400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шынықсың денеміз. Б.Соқпақбаев.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушыларға салауатты өмір салтының бір тармағы денені шынықтыру жайлы түсінік беру. 2.Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту. Өз ойларын жинақтап, жүйелеп қорыта білуге біліктіктерін жетілдіру. 3.Табиғат тамашасына сүйсіне білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: ана тілі Күні: 19.12.13ж

Сабақтың тақырыбы: Шынықсың денеміз. Б.Соқпақбаев.

Сабақтың мақсаты:

1.Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушыларға салауатты өмір салтының бір тармағы денені шынықтыру жайлы түсінік беру.
2.Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту. Өз ойларын жинақтап, жүйелеп қорыта білуге біліктіктерін жетілдіру.
3.Табиғат тамашасына сүйсіне білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілік: қысқы көрініс суреттері, тақырыпқа байланысты суреттер,слайд.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс:дене шынықтыру,дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Амандасып, назарларын сабаққа аудару.

- Психологиялық дайындық.

Біз бақытты баламыз,

Ойнап, күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып білім аламыз

(Есік қағылып қонаққа аяз ата келеді,өзінің адасып жүргендігін айтады.оқушыларға сабақтарында болып жақсы жауап берген балаларға сыйлығы бар екендігін айтады)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге не берілді?

-Өлеңді мәнерлеп рөлге бөліп оқыту,рөлге бөліп жатқа айтқызу, құлақ не үшін керек, құлақ гигенасы туралы айтып өту, тымақтың пайдасын анықтап , тәрбиелік жұмыс жүргізу.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

-Үйден салған « Қыс көрінісі» атты суреті бойынша әр оқушы өз суретін сипаттап әңгімелеп,шағын көрме ұйымдастыру.

хShape3 Shape1 Shape2 оккей шаңғы тебу аққала жасау

Shape6 Shape5 Shape4 Қысқы ойын түрлері

Мәнерлеп оқу коньки тебу шанамен ойын



Ой қозғау

Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы коньки тебеміз.

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсыз?

Жылдың қай мезгілін екенін айтқызу.

«Ой шақыру» стратегиясы

Shape11 Shape8 Shape10 Shape9 Shape7 Қыс қар жауады

Аяз мұз боран

Күн қысқа түн ұзақ болады

«Сезімнен шыққан өлең» стратегиясы

Қар жауады (жапалақтап)

(Балалар) жүр жүр шапалақтап.

Балалар( жылы киі ) киеді,

(Аяз) беттен сүйеді.

ІҮ. Жаңа сабақтың барысы.

Автромен таныстыру Б.Соқпақбаев 1924 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген.Балаларға арнап көптеген әңгімелер жазған. “Менің атым Қожа”,

“Жекпе-жек”, “Чемпион” деген кітап жазған.

-Балалар, мына жұмбақты шешсек , бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға көмектеседі.

1.Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым. ( шаңғы )

2. Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге. ( шана )





3.Табанға тақтым,

Жалпаң қақтым,

Зырлап бақтым. ( коньки )

Бұлар не үшін керек?

Қазақстанның спортсмендері туралы әңгімелеп кету.

«Шынықсын денеміз» өлеңді мәнерлеп оқып беру,өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмыс

Биялай-қолға киетін жылы қолғап.

Малақай-бас киім.

Сергіту сәті.

Өлеңді тізбектетіп оқытып, сөздік жұмысын жүргізу.

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

Оқушылар назарларын суретке аудару.(қыс,көктем)

Венн диаграммасын толтыру.

ҚShape13 Shape12 ыс Ортақ Көктем

Shape14



Кестемен жұмыс (3 қатарға бөліп, оқушыларға ауызша орындату)

Қысқы ойын түрлері

Спорт түрлері

Ұлттық ойындар












Дәптерлеріне орындату (3 қатардың оқушыларына дәптерге жазғызу)

«Қыс»тақырыбына әңгіме жазу

«Қыс»тақырыбына сурет салу

«Спорт»жайлы мақал-мәтел жазу




Не өтілді?

Нені үйрендік?

Қыс мезгілі саған несімен ұнайды?

ҮІ. Үйге тапсырма: 1.Б.Соқпақбаевтың өлеңін жаттау.

2.Өзің қандай қысқы ойын түрін ұнатасың?

Бағалау:

3 - дегенім орта баға

Сапасы да орта ғана.

4- дегенім жақсы баға

Алады оны жақсы бала.

5-дегенім үздік баға

Оқитын бол үздік қана

Аяз ата оқушыларға сыйлығын береді.























Қарағанды облысы

Приозерск қаласы №2 МББК







Ашық сабақ

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:

Б.Соқпақбаев «Шынықсын денеміз»







Мұғалім:М.Т. Адреисова

2 «В» сынып

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
655
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі