400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Шырайлы өлке Шырғанақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің ауылымыздың тарихын білгісі келетін көпшілікке
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шырайлы өлке Шырғанақ»



Диханбаева Назира Биядиловна

Тарих,құқық пәні мұғалімі «І.Жұмағұлов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Көкпияз бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы облысы, Райымбек ауданы.

nazira.biyadilovna.78@mail.ru



Мақсаты: Шырғанақ ауылының шығуы тарихы,тарихтағы орны,өлкеміздегі рухани ескерткіштерін зерттеу.

Міндеті: Туған жердің тарихымен танысу , зерттеу зерделеу.Интернет және газет-журнал материялдарын пайдалану .Жәдігерлерді мектептегі тарихи тарихи өлкетану мұражайына тіркеп оқу бағдарламасына пайдалану.

Баяндаманың қысқаша мазмұны,түйіні:туған жердің тарихын, шежіресін білу әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.Тарих арқылы біз өткенді зерттеп болашаққа мақсатты қоямыз.Елін жерін сүю үшін ең алдымен,оның тарихын білі қажет. «Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.Ат төбеліндей болсада туып өскен ел қымбат»Осы зеттеу еңбегінде шырайлы Шырғанақтың сан ғасырлық тарихы жатыр.

Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр.Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақырады.

Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.

Елбасымыздың «Туған жерге-туыңды тік» үндеуі бойынша мен өзімнің туған жерімнің тарихтан сыр шертер ескерткіштеріне зерттеу жұмысын жасадым. Шырғанақ ауылының шығу тарихын зерттеу мақсатында алынған. Қазақ халқының әрбір тумасына өзі туып өсіп, кіндік қаны тамған жері қашанда ыстық әрі баға жетпес байлық. Сол себепті әрбір қазақ өзінің туып –өскен жерінің шығу тарихын жатқа білуінің өзі бір мақтаныш деп есептеймін

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парағы ғана.

Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.

Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте  болмайды. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Байырғы заманнан бері жер бетін мекендеген халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған.Оны кие тұтып қастерлеуші халықтардың бірі қазақ халқы болғаны белгілі.Сондықтан біз өз ауылымыздың жеті кереметін көзіміздің қарасындай сақтауға міндеттіміз.Міне менің алған тақырыбымның жеті санымен байланысы осында.Мен газет журналдардағы арнайы мақалалар және ауылымыздың көненің көзін көрген ауыл ақсақалдарымен әңгімелесу барысында көптеген тарихи әрі қызықты мағлұматтарға қол жеткіздім.



Тау баласын сағынтады Шырғанақ

Бес салаңды тағы ақтарсам сыр қарап

Шырғанағым тау мен тасты жоталым

Шырғанағым туып өскен отаным!- дей келе ебасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.

Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.



  1. Шырғанақ ауылының шығу тарихы

.Осы аймақтағы Көк биік,Дөңгелек саздағы жайлау қонысы Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман » кітабында айтылғандай 1916 жылғы Ұлт азаттық көтеріліс тұсында орталық бағдар беруші, күш топтаушы орындар болғаны белгілі . Қазақ даласына кеңестік заман орнай бастағанда биік тау төсіндегі Шырғанақ өңірі де жаңа өмірге бас иіп,Кеген,Нарынқол, Ұйғыр аудандарындағы ең алғашқы совхоз болып құрылды. Суы тұнық,шөбі шүйгін алқаптарда мал бағып жүрген халық Шырғанақ ,Талды,Кеңсу,Қарақара дер аталатын бөлімшелерге орналасып ұжымдық шаруашылыққа ұйымдас а бастады . Патшалық Ресей кезінде көшіп келіп орналасқан ағайынды Петер,Павел Огужевтер сияқты орысбайлары мен өздерінің жекеменшік омартасымен келген Владимир Ирбицкий, Петр Сахников сияқты саналы саудагерлерден үй салуды,астық егуді үйрене бастады,совхоздың алғаш құрылу тарихы жайлы 2006 жылы «Мүрагер» баспа үйінен жарық көрген осы совхоздың азаматы, ұлағатты ұстаз Серікбай Құрманғалиұлының «336» делінген : «Кеңес үкіметі калхоз-совхоз құрып ны номермен белгелеген. 1929 жылы еді.Біздің совхоздың номері 336 , 5 бөлімшесі бар.Әр бөлімшеде 10-15 қана шатыр,шамалы мал бар. Кеңсу, Талды,Қарқара , Кониферме,Көкпияз деп аталатын ауылдар пайда болды. Бұл сонау 1916 жылға шейін құрамы кең , пейілі асып төгілген , елімдеп еңіреп , етегін төсеніп , ерін жастанған Мергенбай , Жағыпер Әубәкір , Нұрсаба, Нұрқожа, Қоңқай»батырлардың жайлауы мен қыстауы.

Біздің Шырғанақ аулының әрбір атқан таңын , мөлдір суын , қоңыр салқын желін көзтартар әсем табиғаты қызығушылық туғызбай қоймасы анық . Сол себепті атақты ғалымдарда біздің Шырайлы Шырғанақтың жерін,елін,суын көз тартар табиғатын зерттеген . Нақтырақ тоқтала кетсек ұлы зерттеуші , ағартушы , ғалым Шоқан Уалиханұлы және Ілияс Жансүгіровты ерекше сөзге тиек етуге болады. Көрнекті қазақ ақыны 1928 жылы Шырғанақ ауылына келіп қайтқан . Шырғанақ-Көкбиік атты өлеңі дәл осы біздің жерімізде шыққан.



Шырғанақ-Көкбиік

Қып-қызыл жамағандай тауды мыспен

Қорғасын қорығандай су күміспен

Құймақы. Қожыр қара жақпарлары

Арналып отырғандай алып күшпен

Таутеке .Маралбұғы тағылары

Тау-тасын мекендеген жазы қыспен

Қартадай қатпар-қатпар қаптал жатыр

Тазы ертіп күзгі қарда шықсан құспен

Қуыппыз көк жайлауда бір күн елік

Желіктен кісі аманба қымыз ішкен

Тағыны тастан тауып тарсылдатып

Жүргенбіз тауды ұзақ қыдырыспен

Басына кешке таман Шырғанақтың

Шыққаны әлі есімде Ыдырыспен

І.Жансүгіров



«Туған жерге туыңды тік» демекші, әр перзент туған жеріне, туған халқына еңбегі сіңіп, ауылының гүлденгенін қалайтыны барлығының арманы болар. Біздің ауылдан да шыққан жанашырларымыз, ауыз толтырып айтатындай мақтаныштарымыз аз емес. 2008 жылы жарық көрген «Шырғанақ шәкіртімен шаттанады» атты үлкен кітап жарық көрді. Авторы, редакторы Бижамал Мананова. Құрастырушылары Б.Мананова, Т,Әлімжанова, Г.Құсайынова. Бұл кітапты шыққаннан-ақ киелі Шырғанақ өлкесінің тарихына, мәдениетіне, қонақжайлылығына куә боласыз. Үлкен, салмақты кітапты қарасаң ауылымыздан шыққан игі жақсылармен таныс боласың. 1976 жылы іргесі қаланған, ең алғаш Шырғанақ орта мектебі аты берілген, бүгінде Іңкәрбек Жұмағұлов атына ие болған мектептің алғашқы баспалдақтан қалай аттаған сәті, ұстаздардың ең алғашқы шәкірттерін қуана қарсы алғандығы барлығы осы кітаптан көрініс тепкен. Ауылымыздан шыққан журналистер, депутаттар, жазушылар, әншілер, әртістер өздерінің ізгі ниеттерін, жақсы лебіздерін, ауылы туралы мақтаныш сезімдері туралы қуана сыр шерткен. Сіз бұл кітапты оқу арқылы шырайлы Шырғанаққа саяхат жасай отырып, біздің өңірдің ғажайыптарына шолу жасай аласыз. Ғажайып Шырғанаққа шолу жасау бұл кітаппен ғана шектеліп қалған емес. Әр тауы мен әр жартасына шықсаңыз, өз көзіңізбен сұлулықты көресіз. Сонымен қатар, Іңкәрбек Жұмағұлов атын дағы орта мектебінде орналасқан мұражайымызды да ерекше атап өткен жөн. Мұражайдың іші екіге бөлінген: флорафауна және тарих. Тарих бөлімінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер-батырларымызды, ежелден қалған пайдаланған ыдыс-аяқтары, ат әбзелдері, тың игеру жылдарындағы жасалған еңбектері мен мектебіміздің ашылған жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктеріміз, сол жетістіктерге септігін тигізген адамдар, спорттан жетістікке жеткен чемпиондарымызбен таныса аласыз. ал екінші флорафауна бөлімінде ерекше қызығушылыңызды оятатын өзіміздің өңірімізде тіршілік ететін жан-жануарлар, құстар және өсімдіктер түрлері сіздің таңданысыңызды оятпауы мүмкін емес. Осындай сұлулықтың ортасында өмір сүріп жүрген, осы өңірдің топырағында туылған біздердің арманымыз жоқ.

Ауылымыздың көркеюіне үлес қосып жүрген асқар таудай әкелер мен ақ жаулықты аналарымыздың арқасы, әрине. Кез келген бас иетін адамымыз «ана» екені мәлім. Біздің ауылымызда да алтын құрсақты аналарымыз да жоқ емес. Олардың есімін осы орайда атап өтпесек сын болар. Біздің өлкенің алтын алқа иегерлері: Белғожа Зурахан, Баймұханбетова Биғайша, Әжікеева Гүлбақыт, Өмірбекова Бүбіш, Байқоңырова Рыса, Жанпейісова Зияхан, Қарымсақова Сәуле, Сейтбаева Ұлбосын, Қашқынбаева Шаруан, Сарбасова Мария, Диханбаева Бишан, Нұрғожаева Гүлбақыт. Бұл кісілерді ауылымыз әрқашан да жоғары ұстап, кез келген мереке сайын аттарын ерекше атап, құрмет тұтамыз. Себебі, келешек ұрпақты жақсылыққа, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу біздің ауылымызға сіңіп кеткен жақсы қасиет. Осындай алтын құрсақты аналардың көп болғанына біздер қуаныштымыз.



Шырғанақ атауының шығу тарихымен толық танысқаннан кейін , мен өз жұмысымды алып отырған тақырыбым бойынша жалғастырдым.Яғни «Шырайлы өлке Шырғанақтың » баға жетпес байлығы, ұрпақтан ұрпаққа жеткен қайталанбас жеті кереметі .

1.Шырғанақ өсімдігі

2.Шырғанақ өзені

3.Обай бьастауы

4.Екіаша

5.Тиектас

6.Жасыбай көлі

7.Мұз тау

Сонымен ең бірінші кереметім ол Шырғанақ өсімдігі . Зерттеу жұмысымды Шырғанақ өсімдігінен бастау себебім бізді елді мекенннің Шырғанақ аталуының себебі міне осы Шырғанақ өсімдігімен тығыз байланысты.Өз жерімнің ақсақалдарының айтуы бойынша ешқандай көшеттеусіз немесе тұқымын арнайы отырғызуынсыз ақ алғаш жерімізде алғаш жерімізде өздігінен шырғанақ өсімдігі өскен оның тамыры кең көлем жайып сап сары әрбір жылдың күз мезгілінде жемісін беріп отырған. Күз айының бірінші қары жауғанда сол жердің тұрғындары шырғанақ өсімдігін теріп алып оны дәрілік ретінде пайдаланған. Шырғанақ өсімдігінің майын және тосабын қысөы мезгілге сақтап суық күндері тері аурулары мен үсіп қалудан сақтану мақсатында майын. Ал тосабын қыс мезгілінде жиі кездесетін ауруларға яғыни тұмау мен ішкі құрлыс ауруларына жиі пайдаланған. Сол себепті ел арасында кең қолданысқа ие болған бұл өсімдікті ауыл атауы етуді тұрғындары бір ауыздан қолдаған.

Екінші кереметке Шырғанақ өзенін кіргіздім. Бұл өзеннің Шырғанақ өзені аталу себебі сарқырап жатқан, сыңғыры ерекше жан тербеген бұл өзеннің жағасын шырғанақ өсімдігі бойлай өскен. Бұл өзеннің бастауы сонау АЛСҰЛСАЙ деп аталатын жайлаудан бастау алады. Бұл өзеннің әсемдігін тамашалау мақсатында әрі жол торабын байланыстыру үшін көпір салынған. Атап өткен көпір Шрғанақ өзенінде орналасқан. Бұл көпірді салуға ат салысқан алғашөы механизатор әйел Оңласын Дәуренова атты кісіні ерекше атап өтуімізге болады.

Ертеректе Шырғанақ ауылының шығыс жағында үлкен май зоводы жұмыс істеген сол май зоводта Несіпбаев Обай деген еңбек еткен,еліне көп еңбегі сіңген кісі. Менің үшінші кереметке кіргізіп отырған бұл бастау бізде киелі есептелінеді және суы тұп –тұнық бұл бастау дың ағыны ешқашан тоқтаған емес.Сол жерден бастау ашқан Несіпбаев Обай атамыздығ құрметіне ОБАЙ БАСТАУЫ аталып келеді. Қазіргі кезде Обай атамыздың ұрпақтары Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов театрында еңбек етеді.

Төртінші кереметке мен Шырғанақ ауылының ең тамаша,табиғаты әсем де сұлу жерлерінің бірі-Екіаша жайлауын кіргіздім. Бұл жерге жаз мезгілінде көптеген демалушылар келіп демалады.

Екіаша деп аталуы екі сайдан екі су ағып келіп қосылғандықтан Екіаша деп аталып кеткен.

Бесінші кереметке Тиектас жатады. Бұл жердегі ағып жатқан су домбыраның тиегіне ұқсас болғандықтан ауыл адамдары Тиектас деп атап кеткен.Бұл жер қазіргі кезде Мойнақ су қоймасының бастауы болып есептелінеді.

Алтыншы кереметке Жасыбай көлі жатады . Бұл жерде ешқандай арнайы салынған демалыс орыны болмасада адамдар қалаған уақытында осы жерге саяхаттап келуіне болады. Табиғаты керемет ерекше таза ауасы өғ арша ғана. Бұл көлге шомылуға тиым салынған.Себебі судың асты саз әрі өте салқын адамдарды тартып әкетуі мүикін. Сол себепті адамдардың өмірін сақтау мақсатында бұл жерге келген демалушыларға тек көлді тамашалауға ғана рұқсат етілген. Жасыбай,Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінің алабы Жоңғар шапқыншылығы кезінде Жасыбай батыр бастаған қазақ жасақтарының жау бетін қайтарған тарихи жерлердің бірі болған себепті батырдың құрметіне Жасыбай көлі аталған.

Соңғы керемет яғни жетінші кереметке Мұзтау жатады. Ауылымыздағы солтүстікте ораласқан екінші артезиан суы бұрғылау нәтижесінде құбыр арқылы фантанша сыртқа атқылап тұр.Жаз кезінде аталған мұз шағын көлге айналып,үйрек-қаздар күн суытқанға дейін маңында жүреді. Ал күн суытқаннан кейін яғни қыс мезгілі түсе салысымен атқылап жатқан су бұрқақ бірте –бірте мұз тауға айналады.Ол қыс мезгілінің ортасында шамамен алғанда 4-5метр биіктікке дейін жетеді.Ал жаздағы шағын көл қыс

Ең бірінші жеті кереметті шырғанақ өсімдігінен бастау себебім біздің ауылдың атауының шығуы осы шырғанақ өсімдігімен тығыз байланысты. Ауылдың көненің көзін көрген ауыл ақсақалдардың айтуы бойынша ешқандай көшеттеусіз өздігінен шырғанақ өсімдігі өскен. Кейіннен бұл өсімдік тамырын кеңге жайып көбейген және күз мезгілінде сап-сары жеміс беріп ауылға ерекше көрік берген. 1920-1930жылдаро аралығында ауылға осылайша Шырғанақ атауы берілген.Ауыл тұрғындары бұл атаумен толықтай келісіп бәрі бір ауыздан қолдаған.

Олай деуіміздің себебі ауылымыздың тұрғындары бұл өсімдік біздің ауылымға өскелі бері оның пайдасына қанық. Күздің бірінші қар жауған кезінен бұл өсімдікті теріп алып жемісінен қысқы азық ретінед тосап және май алған . Бұл шырғанақ жемісінің майы тері ауруларына,және қысқы мезгілдері қатты аяз уақыттарында үсік шалудың көптеп белең алатыны белгілі содан қорғану мақсатында шырғанақ өсімдігінің майын пайдаланған

Қорытынды бөлім

Қадым заманнан бері жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сыйқырлы күш бар деп санаған.

Халық даналығы

Оны кие тұтып, қастерлейтін небір үлттар болды.Соның бірі- қазақ халқы.Біздің ата-бабаларымызда жеті санын қастерлеп, бір қатар таным түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт- дәстүріне арқау етіп келеді. Сондықтан біз өз ауылымыздың жеті кереметін көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек.

Мен өз зерттеуімнің қортындылауына еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын сөзге тиек еткім келеді. Менің алып отырған жобам Тарихи ескерткіштерді зерттеумен еліміздің шығу тарихын білу тану мақсатына бағытталған басты қадам. Мәдени ескерткіштерді зерттеу барысында атап өткен жеті кереметке қоса Шарын шатқалын атап айтуға болады

Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.

Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.

Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады.

Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.

Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Ықылым замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті.

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады.

Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Серікбай Құрманғалиұлының «336» кітабы.

2.Шырғанақ шәкіртімен шаттанады.

3.Газет журналдағы мақалалар.

4.Бақыт Мәжитұлының « Пайдалы өсімдіктер» энциклопедиясы.

5.Шүйкебаев атындағы мұражайда сақталған құнды деректер.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі