Тақырып: Сыпайыгершілік сөздері.Мақсаты: Оқушыларға жақсы сөз, жақсы ой ойлаудың өзі дұрыс әрекет екендігін ұғындыру.Сабақтың міндеті:-Жақсы сөз, мейірімділік, сыпайылық, қайырымдылық дұрыс әрекет екендігін түсіндіру;-Жақсы сөз айтуға, сыпайылылыққа тәрбиелеу;-Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту.Құндылығы: дұрыс әрекет.Қасиеттер: жақсы сөз, бақыт, мейірімділік.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.Шаттық шеңбері: Әдеп, ізет, иба да - Шарайнасы жаныңның. Әдептіні сыйла да, Тәңіріңдей табынғын.2. Үй тапсырмасын қайталау.а).Өткен сабақта біз қай тақырыпты өттік.б).Сыпайыгершілік сөздерін айтыңдаршы?Дәйексөз: Жақсы сөз - жанға қуат.Дәйексөзден нені туйдіңдер?-Жақсы сыпайы сөздер адамдарды достастырады,сабырлы болуға,денсаулығын сақтауға, коңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Ар айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір-бірімізге жылы, жақсы, сыпайы сөздер айтқанымыз дұрыс. "Сыпайы қоян". (қуыршақ театрі)Қатысатындар: Қоян (Гулзия) Жылан( Бунед) Қасқыр (Паризода) Автор (мұғалім) Бір күні мейірімді және сыпайы қоян көрші бақшада қырыққабатқа тойып алып, үйіне жиналып жатқанда, кенеттен түлкіні көріп қалады. Қоянның жүрегі дір етті.Қашу керек, бірақ қайда. Ойланбастан бір үңгірге кіріп кетті.Қоян өте сыпайы, тәрбиелі еді. Үңгірге рұқсатсыз кіргеніне ыңғайсызданып, амандасу керектігін түсінеді. -Сәлеметсіз бе, мейірімді үңгір. Сенің кеңдігің және тыныштығың жанға рақат сезім сыйлағандай. Маған кіруге рұқсат етші, - дейді. Ал үңгірдің түпкірінде жылан мекендейтін. Ол қоянның дауысын естіп, оны шақырады. Жыланның даусынан оның жегісі келіп тұрғанын сезген қоян: - Сізді мазалағаныма кешіріңіз, мені Ана-қоян күтіп отыр. Сау болыңыз, - деп қаша жөнеледі. -Осы бір сиқырлы, сөздер-ай! Қоян маған жақсы сөз айтпағанда, мен оны ұстап алар едім, - деп өкінді жылан.Топпен ән айту: "Айгөлек". Көлдей шалқып жас өмір Тасып жатқан шағында. Кемеренен шалықтап, Асып жатқан шағында. Ойын ойнап, ән салмай, Өсер бала болар ма? Күміс күлкі көрмей ол, Кемеліне толар ма?Шығармашылық жумыс: Суреттерді бояу.Сергіту сәті.Сабақты пысықтау: Сұрақ-жауап.1. Сыпайыгершілік сөздерін айтыңыздар?2.Бұл сабақ сендерге унады ма?3.Не үшін?Үй тапсырмасы: Сыпайыгершілік сөздерін жатқа алу.Соңғы тыныштық сәті:-Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылыуымызды адамдарға, айланамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік,жақсы іс жасайық. Рахмет! Көздеріңізді ашуға болады.