«Сыр сандықтың құпиялары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сыр сандықтың құпиялары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыр сандықтағы тапсырмалар арқылы балалардың танымдық белсенділігін арттыру, логикалық ойлауын, шығармашылық қиялын, коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын кешенді дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сыр сандықтың құпиялары»

Мақсаты: Сыр сандықтағы тапсырмалар арқылы балалардың танымдық белсенділігін арттыру, логикалық ойлауын, шығармашылық қиялын, коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын кешенді дамыту.

Ресурстар: Сыр сандық, үлестірмелі суреттер, тәжірибе жұмысына арналған материалдар (Сақал қыратын көбік, ас содасы) , мата, әр түрлі пішіндер, қағаз қиындылары, қақпақтар.

Барысы:

Шаттық шеңбері

Тәрбиеші:

Балалар, бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық.

Қолымызды жүрек тұсына қойып, қайталаймыз:

Күн шуақтай күлейік,

Достармен біз жүрейік.

Ойнаймыз да, ойлаймыз,

Құпияны шешейік!

Балалар қазір қандай мезгіл?

Ал, қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

Сендерге қандай мезгіл ұнайды?

Бүгін қандай күн кім айтады?

Бір аптада неше күн бар?

Дұрыс айтасындар. Менде бүгін сендерге өте қызықты зат әкелдім.

Тәрбиеші: (жан-жағына қарап сандықты іздегендей болады. ) Балалар мен мұнда бүгін сендерді сандықпен таныстырайын деп алып келіп едім. Енді таппай тұрмын.

Балалар сендер қиялдауды білесіндерме?

Мен қазір сандықты таба алмағандығымнан қиялдап тұмын. Ол қиялымда біздің топтың балалары сандықты тауып алса былай болар ма еді.

Экраннан мультфильм қосылады.

Ал, балалар шыныменде менің қиялымдағыдай сандықты балалар тауып алыпты , бірақ оны қайтару үшін тапсырманы орындау керек.

Тәрбиеші: -Балалар қандай құпияны шешуіміз керек екен? Сыр сандықтың құпиясын шешуіміз керек. Ендеше сандықты көрейік қандай құпиясы бар екен. Балалар сандықта кітаптың суреті тұр екен ендеше сандық ашылу үшін білімімізді көрсетуіміз керек шығар. Қане білімімізді көрсетейік.

Сыр сандықпен танысу

1-ші сандық слайд:

АКТ мен ойын: «Көршісін тап» Шарты: Экрандағы сандардың қасындағы жоқ санды тауып көрсету, атау.

Ал енді сиқырлы сөзді айтып көрейік.

Сыр сандығым ашылсын

Ішінен білім шашылсын.

Сандық ашылмады. Енді не істейміз.Алладинді тыңдап көриік.

Алладин видео сөз:

Тәрбиеші: олай болса сандықтың келесі тапсырмасын көриік .

Сандықтан дауыс естіледі: Балалар кәзір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілін де не жауады? Дұрыс айтасыңдар қар , бірақ далада қар да жоқ қой . Ендеше маған қар жасап беріңдер.

Тапсырма: «Мнемо-суреттер сөйлейді»

Алдын ала дайындалған мнемокесте суреттерін көрсетіңіз.

«Дұрыс ретке қой»

Балаларға суреттерді араластырып беріңіз.

Нұсқау:
– Ертегі қалай басталды?
– Соңында не болды?

Дағды: логикалық ойлау, есте сақтау.



Тәжірибе жасау: Керекті құралдар: перчатка, сақал қыратын көбік, ас сода.

Ыдысқа сақал қыратын көбікті толтырып саламыз. Оның үстіне ас содасын салып жақсылап араластырамыз.Қолға жабыспайды ,мыжып біріктірсе қарға ұқсайды. Балалар мүмкін білім демей басқа сөз айтармыз Мүмкін қар деп айтсақ қалай болады екен?

Сыр сандығым ашылсын

Ішінен қар шашылсын.

Балалар сандық ашылмады.



Логикалық ойын:Пазл құрастыру .

Тәрбиеші: Қане онда келесі сандықты ашайық . Балалар мұнда берілген құпия кодтар бар сияқты осыны дұрыс тапсақ сандықтарымыз ашылып қалар .

Логикалық ойын: «Сандықтың коды»

Балаларға белгілер жазылған парақтар беріледі:

? + ? = ?

? + ? = ?

Shape1 + ? = ?

Түстер мен пішіндер арқылы кодтың суретін салып табу керек.

Ал енді сиқырлы сөзді айтайық

Сыр сандығым ашылсын

Кодпен сиқыр шашылсын

Балалар сандық бәрібір ашылмады. Ендеше соңғы суреттің сырын ашайық Топпен жұмыс Шығармашылық қимылды ойын «Құпия әлемді құрастыр». Шарты: Жерге үлкен мата төселеді. Балаларға қағаз қиындылары , әр түрлі пішіндер, баклашканың қақпақтары беріледі. Матаның шетіне айнала отырып, сол берілген заттардан сурет құрастырады. «Сыр сандықтың ішіндегі әлемді» ойлап табады.

Құрастырған сурет бойынша жетелеуші сұрақтар қойылады.

Суретте нені құрастырдыңдар? Онда кім тұрады? Кімдер ойнайды?

Балалар өздерінің балабақшасын құрастырған екен .

Сиқырлы сөзді айтайық

Сыр сандығым ашылсын

Балалар күлкісі шашылсын.

Балалар қуанып, күліп, шапалақтап секіреді. Сыр сандық ашылады.

Сандық ашылады. Ашылғанда балалардың күлген әсем дауыстары естіледі.

Балалар сандықтың іші балалар күлкісіне, мейірімділікке, достыққа, махабатқа толы екен. Сендерге де білімдерің, ақылдарың, ұйымшылдыңтарың ,еңбектерің керемет мадақтау белгілері шығады.

Рефлексия

Сұрақтар:

Қай тапсырма қиын болды?

Қайсысы қызық болды?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі