400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шыныққан,әрі шымыр боламыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобы пән мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары.Денсаулық білім беру саласы бойынша.Тақырыбы:Шыныққан,әрі шымыр боламыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық

Дене шынықтыру

Уақыты:04.03.2019 жыл

Мейрембекова Ә

Тақырыбы

Шыныққан, әрі шымыр боламыз

ҰОҚ оқытылу мақсаты:

Заттармен және заттарсыз жалпы дамытушы жаттығуларды орындау.

Жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды алмастыру, қарапайым дене жаттығуларымен алмастыру.

Гимнастикалық орындық пен еңіс тақтайдың бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау. Секірудің әртүрлі түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып өзгермелі жағдайларда секірулер.Допты домалату, лақтыру және қағып алу, допты жерге оң қолмен және сол қолмен ұру, екі қолымен басынан асыра лақтыру және бір қолмен кедергіден лақтыру.

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар орындай алады:

Қозғалыс кезінде бірден, екіден қайта сап құру.

Жұптасып сапқа, қатарға тұру, шеңбер құру.

Жүгіру – аяқты артқа қарай қатты бүге отырып тізені жоғары көтеру.

Балалардың көпшілігі орындай алады:

Жіп арқылы бір-біріне бастан асырып доп лақтыру.

Баланың қолын созғандағыдан 25 см биікке ілінген затқа (таспаға) жүгіріп келіп жоғары секіріп қол тигізу. Жүгіріп келіп секіру кезінде қолды сермеу қимылы мен аяқты серпу күшін үйлестіру. Түрлі қозғалыс тәсілдерін пайдалана отырып тепе-теңдік сақтауға арналған жаттығулар орындау.

Кейбір балалар орындай алады:

Допты лақтыру күшін шамалап, әріптесінің қолына дәл лақтыру.Жүгіріп келіп секіру кезінде қолды сермеу қимылы мен аяқты серпу күшін үйлестіру. Гимнастикалық орындықпен жүру, әрбір қадам сайын тіктеп жоғары көтерілген аяқтың астынан шапалақтау.

Тілдік мақсат

Балалар спорт түрлері туралы білімін жалпылайды, жаттығу түріндегі тапсырмаларды орындау арқылы дене, объект және кеңістікті бақылау дағдысын көрсетеді; ағылшын тілінде спорт түрлерін атайды.

Пәндік лексика және терминология:

Жаттығу, жүру, екіден, бірден сап құру, кеудеден қабылдау, жүгіріп келіп секіру, ағылшын тілінде спорт түрлері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Спорттың қай түрін көбірек ұнатасыңдар? Баскетболда секіру қандай мақсатта орындалады? Спорттың қай түрімен айналысуды қалайсың? Спортта жақсы нәтиже көрсетуге қандай пайдалы әдеттер көмектеседі?

Неге екенін айта аласыңдар ма?

Спорттың алуан түріндегі жаттығуларда не ортақ екенін айта аласыңдар ма?

Спортшыларға жаттығу не үшін қажет екенін айта аласыңдар ма?

Жоспары

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-5 минут

II. Өмірлік тəжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

Балалар спорт түрлерін элементтеріне қарап табады, өздерін спортшы ретінде елестету ұсынылады.

«Жеңіл атлетика»

Аяқ ұшымен жүру, жүгіру – тізені жоғары көтере отырып аяқты артқа қарай тізеден қатты бүгу.

Әрбір қозғалыс түріне сәйкес қол қимылдарын жасауға назар аударылады.

Тыныс алу жаттығулары

«Біз спортпен айналысып, тез өсеміз»: аяқтың ұшына көтеріліп, қолды жоғары көтеріп, демді ішке тарту.

«Күн сайын биік боламыз»: қолды төмен түсіріп, табанмен толық тұру – демді сыртқа шығару.

Кең, бос кеңістік.






Құрсаулар, көгөністер,

бала санына қарай

шелек.

Сабақтың ортасы

Негізгі бөлім

6-18 минут

Ептілікті дамытуға арналған жалпы дамыту жаттығуы.

Гимнастикалық орындықпен жүру, әрбір қадам сайын тіктеп жоғары көтерілген аяқтың астынан шапалақтау.

Нұсқау – тепе-теңдік сақтау, денені тік ұстау; орындықтан түскенде алдымен аяқтың ұшымен түсу, содан кейін бүкіл табанмен тұру. Биік нәрсе үстінде жаттығу орындаған кездегі қауіпсіздік техникасы туралы ескертіледі, қажет жағдайда сақтық шаралары қабылданады.

«Баскетбол»

Баланың жоғары көтерілген қолынан 30 см биіктікке ілінген затқа (таспа) жүгіріп келіп секіріп қол тигізу.

Нұсқау – қолды сермеу қимылы мен аяқты серпу күшін үйлестіру. Көрсету кезінде тым алыстан емес және таспаға жүгіріп келмей, аяқты тиісті жерде серпуге назар аударылады.

Қауіпсіздік техникасы: таспаға тек қолұшын тигізу, іс-әрекетті саптан бір баладан ғана орындау.

«Волейбол»

Бір-біріне екі қолмен кеуде тұсынан керілген жіп (тор)

арқылы доп лақтыру.Допты лақтыру күшін саралап, әріптесінің қолына туралап доп лақтыруға назар аударады. Нұсқау – екі шынтақты қыса ұстап алға-жоғары-төмен бағыт бойынша доп лақтыру.

«Бір-біріңе жылу сыйла»

Балалар жұптасып бір-біріне қарап тұрады. Біреуі алақанын тосып, екіншісі өз алақанын оның алақанына қояды.

«Балалар, алақандарыңа жылу бару үшін бір-біріңнің көздеріңе қараңдар. Қолдарыңдағы жылуды сезіндіңдер ме? Енді алақандарың тағы жылына түсуі үшін әрқайсысың кезекпен өз жұптарыңа жақсы сөздер айтыңдар».

Гимнастикалық орындықтар





Топтың жартысына

жететін доп.





Доп салатын

себеттер


IV. Сабақ

қорытындысы

Рефлексия.

Тыныс алу жаттығуы. «О-у-м» дыбыстары.

Осы ретпен дыбыстарды айту бас миының барлық бөлігіне оң әсер етеді. Бастапқы қалып – еркін түрде.

– Терең демалып, ауаны сыртқа шығарған кезде дыбыстарды келесі ретпен «О-о-у-у, м-м-м-м… » деп созып, қатты дауыстап айтамыз. Оларды барынша созып айтамыз.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 маусым
1441
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі