Материалдар / "супер мама" сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"супер мама" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған. Ата-аналармен жұмысын көрсетуге арналған сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2018
888
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Супер мама-Керемет ана» сайысы

Әуен залы әсем безендірілген. Әдемі әуен ойналады.

Жүргізуші: Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

Ана десем шешек атып жанары .

Өмірімнің бастау алар жаңа әні,

Ана деген тіршілікте пана ғой,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған кейбір даналар

Ана -деген тіршіліктің бастауы

Армысыздар, қасиетті аналар!



Құрметті қонақтар, ата-аналар, әріптестер!8- наурыз Халықаралық аналар мерекесі құтты болсын! Аналар мерекесіне арналған»Супер мама» сайысын

бастауға рұқсат етіңіздер.Сайысты сахналық қойылым ретінде тамашалаңыздар!

Әуен ойналады.

Жүргізуші: Жамбыл баба төрінің ,

Қордай батыр елінің,

«Жұлдыз» қалашығында Айшуақ деген патша өмір сүріпті.

(Патша әуенмен кіреді).

Айшуақ патша атына заты сай еліне шуағын шашқан, сегіз қырлы бір сырлы ,халқының қамын ойлайтын жанашыр патша болыпты.Айшуақ патшаның Жұлдыз деген ерке қызы болыпты.Жұлдыз өте тәккапар кербез қыз екен. Әкесі оны қатты еркелетіпті.

(Патшаның қызы Жұлдыз әуенмен кіреді)

Жүргізуші:Күндердің бір күнінде «Жұлдыз» патшалығына «Ақ көгершін» патшалығынан өзіне қалыңдық таңдауға Ерсұлтан ханзада келеді.

Патша: Не шаруамен келдің ,Ерсұлтан ханзада .

Ерсұлтан ханзада: Мені сізге әкем жіберді. Қымызды кім ішпейді, қызға сөзді кім айтпайды деген, ат терлетіп сізге хат алып келдім.

Патша: Төрлет, отыр!Айсұлу ханым, мына хатты оқы.

Айсұлу ханым: «Сізде қыз бар, бізде ұл бар.Көркіне ақылы сай келін болады деген үмітпен ұлымды жіберіп отырмын. Құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық дегендей құда болайық»- депті.

Патша:Аспандағы жұлдызым,кішкентай ғана бұзығым, сен де өсіп қалыпсың ғой.

Ерсұлтан ханзада: Қызыңыз қандай сұлу. Супер екен ғой. Маған супер қыздар ұнайды.

Жұлдыз ханшайым:Мен супер емеспін.Әке, неге ол мені супер дейді. Патшалықта мені ешкім супер демеген.

Патша: «Супер» деген қазіргі жастардың сөзі ғой, ол керемет деген сөз. Сен өте керемет қызсың. Мен сені нағыз «Супер» етіп шығарамын.

Жүргізуші: Сөйтіп, «Жұлдыз» патшалығының патшасы Айшуақ патша жарлық шығарыпты. Патшалықтың ең ақылды, ең өнерлі,ең шебер аналарының арасында өзінің қызы Жұлдызға тәлім-тәрбие үйрету үшін «Супер мама» яғни

«Керемет ана» сайысын өткізуді бұйырыпты.

Патшаның бұйрығы бойынша «Супер мама» сайысы басталады.

Патшалықтың балалары «Бесік жыры» әнін айтады.

Нұрдаулет

1-Нөмірлі ханым: Камила Зиятқызы

2- нөмірлі ханым Мақпал Мұхитқызы

3-нөмірлі ханым: Алтынай Исмоилқызы

4-нөмірлі ханым: Назерке Сағымбекқызы

Жүргізуші:Құрметті ханымдар, өз орындарыңызға жайғасыңыздар.Енді сайысымыздың кезеңдерімен танысайық.

1. «Өзім туралы мәлімет»

2. «Өнерлі өрге жүзер»

3. «Шебердің қолы ортақ»

4. «Кімнің ойы ұшқыр»

5. «Жаңылмай айт»

6. «Ас-адамның арқауы»

Жүргізуші: Айшуақ патшаның бұйрығы бойынша сайысқа қатысушылардың ақылдылығын, өнерін, шеберлігін бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлайық.

Ал, халайық ықыласпен демелік,

Аналардың сайысын біз көрелік.

Ақылы мен өнеріне қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берелік.

1. «Басқару» патшалығынан келген ханым Заурбаева Сара Сакенқызы.

2. «Ботақан» патшалығынан келген ханым Балажанова Айгерім Әлімжанқызы.

3. «Өзін-өзі тану» патшалығынан келген ханым Ахметова Айнұр Қадыржанқызы.

Әділқазы алқасы сайланды.

1.Гүл көңілдер қуаныштан өрілді

Жанарынан жалын нұры төгілді,

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен.

Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

«Өзімтуралы мәлімет» таныстыру кезеңі

(Бағалайды)

2.Қазақ халқы өнегелі ,байсалды,

Өнеріне барша әлем таңқалды.

Өнерді үйрен-дағы ,жирен деген,

Деп, АНАЛАР, салды ортаға өнерді.

«Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету кезеңі.

(Бағалайды)

3.Ал,АНАЛАР, қалықта,

Қалықтаудан жалықпа.

Саусақтарың майысып,

Шеберлік көрсет халыққа.

(3 минут уақыт беріледі, бағалайды)

Би : «Аспаздар»

4.Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар.

Оның сырын ашқанда жұрт қызығар,

Жауаптарын табар ма екен, АНАЛАР,

Сол себепті қоятын сұрақтар бар.

1.Түйе сүтінен не ашытылады? (Шұбат)

2.Бас табаққа не салынады? (Бас, жамбас)

3.Ер баланы неше күнде қырқынан шығарады? (37-39)

4.Күйеу жігітке не беріледі? (төс)

Қимыл іс-әрекетпен көрсетіңіз:

1.Аяқ-киімі аяғын қысып тұрған адамның кейпін көрсетіңіз.

2.Қараңғы түнде орманда адасқан адамның кейпін көрсетіңіз.

3.Автобусқа міндіңіз, билет алайын десеңіз, әмияныңызды ұрлатып алдыңыз, сіздің әрекетіңіз.

4.Түн. Сіз ұйықтайын деп жатырсыз.Есік қағылды, қонақтар келді, сіздің әрекетіңіз.

5.Өлең , мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр.

Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.

Жаңылмайды Аналар,ойы жүйрік

Жаңылтпашты айтқанда, тыңдап тұрып.

Атпақ ек бір-бір құр, Көбейсін атұстар,

Қиын екен құрғыр Болмасын атыстар.

Таптырмай қырдан құр, Болса мол атыстар

Қайттық біз құрдан-құр. Қалмайды атұстар.



Ақ тайыншаның қатығын Ұзаққа құрма тұзақ

Аппағыма беремін Ұшпайды ұзақ ұзап,

Аппағымның атын тез, Түседі ұзақ өзі-ақ

Айтқаныңа беремін. Ұзаққа құрсаң тұзақ

(Бағалайды)



6.Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

АНАЛАРЫҢ тез арада майысып.

«Ас-адамның арқауы»

(Бағалайды)

Би: «Аққу»

Ән: «Ақ әжем»

7.Бойларында от бар екен ,байқадық.

Жүректерде шоқ бар екен, байқадық.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Шамшырақ боп жаныңыздар, әр үйде.

Би : «Раушан гүлі»

Жүргізуші: Жұлдыз ханша сайысқа қатысушылардың өнеріне ,ақылдылығына таңқалып, қызықты.Ал патша болса өзінің қызына жақсы бір тәлімгер шығатынына қуанды.Ерсұлтан ханзада өзінің қалыңдығына тәлімгерлердің көрсеткен өнеріне риза.

Ал, құрметті ханымдар мен қонақтар! «Жұлдыз» патшалығындағы Айшуақ патшаның жарлығымен өткізілген «Супер мама,Керемет ана» сайысының жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі.

(Дипломдармен марапаттау) 1. «Супер мама», «Керемет ана»

2. «Тапқыр ана»

3. «Өнерлі ана»

4. «Шебер ана»



Патша: Уа, халайық! «Супер мама» Сайысының жеңімпазы_______________

Ханымды қызым Жұлдызға тәлімгер етіп тағайындаймын.

Жұлдыз ханша:Мен де АНАЛАР секілді ақылды, өнерлі, шебер болғым келеді.Үйренуге дайынмын.

Ерсұлтан ханзада:Құрметті Айшуақ патша, болашақ жарым Жұлдыз ханшаға тәлімгер тағайындау үшін осындай сайыс ұйымдастырғаныңыз үшін ризамын.

Жүргізуші: Патшалықтың ұл-қыздары өз аналарына арнап «Анашым-анажаным» әнін орындайды.

Сөйтіп, патшалықта ұлан-асыр той болыпты.Өзінің қызы Жұлдыз ханшаны Ерсұлтан ханзадаға ұзатыпты.Ерке Жұлдыз ханша өзінің тәлімгерінен көп нәрсе үйреніп,ақылды ,білімді, ұшқыр , шебер жар болыпты.

Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет!





































«Супер мама-Керемет ана» сайысы











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!