400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шынықсаң шымыр боласың

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Шынықсаң шымыр боласың

Мұғалімнің аты-жөні: Конысбаева С

Күні: 20.12.2020

СЫНЫП: 5


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.2.2.1 -лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;

5.4.4.1 - жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, география

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, диалог

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

40 минут

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.


Топқа бөлінеді

Мағынаны тану







Жинақтау

1-тапсырма.

1-мәтін

Менің атым – Еркін. Мен бос уақытымда спортпен айналысамын. Әр адам спортпен айналысуы керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Менің отбасымда анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Күнде таңертең ерте тұрып, түрлі жаттығулар жасаймын. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Соның барысында мектепте түрлі спорттық үйірмелер жұмыс атқарады. Атап айтсам, бокс, волейбол, баскетбол, футбол, сонымен қатар шахмат, ұлттық ойын түрлері тоғызқұмалақ үйірмесі ұдайы жүргізіледі.

Ұлы ойшыл Сократ: «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақыттты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» -деп айтқандай, адам бақытты болуы үшін оған денсаулық керек. Ал, денсаулықтың кепілі салауаттылық. Дені сау, жан-жақты дамыған, жаны сұлу адам ғана мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Салауатты өмір салтын ұстанайық , достар!


2-мәтін

Белгілі боксшы Жарас Төлегенов дене тәрбиесі пәнінен сабақ берген жылдары Жамбыл атындағы орта мектеп аудандық, облыстық жарыстардың алдыңғы қатарына шыға бастады. Балалардың көбі боксшы, футболшы, гимнастшы, волейболшы болып кетіп еді. Сүмбідей тіп-тік, суреттей сұлу Жарас Төлегеновтің абырой-беделі артқаны сонша - балалар соның аузына қарайтын.

Мектеп директоры Рақым Дәуітов жан-жақты ауылдардан келіп, волейбол ойнайтын жігіттердің өнерін тамашалау үшін бір топ мұғалімді бастап келіп отыратын. Бүгінде белгілі қоғам қайраткері Нұртай Әбіқаев допты қиғаштап кеп ұрған сайын қиқулап үн қосып көтермелейтін. Ол аудан орталығындағы волейбол жарыстарында ауылдың намысын қорғайтын. Сонда Рақым ағамыз қасындағы мұғалімнен: "Осы баланың сабақ үлгерімі қалай екен?" - деп сұрайтын. "Жақсы оқиды деседі ғой" деген жауапты ести сала: "Әп, бәсе, доп соққанның әдісін жақсы білетін бала жаман оқымауға тиіс", - деп сүйсіне үн қататын.


Тақырыбы

1-мәтін

2-мәтін

Тілдік ерекшеліктері

1-мәтін

2-мәтін

Синоним

Теңеу

Қос сөз

Қыстырма сөз

Қаратпа сөз

Синоним


Жазылым.

Бағалау


2-тапсырма. Кестені үлгіге сәйкес толтырып жазыңдар.

Дәптерге орындайды.


Барлығы дұрыс 4 ұпай

  1. қате 3 ұпай

  2. қате 2 ұпай

3 қате 1 ұпай



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
881
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі