жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Суқойма өсімдіктері мен жануарлары
Пәні: дүниетану
Тақырыбы: Суқойма өсімдіктері мен жануарлары
Мақсаты: «Су қоймасы» деген ұғымның мағынасын түсіндіру арқылы еліміздегі көлдер, өзендер, тоғандар туралы білімдерін еске түсіру. Су ішіндегі тіршілік жағдайлары, өсімдіктері, жануарларының алуан тіршілігі туралы білімдерін кеңейту.
Күтілетін нәтижелер:
-
Су қоймасы ұғымымен танысады.
-
Суда тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарларды біледі.
-
Су тіршілігімен танысады.
-
Ойлау, көру қабілеттері дамиды.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, түсіндіру, «Сәйкестендір», «Кім жылдам?»,«Тез ойлан», «Адасқан әріптер», «Өзіңізді тексеріңіз», жұмбақ, «Джигсо» әдісі, «Зерттеу» әдісі, «Сөйлемді толықтыр», «Кластер», «Семантикалық карта», тест, «Дұрыс бұрыс», «ББҮ» әдісі, «Кеме» кері байланысы
Ресурстар: суқойма өсімдіктері мен жануарларының суреттері, қима қағаздар, А3, карточкалар, интербелсенді тақта, бейнеклип
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, қазақ тілі
|
Уақыты: |
Оқытушының іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||||||
|
1 мин |
І Ұйымдастыру кезеңі 1)Оқушылармен амандасу 2)Оқу құралдарын тексеру 3)Сынып тазалығы 4)Оқушылар назарын сабаққа аудару
Психологиялық
дайындық. Дүниетану ел шары Табиғатты зерттейтін Білімнің ол кітабы |
Оқушылар оқу-құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аударады.
Оқушылар хормен дауыстап айтады. |
||||||
|
2 мин |
Топқа бөліну «Адасқан əріптер» арқылы топқа бөлу 1) Жануарлар тобы 2) өсімдіктер тобы 3) жəндіктер тобы 4) құстар тобы 5) сүтқоректілер тобы |
Берілген «Адасқан әріптер» тапсырмасы бойынша топтарының атауын табады. |
||||||
|
3 мин |
ІІ Өткенді пысықтау «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі Тест 1.Суға тапшы аймақ. а) дала в) шабындық с) шөл
2. Ормансыз тегіс алқап. а) дала в) шөл с) құм
3. Шалғын қандай жерлерде өседі? а) тау етегінде в) өзен аңғарларында с) жазық жерде
4. Пішен дайындалатын жер қалай аталады? а) шөл в) дала с) шабындық
5. Орман құсы. а) шымшық в) бұлдырық с) бөдене
6. Даланың неше түрі бар. а) 3 в) 2 с) 4
7. Шөлді жерді мекендейтін жануар а) қасқыр в) арқар с) кесіртке
8. Дала өсімдігін ата. а) селеу в) жусан с) қарағай
9. Қайсысы артық? а) шалғынды, орманды в) дала, шөл с) қала, ауыл
10. Шалғын жануары. а) бөдене в) жапалақ с) шымшық
11. Даланың неше түрі бар? а) 4 в) 2 с) 3
12. Жылқы сүті қалай аталады? а) қымыз в) шұбат с) көже
13. Күн сәулесі көп түспейтін орманды тап а) кайыңды орман в) көктеректі орман с) шыршалы орман
14. Топырағы ылғалды әрі құнарлы өлке. а) Солтүстік в) Оңтүстік с) Батыс
15. Шөл жануары а) қосаяқ в) бартоғай бұғысы с) жаман сары |
Оқушылар берілген тест тапсырмаларын орындайды.
Тестті жұп бойынша алмастырып тексереді.
1 с 2 а 3 в 4 с 5 а 6 а 7 с 8 в 9 с 10 а 11с 12 а 13 с 14 а 15 а |
||||||
|
15 мин |
ІІІ Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту Жұмбақ 1.Жылт - жылт етеді Жылғалардан өтеді(СУ)
2.Сылқ - сылқ күледі Аяғы жоқ жүреді(су)
3.Еш тесiкке тұрмайды, Ол жоқта жер құрғайды.(СУ)
4.Аяғы жоқ, қолы жоқ, Бірақ тыныш тұрмайды. Сақтамасаң қорын тек Барша тірлік қурайды.(Су)
Оқушыларға судың дыбысын тыңдату
|
Оқушылар жұмбақтың шешуін табады.
Судың дыбысын тыңдайды.
|
||||||
|
2 мин |
ІV Жаңа материалмен жұмыс Бүгінгі өтетін тақырыбымыз суқойма өсімдіктері мен жануарлары екен. Өзен, көл, батпақ жалпылама суқойма деп аталады. Суқойма жағалауында қоға, қамыс, тұңғиық және басқа көпжылдық өсімдіктер өседі. Ертіс өзенінде «Бұқтырма» су қоймасы Іле өзенінде «Қапшағай» су қоймасы Сырдария өзеніде «Шардара» су қоймасы Шу өзенінде «Тасөткел» су қоймасы Суқойма өсімдіктері Балдырлар теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың қырық мыңға жуық түрі белгілі, олардың бір мыңнан астам түрі Қазақстанда кездеседі. Балдырлардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді алуан түрлі болып келеді. Олардың көпшілігінде тамыр, сабақ және жапырақ болмайды. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі балдырлардан келеді. Құрақ – иілгіш биік өсімдік. Оның сабағы құрылыста жылуды жақсы сақтайтын материал ретінде пайдаланылады. Құрақтың биіктігі 3 метрге дейін жетеді және сабағының ұшында гүлшоғыры болады. Қоға. Бұл өсімдік биік болып өседі. Қоғаның сабағының ұшында собығы болады. Суқойма жәндіктері Құндыз – қызықтары көп жануарлардың бірі. Ол – кеміргіштер сабына жататын терісі бағалы аң. Құндыздың барлық тіршілік әрекеттері күрек тістерінің кемірушілік қабілетіне тікелей байланысты. Бұл жануар күрек тістерінің көмегімен ағаштардың діңін кеміріп құлатады және оларды жеке бөлшектерге бөліп тасымалдап, үйшік, су деңгейін бірқалыпты ұстап тұру үшін тоғандар жасайды. Кәмшат – жыртқыштар сабына жататын терісі өте құнды аң. Цилиндр тәрізді денесі, домалақ басы, ұзын құйрығы мен аяғындағы жарғақтары арқасында кәмшаттар суда өте тез, әрі епті жүзеді. Ол көбінесе бақалармен, балықтармен және шабақтармен қоректенеді. (видеоролик) |
Оқушылар мұғалімге назарларын аударады. |
||||||
|
5 мин |
Оқулықпен жұмыс «ДЖИГСО» әдісі Тақырыпты әр топ бір-біріне түсіндіреді. |
Оқушылар «ДЖИГСО» әдісі арқылы әр топ бір-біріне түсіндіреді. |
||||||
|
2 мин |
Топтық тапсырма «Зерттеу» әдісі 1.Жануарлар тобы – құндыз жануары 2.Өсімдіктер тобы – балдырлар 3.Жәндіктер тобы – сүңгуір қоңыз 4.Құстар тобы – бірқазан құсы 5.Сүтқоректілер тобы - кәмшат |
Оқушылар топтарымен бірге осы берілген жануарлар мен өсімдіктерге постер құрастырады. |
||||||
|
3 мин |
Сергіту сәті (видеоролик) Топтық жұмыс 1-топ «Сәйкестендір» 2-топ «Сөйлемді толықтыр» 3-топ «Тез ойлан» 4-топ «Кластер» әдісі 5-топ «Семантикалық карта» |
Оқушылар дәптерлеріне жазады. |
||||||
|
4 мин |
«Кім жылдам?» ойыны Өзен, көл, тоғандардың жалпылама атауы – су қоймасы Қамыс -су қоймасының жағалауында өсетін өсімдік. Ұлу су қоймасындағы суды тазартады. Аққу су қоймасын мекендейтін құс. Сары тұңғиық гүлі суқоймаларында өсетін өсімдік. |
Оқушылар берілген сөздер арқылы сөйлемді толықтырады. |
||||||
|
2 мин |
V Жаңа сабақты бекіту «Дұрыс бұрыс» ойыны Су қоймасы дегеніміз - өзен, көл, тоғандардың жалпылама атауы. (Дұрыс) Су қоймасында бүркіт, қаршыға, лашын сияқты құстар мекендейді.(Дұрыс емес) Су қоймасындағы құстар балықтармен, жәндіктермен, өсімдіктермен қоректенеді. (Дұрыс) Су қоймасы өсімдіктерінің тамыры болмайды. (Дұрыс емес) Су қоймасында сазқұндыз, құндыз, кәмшат, ондатр сияқты жануарлар мекендейді. (Дұрыс) «ББҮ» әдісі
|
Оқушылар «Дұрыс бұрыс» ойыны бойынша сұрақтарға жауап береді.
«ББҮ» әдісі бойынша сабақты қорытындылайды.
|
||||||
|
1 мин |
VI Кері байланыс «КЕМЕ»
|
Егер сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаса, желкенін жасыл түске бояйды. Егер сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болса, желкенді сары түске бояйды. Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске бояйды. |
||||||
|
1 мин |
VIІ Үйге тапсырма 76-78 бетті оқу, мазмұндау |
Күнделіктеріне жазып алады. |
||||||
|
1 мин |
VIІІ Бағалау Аққу, қаз арқылы бағалау |
Белсенді қатысқан топ бағаланады. |


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген