400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Шырақтың ерлігі (5 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.2В Сақтар

Мектеп: «Ғ.Абдуллин атындағы ОЖББМ» КММ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Э.Г.Габбасова

Сынып: 5 Қатысқандар: 15 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Шырақтың ерлігі

Зерттеу сұрағы: Сақтар тәуелсіздік үшін қалай күресті ?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

5.3.2.1 – Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:

Дарий патшаның сақ жеріне жорығы туралы деректерді біледі .

Басым оқушы:

Парсы патшасы мен грек тарихшысының жазбаларындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады.

Кейбір оқушы:

Парсылардың соғыс жорықтары туралы дереккөздері арасындағы сабақтастықты дәлелдейді.

Бағалау критерийі

  1. Дарий патшаның сақ жеріне жорығы туралы деректерді айта алады.

  2. Парсы патшасы мен грек тарихшысының жазбаларындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата алады.

  3. Парсылардың соғыс жорықтары туралы дереккөздері арасындағы сабақтастықты дәлелдей алады


Тілдік мақсаттар

Лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын тілдік мақсаттар.

  1. Парсылардың сақтар жеріне жорығы туралы әңгімелейді (айтылым дағдысы)

  2. Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).

  3. Сақ жеріне парсылардың жорығы туралы авторлар пікірін дәптерлеріне жазады (жазылым дағдысы).

  4. Сақтар туралы Бехистун жазбаларын бейне үзіндіден көріп, тыңдайды (тыңдалым дағдысы).


Құндылықтарға баулу

Азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.

Пəнаралық байланыс

Дүниежүзі тарихы, география пәнімен байланыс сабақта ізденіс жұмысы және карта арқылы жүзеге асырылады.

Алдыңғы білім

Сақ патшайымы Томирис туралы мәлімет біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру: «Сәлемдесу» тренингі

Оқушылар ерлікке байланысты мақалдар айтады

Топқа бөлу: «Мозаика» әдісі (3 топ құру) – Берілген сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлінеді. (Томирис, Полиэн, Бехистун суреттері шығады)

Қызығушылығын ояту:

Сақ тайпалары туралы Бехистун жазбаларынан бейне үзінді көрсетіледі: (тындалым)

  • Бұл бейне үзіндіні көре отырып, қандай ой түйдіндер

( оқушылар өз ойларын ортаға салады)





Суреттерге сілтеме:

https://www.google.ru/search




Сабақтың ортасы

  1. минут


Оқулықта көрсетілген мәтінді барлық оқушылар оқиды (оқылым)

Жұптық жұмыс: «Суреттер сөйлейді»

Бехистун суретіне сақ бейнесін сипаттауға арналған 8 сөз жазу.

Дескрипторлар:

1.Суретке қарап сипаттауға бағытталған Бехистун жазбасындағы сақ бейнесіне түйінді сөз жаза алады.

2. Үш топтан 2 оқушы түйіндерін оқиды

Жеке жұмыс: «Жұптас-ойлан-бөліс» әдісі

І топ- Бехистун жазбасын сипаттайды

ІІ топ- Полиэн деректері

ІІІ топ- Парсылардың жаулаушылық соғыстары

Тақырыпты жеке оқиды,алған мәліметтері бойынша жұбымен бөліседі,жұптар бір бірімен ой бөліскеннен кейін топ ішінде талдап, деректерді дәптерлеріне жазып , кескін картаға парсы жорықтарын түсіріп, постер қорғайды.

Дескрипторлар:

  1. Бехистун жазбасы туралы біледі

  2. Полиэн деректерін дәптерлеріне жазып алады

  3. Сақтардың парсы елдерімен қарым-қатынасын анықтайды

  1. Кескін картаға парсылардың сақтарға қарсы жаулаушылық жорықтарын түсіреді

  2. Парсылардың жаулаушылық жорықтарының картадан көрсетеді

  3. Тарихи маңызын анықтай алады

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»



Оқулықпен жұмыс. Қазақстан тарихы 5 сыныбына арналған оқулық С.Р.Ахметова т.б.- Астана « Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ, 2017»



А 3 қағазы, түрлі –түсті маркерлер, оқулық , кескін карта,флипчарт
















Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия «Кеме»

  1. Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түске боя.

  2. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, желкенді сары түске боя.

  3. Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса желкенді жасыл түске боя.

  4. Егер қаласаң, кемені де бояуына болады.







Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар: Жұптық, топтық жұмысқа тартылады, тапсырмаларды орындауда топта диалог жүргізіледі, үнемі бағыт беріледі.

Жалпы сынып үшін саралау тапсырмалардан, бағалаудан көрініс табады. Қабілетті оқушыларға бағалау деңгейіндегі тапсырма беріледі. (суреттер сөйлейді)топтық, жұптық жұмыс кезінде негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға уақыт беруді жоспарлаймын. Оқушылар үнемі бағаланып отырады.

Аз қолдауды қажет ететін оқушылар:

жеке жұмыс кезінде сұрақтарға пікір білдіреді, күрделі дереккөздермен тез жұмыс істей алады.



Қалыптастырушы бағалау «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады.

Оқуды жақсарту мақсатында АКТ құралдары сабақтың 1 тапсырмасын орындауда қолданылады. Ұйымдастыру кезінде «Сәлемдесу» тренингінде оқушылар ерлік туралы мақал айтады, сыныпта ынтымақтастық қарым-қатынас орнатады.

Топтық, жұптық, жеке жұмыстарға тартылу арқылы қимыл-қозғалысты жүзеге асырады.

Оқытуды жақсарту мақсатында АКТ құралын сабақтың ой қозғау сәтінде

2 минут қолданылады.

Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану, оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, денсаулығына салмақ салмау. Функционалды сауатты, елжанды, жауапты, салауатты өмір салтын ұстанатын, креативті және сыни ойлайтын оқушы дайындауға қолайлы білім беру кеңістігін жасау.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
5637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі