Материалдар / Супер ана
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Супер ана

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар сайысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Наурыз 2023
212
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жүргізуші Сымбат: Құрметті қонақтар, ата-аналар ! Көктеммен бірге келетін аналар мерекесіне қош келдіңіздер.  

Ана десем - алғыс алам халқымнан,
Ана десем – теңіз болам шалқыған,
Ана десем – ашылады қабағым,
Ана десем – әділдікті ұғамын!
Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған кейбір даналар,
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Армысыздар қасиетті аналар!
Сайысты сахналық қойылым ретінде тамашалаңыздар.

Жүргізуші Гулбану: Ертеде бір хан мен оның қызы өмір сүріпті.

Хан: Ой мына ханшайым ойыншығын жинауға, ұқыптылыққа қашан үйренеді екен?

Ханшайым ойыншықтарыңды жина?

Ханшайым: Жоқ, жинағым келмейді, ештеңе де істегім келмейді, менің күтушілерім қайда?

Хан:Енді саған күтуші емес, сені үйрететін тәлімгер керек.Сонда сен супер ханшайым боласың.

Ханшайым: Әке мен супер емеспін.Мені мын патшалықта ешкім супер деп атамаған.

Хан: Қызым-ау, «Супер» деген қазіргі жастардың сөзі ғой, ол – керемет деген сөз. Сен кереметсің ғой, қызым! Қызым-ау, бұл патшалықта сенен керемет ешкім жоқ қой. Менің жарлығым бойынша ең ақылды, ең шебер, ең өнерлі,аналардың арасында өзімнің ханшайымыма тәлімгер таңдау үшін «супер  аналар» сайысын өткізуге жарлық етемін.

Жүргізуші Сымбат:
Ал халайық ықыласпен демелік,
Аналардың бүгінгі сайысын көрелік
Ақылы мен сымбатына қарап біз
Әділдікпен бағаларын берейік
Ханның бұйрығы бойынша «Супер аналар» сайысына қатысушылардың ақылдылығын, өнерін, шеберлігін бағалау үшін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

1.Балабақшамыздың меңгерушісі: Кариева Айсұлу Ныгметуллаевна

2.Балабақша әдіскері:Тоғжан Көшербайқызы

3.Балабақша медбикесі:Гүлбаршын Исауовна

2. «Супер аналар» сайысын өткізуге жарлық шығарған ханды ортаға шақырамыз

Жүргізуші Гулбану:

Ендеше сайысқа қатысатын ару аналарымызды ортаға шақырайық

Ортада «Жарқыра Жұлдыз» тобы

«Болашақ »тобы

HXSX4543.JPG

Жүргізуші Сымбат: Ендеше «Супер аналар»  сайысының бөлімдерімен танысамыз:
1. «Өзім туралы мәлімет» таныстыру кезеңі слайд арқылы.
2.
«Актерлік шеберлігімізді байқайық!»ойын

3. «Кімнің ойы ұшқыр» логикалық сұрақ.

4. «Ас адамның арқауы» үй тапсырмасын көрсету кезеңі
5. «Тұлғасына сән киім жарасады» киім үлгісін көрсету

Жүргізуші Гулбану: Гүл көңілдер қуанышпен өнерлі,
Көздерінен жалын нұры төгілді,
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үнінен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді?-деп сайысымыздың бірінші «өзі туралы мәлімет» танысыру кезеңіне береміз.

Екі топта слайд арқылы таныстырып өтеді.

Жүргізуші Сымбат: Қазақ халқы өнегелі бай екен,
Өнер деген мол қазына кең екен,
Би билеп, ән айтып, жырламайтын,
Өнерсіз қазақ кім де кім екен,-келесі кезекті екінші «Актерлік шеберлігімізді байқайық!»ойын кезеңіне береміз.

EUOO6411.JPG NHKJ3933.JPG


Мазмұны: Ортаға екі ата - анадан шығарып, оларға көрсетпей бастарына аң немесе жануардың бейнесі бейнеленген масканы кигіземіз. Ойнаушы өзінің қандай маска киіп тұрғанын білмеуі керек. Оған қарсы тұрған ойнаушы оның басындағы аңды қимылмен көрсете білуі керек. Ойын осылайша әрі қарай жалғасады

Жүргізуші Гулбану:

Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктетер аласаны,
Болмаса сұлу қыз, ару әйел,
Табысып әркімдермен таласады.
«Кімнің ойы ұшқыр» логикалық сұрақ.Әділ қазылар алқасының алдынан қағаз суырамыз.
1
. Су астында қандай тас жатпайды?

2. Қызыл орамалды теңізге салсан не болады?

3. Аязда термометр үш градусты көрсетіп тұр,осылай екінші термометрді қосқанда неше градус көрсетеді?

4. Тағам пісірерде қазанға бірінші не саласыз?

5. Қараңғы бөлмеде керосин мен майшам тұрады,бірінші не жағасыз?

6. 7.Сіз жолға шықтыңыз,жолда көлігініздің дөңгелегі жарылып қалды?Сіздің іс әрекетіңіз?

8.«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, балабақшаға бармай ақ

қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?

9.«Балаңыз машина алып бер деп жылады.Сіз: «Шамалы шыдай тұр,

уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»

10. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

Жүргізуші Сымбат: Тұлғасына сән киім жарасады,
Бүкіл әлем таңғалып қарасады – деп ортаға көрікті, сымбатты, инабатты, нәзік супер аналарымызды шақырамыз. Өздерінің сән үлгілерін көрсетеді.

LQOF0584.JPG UXIE1799.JPG


VMVM7149.JPG WLSR1847.JPG

Жүргізуші Гулбану: Бойларында от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық,
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым
Алтыншы «Ас адамның арқауы» үй тапсырмасы кезеңі.

Әділқазылар алқасына сөз берейік. Супер аналар сайысының жеңімпаздарын айту.
Хан:Уа, халайық! Жарайсыңдар! Менің қалашығымда өте өнерлі арулардың болғанына қуаныштымын. Барлықтарыңа ризамын. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген сөз бар. Орталарыңнан жарып шыққан «Супер аналар» сайысының жеңімпазын Ханшайымыма тәлімгер ғылып тағайындаймын.

Ханшайым: Әке дұрыс айтасың! Мен де мына аналарды көріп өзім де өнерлі, ақылды, шеберлі болғым келеді.Мен осы тәлімгерім не үйретсе соны үйренуге дайынмын!

Жүргізуші Сымбат:
Сүйсіндірген баршаны өнерімен
Аналардың жүзінен таң нұрланды
Қуандырып сіздерді шаттандырар

«Супер аналар» сайысы аяқталды.
«Супер анаға» қатысып өз өнерлерін көрсеткен аналарға мың да бір рахмет.









ҚМҚК «Өркен»ясли бақшасы















8-Наурыз

«Аналар сайысы»



CLZA4067.JPG

Өткізген:Елекенова С.М









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!