Шынықсын денеміз ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шынықсын денеміз ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға денсаулығын күтуге, жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сүгір Бегендікұлы атындағы №4 орта мектеп






Ашық сабақ

Shape1












Алтыбаева Айбала Балатөреқызы.

Тақырыбы: Шынықсын денеміз!!!

Мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру; Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап,өз денсаулығын күте білуге, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу; Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып,болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі:Оқулық,дәптер,қалам,тақта,суреттер,Венн көрсетуі

Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың оқу құралдарының реттілігін тексеру,назарын сабаққа аудару,түгендеу.
Балалар бүгінгі сабақ күндегі сабақтан өзгеше,бізге қонақтар келіп отыр сондықтан білімдерімізді көрсетейік.
II.Үй жұмысын тексеру. «Тымақ пен құлақ» өлеңін мәнерлеп оқу
Суреттегі құлақтар иесін табу
Сұрақтарға жауап беру.
III.Жаңа сабақ.Балалар біз өткен сабақта денсаулығымызды сақтайтын киім түрлерін айттық.Енді спорт түрлері арқылы денсаулығымызды қалай сақтауға болатындығын білейік.
Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.

Суық қардан онша қорқа қоймасаң, Шынығасың таза ауада ойнасаң. Осы кезде спортпен шұғылданып, Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» - деген нақыл сөз бар, айтқанымыздай, дені сау, құрыш білікті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып, өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңызды күтіңіздер!





Мына суреттерге назар аударайық.

ІY.Оқулықпен жұмыс. 1.Оқу.
2.Түсіндіру.
3.Тізбектей оқу.
4.Іштей оқу.
V.Сергіту жаттығуы: Жаттығулар жасау. VІ.Сарамандық жұмыс.Өлең соңындағы тапсырмаларды орындау. VІІ.Сабақты қорыту.Венн диаграммасы. VІІІ.Үй жұмысы.Мәнерлеп оқу,сурет салу. ІХ.Бағалау.





БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ (1924–1991) 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. «Қазақәдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш.Аймановатындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген.
Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған. Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым -Қожа», «Балалықшаққасаяхат» , «Боз төбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар» секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдерінде аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым -Қожа» фильмі (Б.Соқпақбаевтыңсценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда биыл 90 жасқа толар еді.
«Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым -Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды. Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығарма- сында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген Б.Соқпақбаевтың әңгіме,повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады...

Shape2


Жазушы еңбектері тізімі:
Арам сорпа
Арбасу
Ағаларым
Бір табақ ұн, бір табақ арпа
Бір, екі, сол аяқ!
Балалық шаққа саяхат
Бел-белестер
Бөпке әжем және біз
Елеміс екеуміз
Жібек белбеу
Жаңа дос
Жол үстіндегі кездесу
Жылауық Тұрдыбек
Жылқыбайдың сұмдығы
Жұмабай
Жаза
"Здрәсти, нәшендік!”
Концерт
"Кеңсе анна ауылда”
"Киікбай!”,
Көне заттар музейі
Көпекбай және оның балалары
Майра
Менің кербез жеңгем
Мал-адамның бауыр еті
Махаббат хаты
Мектеп
Менің атым -Қожа
Меніңжауым-Жанбосын
Менің салақ жеңгем
Менің ғажап пималарым
Менің әкем
Менің өнерлі жеңгем
”Найза!”
Оқимын
Рамазан және мен
Сары атқа міндім, сазға түстім
Сарыбастау сапары
Сембай атам және біз
Сүмбе сапары
Табылған тәсіл
Тепең-тепең
Тоғыз ауыз
Үзік-үзік суреттер
Шайтан екен деп қалсам
Шешем жайлы
Қайран менің Әлиман жеңгем
Қапасқа қамалғаным
Қара шапан
Қостөбе "Застап”. Шекара
Қостөбеге қыс келді
Үйге келу
Әдемі өмір туралы аңыз
Өгей шеше
Өлем -ау өлем!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2018
1063
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі