400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шырайлы жүз - Алтын күз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сынып сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шырайлы жүз – Алтын күз!»

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы мен зор байлықтары туралы толық түсіндіру. Әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыру.  Күз айларының халыққа молшылық алып келетінін, қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Балаларды бір – біріне сыйластықты, ауызбіршілікті болуға шақыру. Өнерге деген қызығушылықтарын ояту және сөз қорларын байыту.

Көрнекіліктер: Жапырақтар, жемістер, көкөністер маскалары, шарлар, жемістер.

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. 

Тәрбиеші: Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Келді міне алтын күз, 
Сары шашты жарқын жүз. 
Мол өнімді ісімен 
Таңдандырып халқын күз. 
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған
«Шырайлы жүз – Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндей молшылық тілей отырып,біздің бүлдіршіндеріміздің әдемі де, тартымды ән-тақпақтары мен ойындарын тамашалайық!

Хор: «Жаңбыр»

Тәрбиеші: Еркін күліп ойнаймыз
Ертеңді де ойлаймыз
Достығымен құрметтеп,
Алтын күзді тойлаймыз – деп балдарымыздың тақпағына кезек береміз.

Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап



Тәрбиеші: - Ал, балалар, балалар,
                         Енді бері қараңдар.
                         Бізге қонақ келмекші
                         Сендерді бір көрмекші.
                         Әуелі жұмбақ жасырам,
                         Қулығымды асырам.
                         Таба алсаңдар шешімін,

  Қонағымды дәл қазір,

Ортаға мен шақырам.
Жұмбақ:        Жиып-теріп болатын,
                         Қамбаға астық толатын.
                         Қызыл қырман ойнайтын,
                         Қай мезгіл деп ойлайсың?
Дұрыс, күз мезгілі.   (Балалардың жауабы).


Тәрбиеші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.


Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді. (хормен)


(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).

Күз ханшайымы:

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын

Мен - Алтын күзбін!

Жайдары, жарқын жүзбін.
                    Қонаққа келдім сендерге.

Өнерлеріңді көруге

Сәлеметсіңдер ме, балалар!


Балалар: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы!

Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!Төрімізге шығып біздің бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалаңыз! Олай болса біздің бүлдіршіндеріміздің өзіңізге арнаған өлең тақпақтары бар.


Өрік, шие, алма, алша
Жидек жүзім піседі
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз
Қоймаларға түседі
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?


Балалар: Күзде. Жемістер ортаға шығады

Көрсең егер бақшада
Доп екен деп қалма.
Дәмді, тәтті қарбызбын,
Ерте үзіп алма!

Мен - алмамын, алмамын
Таңдай татар бал дәмім
Мына тәтті бал-дәмді
Дастарқанға арнадым.


Мен өрікпін, өрікпін.
Алма, алмұртқа інімін
Тәттілердің бірімін,
Дастарханның гүлімін,


Мен алмұртпын, алмұртпын
Жақсы көрер бар жұрттың
Дәмім қандай балдай.

Қағады бәрі таңдай.


Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.


Жапырақта тасалап,
Өскен жері бақша – бақ.
Күрең қызыл шіркін –ай,
Менің атым- құлпынай.

Би: «Жемістер мен Көкеністер»


Тәрбиеші: -Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр,

-Сұрақтарға жауап беруге дайынсыңдар ма?

-Жылдың неше мезгілі бар?

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)

Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Ненің дәмі?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша

Ойын: «Ненің дәмі?»

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ жасырмақшымын. Жұмбақ шешуге дайынсыңдар ма?

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)

4. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)



Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!




Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді қонақтарымызды да сынап корейік. «Ұйқасын тап» ойыны


1.Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе

Аузынан кетпес бал дәмі

Оның аты (шабдалы)


2.Кіп-кішкене болса да,

Ағаштың басын иеді.

Жемістерін айырып,

Танисың ба? (шиені)


3.Жапырақты тасалап,

Өсетін жері- бақша-бақ

Күрең қызыл шіркін-ай

Оның аты (таңқурай)


Тәрбиеші:- Жарайсыздар қонақтар!

-Мәссаған мына қызыққа қараңдар менің бөлек-бөлек себетімдегі көкөністер мен жемістерді бір себетке салынып араластырып кетіпті. Балалар жемістер мен көкөністерді әр себетке бөліп сала қойыңдар.

Ойын: «Жемістер мен көкөністер»

Өте жақсы жарайсыңдар өте білімді, ақылды балалар екенсіңдер. Олай болса ортаға көкөністерді шақырайық.


Көктеп ерте шырмалып,

Өсемін мен бүр жарып.

Атым – қияр, теріп ал,

Жиі - жиі суғарып.


Асханадан шықпаймын

Атым пияз бұқпаймын

Көзден жасты шығырып

Тұмаудан сақтаймын


Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянғада азықпын

Білесіңбе сәбізді.


Картоп біздің атымыз

Жер астында жатамыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз.


Бақшаларда тізіліп,

Жап – жасыл боп жатамын.

Қабат - қабат киініп,

Қырыққабат атандым.


Мен қызанақ, қызанақ,

Қып – қызыл боп өсемін

Дастарханда салатпын

Ішсең шырын томатпын.


Ән: «Күз, күз, күз, сарғаяды даламыз »

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі,өнерлі балалар! Балалар, менің басқа да бүлдіршіндерге  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін:

Берекелі бақ дәулет

Артта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар,

Келгенше жыл айланып. келесі кездескенше сау болыңдар!


(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)


Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Шырайлы жүз – Алтын күз» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.11.2025
42
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі