Тақырыбы:
«Сыр сұхбат»
Мақсаты:
Кездесуге шақырған адамның жаңа қырларын
білу, оқушыларға үлкенді сыйлауға,
басқалардың балалық шағымен өз өмірін
салыстырып, өз бетінше ой қалыптастырып,
жаңа өмірге, мамандыққа, бейімділікке
тәрбиелеуге үйрету.
Кештің
қонағы: мектебіміздің ардагер ұстазы
– Шайза Шәріпбайқызы
I.«Ана
туралы жыр»
әні хормен
орындалады
(видеоролик арқылы)
II.
Кештің алғашқы беташар сөзі.
Жүргізуші
Құрметті оқушылар!
Біздің бүгінгі кешімізге
сендерге бастауыш сыныпта 42 әріпті
танытып, оқу мен мен жазуды, қосу мен
азайтуды, ең бастысы, қазақ елінің үлкен
азаматы болуға көп еңбегін сіңірген
ардагер ұстазымыз Шайза Шәріпбайқызы
арнайы келіп отыр.
Кешіміз
сұхбат ретінде өтеді, арнайы сұрақтар
бар, тапсырмалар орындалады. Шайза апай,
біздің сыр-сұхбатқа қош келдіңіз,ортаға
келіп төрге жайғасыңыз. (
Қонақ арнайы дайындалған орынға отырады
)
Ұстаздың
оттай ыстық алақаны,
Әрқашан
ойлайтыны бала қамы.
Баладан
ұстазына мың - сан алғыс,
Өйткені
ұстазының ақ арманы.
III.Ендеше
апайымыздың өмірбаянымен таныс болайық.
IV.
«Менің сұрағым бар...»Оқушылар , сіздер
кешіміздің қонағы Шайза
апайдың
өмірбаянымен танысып өттіңіздер. Қандай
сұрақтар туындады ? Сұрақ қоюларыңызға
болады.
Сұрақтар:
1. Жас кезіңізде бұзық болдыңыз ба?
2.
Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз
бар ма?
3.
Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
4.
Естуімізше,
ән
саласыз,
тағы қандай қырыңыз бар?
5.Ең
алғашқы оқыған кітабыңыз?
6.Ұнатпаған
пәніңіз болды ма?
7.Пір
тұтатын адамыңыз бар ма?
8.Бос
уақытыңызда шұғылданатын сүйікті
ісіңіз?
9.Ең
сүйікті ісіңіз?
10.Студенттік
шағыңыздағы есте қалған оқиға?
11.Оқушы
кезіңізде жазған бақылауыңызда төмен
баға алып қалғаныңыз болды ма?
12.Қандай
тағам түрлерін жақсы көресіз?
13.
Бастауыш сынып мұғалімі
болуыңызға не түрткі болды,өзіңіздің
қабілетіңіз бе,әлде ұстазға деген
еліктеушілік пе?
14.сізге
мамандығыңыз жақын
ба,отбасыңыз
жақын ба?
15.Спорттың
қай түрін қызығып көресіз?
16.Ұстаздықтан
басқа мамандық таңдау керек болғанда,қандай
мамандық таңдар едіңіз?
V.
Логикалық сұрақтар Келесі кезекте
біздің дайындаған тапсырмаларымыз бар.
Бұл тапсырмаларды сыныпта отырған
қонақтарда орындауына болады . Алдымен
оқушылар арасында блиц- турнир өткіземіз.
Турнирдің жеңімпазына
Шайза апай
ізгі тілегін арнайды.
Әр сұраққа ойлануға 30 секунд беріледі
Оқушылар, дайынбыз ба?
1.
Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин
лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы:
шырпы
2.
Термометр аяз болғасын – үш градус
көрсетіп тұр. Осындай екі термометр
неше градус көрсетеді ? Жауабы: үш
3.
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат
бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан
қалды? Жауабы: үш
стакан
4.
Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ
Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат
- ұзын
5.
Екі бала шахматты екі сағат ойнады.
Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Жауабы: екі
сағат
6.
Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері
қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары
7.
Менің атым
–
Медет.
Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің
тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
8.
Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе
жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл
машина және бір камазды кездестірді.
Ауылға неше машина бара жатыр? Жауабы:
Бір
ғана мотоцикл
9.Бір
жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы
мүмкін? Жауабы: 53
(Жеңімпазды анықтау)
Келесі
ойын жеңіп шыққан топпен Шайза апай
арасында болады. 1. Бір елде 20 қала бар.
Оның әрқайсысы бір-бірімен әуебайланыста
жұмыс жасайды. Бұл елде неше әуебайланыс
бар? Шешімі:19+18+17+....+3+2+1=190
2.
3
кәмпит және 2 шоколад 29 теңге тұрады. 4
кәмпит және 1 шоколад 27 теңге тұрады. 1
кәмпит қанша теңге тұрады? 1 шоколад
қанша теңге тұрады? Жауабы: 1 кәмпит-5тг,
1 шоколад-7тг 3.Әкесі 27 жаста болғанда
баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының
жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының
жасы нешеде? Жауабы: 36;12 (Жеңімпазды
анықтау)
VI.
Дәл қазір біздің оқушыларымыз ұстаздарына
арнап 5 тармақ жол өлең «Синквейн» арнаса
.( уақыт 2 минут)
VIII.Смайликтер
арқылы кештен алған әсерін, көңіл - күйін
көрсетті. Ұстазымен оқушылар болып
ескерткіш суретке түсті.
IX.
Соңында мұғалімнің қорытынды сөзі.
Сонымен бүгінгі кештің қонағы,
құрметті Шайза Шәріпбайқызы!
Біздің ортамызда жүрген апайымыздың
көп қырын, өнерін үлкендер білгенімен,
оқушыларымыз біле бермейтін еді. Бүгін
апайымыздың
да есіне көп нәрселер түсіп, бізге жақсы
- жақсы әңгімелерін айтты. Біле бермейтін
жақтарымыз көп екен, жақсы бір сұхбаттың
куәсі болдық, апай сізге рақмет. Өнеріңізді
көрдік, балаларымызға әңгімеңізді
айттыңыз, бізден ескерткіш болсын деп,
шәкірттеріңіз
дайындаған сыйлықтарын
қабыл алыңыз.
«Ұстазым»
әні хормен