағұлова)

  3. Білім күні (1 қыркүйек)

  4. Ұя салмайтын құс (көкек)

  5. Массаның өлшем бірліктері (г,кг,т,ц)

  6. Көру мүшесі не? (көз)

  7. Әнұранның сөзін кім жазған?( Ж.Нажмиденов, Н.Назарбаев)

  8. Заттың санын білдіретін сөз табы (Сан есім)

  9. Күз айларын ата (қыркүйек, қазан, қараша)

  10. Сөйлем неден құралады?(сөзден)

ІІ-топ:

  1. ҚР-ның тұңғыш президенті кім? (Н.Назарбаев)

  2. 9-мамыр қандай мереке (Отан қорғаушылар күні)

  3. 1 сағатта қанша секунд бар?

  4. Тұңғыш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім?(Ы.Алтынсарин)

  5. Заттың сынын білдіретін сөз табы (сын есім)

  6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)

  7. Орман дәрігері? ( тоқылдақ)

  8. Қазақтың бас ақыны (А.Құнанбаев)

  9. Мемлекеттік туда қандай құс бейнеленген? (Қыран)

  10. Түйенің сүті (Шұбат)

ІІІ-топ:

  1. Қ.Р. мемлекеттік тудың авторын ата. (Ш. Ниязбеков)

  2. Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

  3. Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)

  4. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? (Тең)

  5. Күйді орындаушы адам ( күйші ) 

  6. Бірде дауысты, бірде дауссыз дыбыс (У)

  7. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (тоқтар)

  8. Абайдың шын есімі кім? (Ибраһим)

  9. Жылқының сүті (Қымыз)

  10. Қандай сөздер бас әріптермен жазылады? (Адам, жер-су аттары)

2-жүргізуші:

ІІ кезең: «Полиглот»

Шарты: Әр топқа 5 жұмбақ жасырылады. Жұмбақтардың шешуін тауып, жауабын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айту. Толық жауап берсе 30 ұпайға ие болады. Әр тіл үшін 10 балмен есептелінеді.


І-топ:

1)Мұртын сипап күн бойы,
Бетін сусыз жуады.
Тырсылды аңдып күн бойы,
Тышқанды көп қуады. (мысық-кошка-cat)
2)Төңірегі тең көрініп,
Теген жатыр төңкеріліп,
Жас та сиған, кәрі сиған,
Астына оның бәрі сиған. (аспан-небо-sky)
3)Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса, аттама. (кітап-книга-book)
4) Әрі қызыл, әрі тәтті,
Жеген жанды таңырқатты. (алма – яблоко-apple)

5) Жазда қыдырады,

қыста тынығады. ( аю- медведь-bear)


1-жүргізуші:

ІІ-топ:

1)Қыста ғана болады,

ұстасаң қолың тоңады. ( қар – снег-snow )

2)Үй ішін аралап,

түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады. ( тышқан – мышь-mouse)

3)  жұпар иісі еседі,

жайнап бақта өседі.( гүл – цветок-flower)

4) Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (Мектеп-школа-shcool)

5) Жіп-жіңішке денесі,

Ортасында шегесі. (қарындаш-карандаш-pencil)

2-жүргізуші:

ІІІ-топ:

1)жерге тырс- тырс тамады.

Сайға қарай ағады. ( жаңбыр-дождь-rain)

2) Білімнің жол басшысы,

Шәкірттің қолбасшысы (Мұғалім-учитель-teacher)

3) Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі-лиса-fox)

4) Қолы бар,

Саусағы жоқ.

Мойны бар,

Басы жоқ. (көйлек-платья-dress)

5) Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады. (Есік-дверь-door)



1-жүргізуші:

ІІІ-кезең

«Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз»-демекші осы турда сайыскерлеріміздің білімін, таным қабілетінің жан-жақтылығын сынайтын көз жетті.

Шарты: Экраннан әр бөлім бойынша 10-40 дейінгі ұяшықтар беріледі.

«Өнер»

10-ұяшық. Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй- өлең жолдарының авторы кім?

Ж/бы: Абай Құнанбаев

20-ұяшық.Атқа міну үшін және шаруашылықта пайдалану үшін қолданылатын құрал-жабдық түрлері.

Ж/бы: Атәбзелдері

30-ұяшық. Қазақ би өнерін дамытуға үлкен үлес қосып, 16 жасында «биші қыз» атанды.

Ж/бы: Шара Жиенқұлова

40-ұяшық.

Өз заманында «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атанған би кім?

Ж/бы: Төле би



«Атақты тұлғалар»

10-ұяшық: Болымсыз етістік жұрнақтарын атаңыз

Ж/бы: -ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе.

20-ұяшық: «Үрмет» сөзінің мағынасын ашыңыз

Ж/бы: Атақ,даңқ,құрмет

30-ұяшық: Ғафу Қайырбековтың «Дала қоңырауы» атты поэмасында кімнің бейнесі сипатталған?

Ж/бы: Ы.Алтынсарин

40-ұяшық: «Жеті жарғы» жинағы қай ханның тұсында құрастырылды?

Ж/бы: Тәуке хан тұсында


«Су – тіршілік көзі»

10-ұяшық: Суының емдік қасиеті бар көл

Ж/бы: Алакөл

20-ұяшық: «…Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе»-деген жолаушының ақылы қай мәтіннен үзінді алынған?

Ж/бы: Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ»

30-ұяшық: Бейнесұрақ

Көлеңке театрын ежелгі адамдар ойлап тапқан. Олар аңнан қайтып, от басына жиналғанда өз қимылдарынан түрлі бейнелерді байқаған. Сұрақ: Көлеңке театры қай елде танымал болған.

Ж/бы:Қытай мен Үндістанда

40-ұяшық:

Абай туралы; «…Қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты»-деп жазған кім?

Ж/бы: М.Әуезов


Қорытынды:


1-жүргізуші:

Біреу озса жарыста

Біреу артта қалады

Ренжімей тараса

Озбағандар жарады

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды

Демеңіздер өнерлерді аяп қалды

Әділқазы сіздерге сөз береміз

Жеңімпаздар кім болып сарапталды


2-жүргізуші:

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздерменен кездесеміз біздер әлі

Әділ қазы, көрермен сау тұрыңыз

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
618
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі