400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Суқойма өсімдіктері мен жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен студенттер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

4 сынып Дүниетану


Сабақтың тақырыбы: Суқойма өсімдіктері мен жануарлары.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға суқойма өсімдіктері мен жануарларын, олардың ерекшеліктері мен тіршілігі туралы мағлұматтар беру. «Суқойма» деген ұғымның мағынасын түсіндіру арқылы еліміздегі көлдер, өзендер туралы білім аламыз. Су ішіндегі тіршілік жағдайлары, өсімдіктері, жануарларының алуан түрлілігі туралы білімдерін кеңейту .

Міндеті:

Су қойма және оның түрлері , өсімдік пен жануарлар тіршілігіндегі маңызы туралы біледі .

Ұжыммен , топпен , жұппен жұмыс жасау арқылы , өз ойын еркін жеткізе алады . Жұмысты орындау кезінде өзінің пікірін дәләлдеуге үйренеді .

Су қоймаларын ластамай , табиғатқа қамқорлықпен қарауға дағдыланады .

Қолданылатын әдіс тәсілдер : Балық қаңқасы ,Блум түймедағы , Себеп салдар әдісі.

І. Ұйымдастырукезеңі:

Жақсы сөз жанды жадыратар дегендей , бір – бірімізге алақандарымызды беріп жан – жылуын сыйлайық .

Бүгінгі күн күлімдеп ,

Терезеден тұр қарап ,

Сондай жақсы көңіл – күймен

Басталады бұл сабақ !

ІІ. Қызығушылықты ояту:

Жұмбақ

Өзіне шап-шақ,

Киген қалпағы аппақ,

Балалары тұрқаптап.

(Бақбақ)

Саздауыт жерде өседі,

Хош иісі аңқыған,

Шипа өсімдік деседі.

(Жалбыз)

ІІІ. Мағынаны тану:

  1. Өсімдіктер.

  2. Құстар.

  3. Жануарлар.

  4. Жәндіктер.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Шөптесін өсімдіктер жазбойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді, әдетте көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін шалғын деп атайды. Шалғындар көбінесе, көктемде тасыған су жайылатын өзен аңғарларын, көл жағаларын, тау етектерін алып жатады. Сонымен, шалғынды жазықтан да, өзен аңғарынан да, және таудан да кездестіруге болады.

Құлпырған көкшалғын ерекше көз тартады. Жаздың шайдай ашық, ыстық күнінде шөп арасынан гүлдер жайнап, таңғажайып әсем көрініс туғызады. Мұндағы тік өскен кесте жусан, шалғындық жоңышқа қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот, тышқанбұршақ сияқты алуан-алуан түрлі- түсті гүл келтелері көздің жауын алады.

Жаздың басы мен ортасында шалғындағы шөп жұмсақ, балғын болады. Пішен шабу осы кезден басталады. Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейді. Кейбір шалғындар жазда және күзде мал жайылымы ретінде пайдаланады. Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Оларға уқорғасын, сарғалдақ сияқты өсімдіктер жатады.

Жаз ортасына қарай шалғынға бара қалсаң, қайнаған тіршілікке кездесесің. Жылдың бұл мезгілінде шалғында бунақденелілер өте көп болады. Гүлден-гүлге қонып, тынным таппай шырын жинап жүрген бал арасын, өздері де, гүлге ұқсас көбелектерді де көруге болады. Алуан түрлі қоңыздар да көкшегірткелер, түкті аралар да қаптап жүреді.

Шалғында бөдене де көп кездеседі. Оның шөп арасында «бытпылықтаған» дыбысы естіледі. Олар жорғалап жүріп, көбінесе шөп дәнімен, оның жас сабағымен, бунақденелілермен қоректенеді. Бөдене ұйысқан қалын шөп арасына ұя жасап, оған 10-20 жұмыртқа салып басады.

Шалғында ірі аңдар болмайды. Мұнда олардың өз жауларынан жасырынуы қиын. Ал, саршұнақ, көртышқан сияқтылар аз емес. Олар қалың шөптен бөктергінің көзіне онша түсе қоймайды және өз тіршілігіне қажетті басқа да жағдайлардың бәрін табады.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.


Жеке жұмыс. Әр оқушы шалғында мекендейтін өсімдіктерді, құстарды, жануарларды, жәндіктерді кестеге жазады.

Өсімдіктер

Құстар

Жануарлар

Жәндіктер

«Ыстық орындық» стратегиясы, ортаға бір оқушы шығып орындыққа отырады, қалған оқушылар оған сұрақ қояды.

  • Шалғын деген не?

  • Шалғында қандай өсімдіктер өседі?

  • Қандай жануарлар мекендейді?

  • Шалғынның шөптесін өсімдік өсетін жер екені рас па?

Сарғалдақтың бес сарыкүлтесі бар екені рас па?

Сарғалдақтың дымқыл жерді ұнататыны рас па?

Гүлкекіренің көгалдағы барлық гүлдерден биік болып өсетіні рас па?

Адамдардың көгорай шалғынға мал жаятыны рас па?

Көкшалғынның шағын джунглиге ұқсас екені рас па?

Түкті ара, балара, жабайы ара және құмырсқалар гүлдердің тәтті нәрін жинайтыны рас па

Дала тышқандары, көртышқандары, қояндар мен құстар да шалғынды паналайтыны рас па?

Шалғында бөденелердің көп кездесетіні рас па?

Шалғын үстінде бүркіттің шарықтап ұшып жүретіні рас па?

Керібайланыс:

Мен нені үйрендім?

Маған не қиын болып көрінді?

Не күрделі болды?

Мен енді нені үйренгім келеді?

Қорытынды:

Жүрегімде тербеген бір арман бар

Аман болсын аңдар, құстар, ормандар.

Ақыл ойды жоюға емес адамдар

Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар.

Үйге тапсырма беру:  оқып келу.

Бағалау:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі