400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сырда туып,сырда өскен ақын Асқар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

DrawObject1

І. Қабылов атындағы №12 орта мектебі




Тақырыбы: «Сырда туып, сырда өскен

ақын Асқар»


Бағыты: Қазақ тілі мен әдебиеті


Авторы: Таменова Дана

3 «В» сынып оқушысы



Жетекші: Бастауыш сынып мұғалімі

Алиева Гүлжайна











Қызылорда қаласы 2014 жыл


І. Кіріспе

«Біз Қазақстанның барлық

азаматтарының Отаншылдық сезімі

мен өз еліне деген сүйіспеншілігін

дамытуға тиіспіз» Қазақстан

Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан

халқына жолдауынан

Бұл ұлағатты сөз болашақ ұрпақ бойында еліне деген, жеріне деген ерен сүйіспеншілігін қалыптастыру қажеттігін аңғартады.

Атадан балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа жалғасып, дәстүр тазалығын сақтап келе жатқан рухани бай мұрамызды әрбір жас ұрпақтың есте сақтап өсуі-парыз.

Өзінің бай тарихы, мәдениеті, эканомикасы, ғылымымен қатар, әлемдік кеңістікке қанат жайып, өркениет белесіне нық сеніммен қадам басуда.

« Өкенді еске алу-өсудің,

Өткенді еске алмау-өшудің белгісі»-демекші, өткен өмірді,ол кезеңде өмір сүрген зиялыларды еске алып, еңбегін жаңғырту- басты парызымыз.Сол себепті мен осы тақырыпты таңдауды жөн көрдім. Сыр топырағынан шыққан халықтың біртуар азаматтары, ұстаздар, ағартушылар, зиялылар өз есімдерімен тарихта қалды. Сондай «Тамыры терең бәйтерегіміз», « Ғасыр адамы» атанған ақынымыз- Асқар Тоқмағанбетов.

Мен Қызылорда обылысында дүниеге келген қазақ әдебиетіне үлес қосқан, талантты ақын,прозаик,сатирик Асқар Тоқмағанбетов туралы, өлеңдері, поэмалары, мысалдары, оның шығармашылық өнер жолы жайында зерттеу жұмыстарын жүргізуге бел будым.

Жұмысты зерттеу барысында қаламыздағы Ә. Тәжібаев атындағы ғылыми- әмбебап кітапханасына бардым.Ондағы атамыздың кітаптарын және ол кісі туралы жазған ақын- жазушылармыздың ой- пікірлерін жинақтадым.

Ғылыми жобаның өзектілігі – еліміздің жас ұрпақтары бүгінгі күншырайлы өмірді, бейбіт өмірді сыйлаған ата-баба тарихын ұмытпауы болып табылады.

Ғылыми жобаның мақсаты - өткенді танып, бүгінгіні ертеңге аманаттап, болашақты бағамдап отыруды дәстүрге айналдыру.

    1. А

      Фельетондар

      Асқар Тоқмағамбетов

      Мысалдар

      DrawObject5 DrawObject4 DrawObject7

      Сықақтар

      DrawObject6 DrawObject3 DrawObject2

      Пьесалар

      Поэмалар

      Өлеңдер

      қынның балаларға арналған өлеңдері




АAutoShape 7 AutoShape 9 AutoShape 14 AutoShape 13 AutoShape 10 AutoShape 15 AutoShape 14 қын атамыз осындай жанрда өлеңдер жазған. Атамыздың өлеңдерін оқи отырып, балаларға жазған өлеңдерін таңдап алып, оларды былайша топтадым.








Табиғатқа арналған өлеңдері

Адам табиғаттың бір бөлшегі, бір перзенті секілді. Адамдар өзін қоршаған әлеммен үйлесімді тіршілік етіп, оны бағалап сүйе білуі қажет. Ақын табиғаттағы өзгерістер мен оның құбылыстарын өте шеберлікпен дәл бейнелеген.

Көктем

Көңілді,дархан көктем кеш,

Аспанның асты көкпеңбек.

Құндақтан шыққан баладай,

Талпынған өмір өссем деп.- деп табиғат құбылысындағы

өзгерістер мен адамдардың әрекетін теңестірудің хас шебері екінін аңғаруға болады.

Мысал өлеңдері

Қай халық болмасын не заманды басынан өткергенде оның табан ізіндей, көкірек көзіндей қысқа-қысқа мақал-мәтелдің ошағы болатыны анық. Сол сияқты біздің де басынан өткерген жайлардан қаншама тарихтың түп төркінін білдіретін нұсқалы қысқа нақылдар жоқ деймісің. Ол таусылмас қазына ешқашан сарқылмақ емес. Сол сияқты түп нұсқасын халықтың өзінен алған Асқар атаның мысалдары да өмір- бақи тозбақ емес. Ақынның сатирасының елеулі бөлігі мысалдар. Мысалдарында сынға алынатын адамдарды аңдар,өсімдіктер бейнесінде алып суреттейді.Бірі тоқылдақша тоқылдап,бірі тиінше жортып жүрген бөспелер, жұмысқа қырсыздар, ұшпа мінездер, жалқаулар туралы айтады. Сөзіміз дәлелді болу үшін жәй ғана мына екі-үш мысалды алып көрейік:

Ал «Бидай мен қаңбақ» мысалында ұшпа мінез, іске олақ жеңілтектер туралы жазады.

Ал «Сыбырлақ» деген мысал өлеңінде жыбырлақ,сабақта тыныш отырмайтын, сабақ сұраса түк айтпайтын оқушыларды суреттейді.

Алыптар туралы ертегі

Сонымен қатар Асқар ата балаларға арнап жазған «Алыптар туралы ертегі» атты поэма жазды. Ертегі сюжетіне құрылған бұл шығарма адамды, адам анасы-әйелдің ұлылығын суреттеуге құрылады. да, балаларға анасын ардақтау,сыйлай білуге үндейді. Ақын идеясы шығарманың:

Менімше, алыптардың алыбы-ана,

Анадан бәрі соның туған бала.

Халық алып, халық анасы одан да алып

Балалар, сіздерде ойла, дәл бағала!- деген жолдарында жатыр.[14.5]

Білім, тіл туралы өлеңдері

Асқар атаның сонымен қатар балаларды оқу- білімге шақыратын өлеңдері баршылық. Бойың қысқа болса да, ойың қысқа болмасын.Білімің болса ғана бойыңның биіктейтіні қақ. Бар тілден білімді алуға болады,бірақ өз ана тіліңді ұмытпауың керек екенін айтады.

Ақын атаның қай өлеңінде болмасын ұлағатты ақыл сөздер арқылы балаларды үлгілі, тәртіпті, адамгершілікті, адал болуға шақырады. Сонымен бірге ақын өтіріктің өрге баспайтынын,оның өмірі қысқа болатынын өлең тілімен жеткізе білген. Мына жолдардан байқауға болады.

Өтірік айтпа өлсең де,

Өтірік өрге баспайды.

Өтірік әрі-сәрі ғып,

Орта жолға тастайды.

Туған жер туралы өлеңдері

«Әркімнің туған жері Мысыр шаһары» дегендей ақынның өзінің туған жеріне, еліне, қаласына арнаған өлеңдері баршылық. Ақын туған жерін өзінің туған анасының алақанына теңейді.

Қорытынды

Дүние есігін ашып, шыр етіп өмір келген әрбір пенде өзінің кіндік қаны тамған жерін- алтын бесіктей өз Отаны санайды.Өткенді еске сақтап, байтақ Қазақстан елінде, туған жерім Қызылорда жерінде өсіп- өніп келемін.

« Сырда туып, сырда өскен ақын Асқар» атты жүргізген жұмысымда жерлесіміз, талантты ақын,прозаик,сатирик Асқар Тоқмағанбетов туралы жан- жақты зерттеуге талпындым.

Асқар атаның балалық шағы, оның бізге қалдырған еңбегі жайында іздендім.Ол кісі жайлы деректерді толықтыру мақсатында өзіміздің туған қаламызда орналасқан Асқар Тоқмағанбетов мәдениет үйіне, ақын ата атындағы көшеге және осы жобамды толықтыру мақсатында қаламыздағы обылыстық, қалалық өлкетану мұражайларына бардым.

Ақынның қызы Қызылорда педагогикалық колледжінде қызмет атқаратын Аякөз Асқарқызымен кездесіп, ата туралы пікірлестім.

Асқар ата Қызылорда өңірінде дүниеге келгендіктен, оның туған жеріне деген өлеңдеріндегі әр жол бізге таныс.Себебі,біз жерлес ақынның өлеңдерін жатқа оқып есейдік,жырлары арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігіміз артты.

Әркімнің туған жері,Отаны бар. Менің туған жерім- Қызылорда шаһары болса, Отаным-Қазақстан. Оның әрбір жетістігіне қуанатын ұланымын. Менің Отаныма бүгінгі күні бүкіл дүниежүзі көз тігуде. Өзімнің туған жерге деген сүйіспеншілігімді мына өлең жолдарымен білдіремін.

Туған жер

Туған жерім,сыр елім,

Абыздар айтқан жыр ме едің.

Сусындап әркез өзіңнен

Жайқала өсіп гүлдедім.

Байлығын мақтан етсе елің,

Мерейің болар жоғары.

Дүрсілдеп бала жүрегім

Өзің деп қана соғады.

Осы жобамды қорытындылай келе ақынға деген өз жүрегімнен шыққан өлеңімді оқып берейін.

Асқар атаға арнау

Сұңғыла ақын сырдағы күлімдеген,

Жырын оқып атамның жүзін көрем.

Өзі жазған жырларын қайталамай,

Жеткізе алмаспын мен тілімменен.

Асқар ата сырдың ұлы жыр бұлағы,

Қара сөзі өлеңі құнды бәрі.

Топырағыңнан айналдым, Ақмешітім,

Ұрпағын текті қылып тудыратын


Ұсынысым:

  1. Қаламызда орналасқан Асқар ата атындағы мәдениет үйінде атаға арналған мұражай немесе бұрыш жоқ екен. Мәдениет үйі ақын ата атындағы болғандықтан бұрыш жасап қою


  1. Атамыздың өлеңдерін кіші мектеп жасындағы балаларға арнап түрлі-түсті суреттермен көркемдеп шығару.

Пайдаланған әдебиеттер


  1. Тоқмағанбетов А. Таңдамалы шағармалар.- Алматы:КҚӘБ.,1953

  2. Тоқмағанбетов А. Шығармалар жинағы.4томдық.- Алматы: Жазушы,1982-1984

  3. Өлеңдер.-1982.

  4. Сатиралық шығармалар.-1984

  5. Тоқмағанбетов А. Фельетондар мен сықақатар.-Алматы:ҚМКӘБ.,1958

  6. Тоқмағанбетов А. Дария сыры: Өлеңдер,поэмалар,мысалдар, фельетондар.- Алматы:ҚМКӘБ.,1959

  7. Тоқмағанбетов А. Әке мен бала.- Алматы:ҚМКӘБ.,1961

  8. Алматы:ҚМКӘБ.,1959.Сайрайды бұлбұл: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы:ҚМКӘБ.,1961

  9. Тоқмағанбетов А. Тырналар,сұлу тырналар: Өлеңдер мен сықақтар.-Алматы:Жазушы,1965

10.Тоқмағанбетов А.Өмір өлмейді: Өлеңдер мен сықақтар.-Алматы:Жазушы,1968

11. Тоқмағанбетов А. Жазғы жапырақтар:-Алматы: Қазақстан,1968

12. Тоқмағанбетов А. Өлеңдер,поэмалар, фельетондар.

13. Тоқмағанбетов А.Шағалалы шалқар:Өлеңдер мен сықақтар.- Алматы:Жазушы,1971

14. Тоқмағанбетов А.Ғажайып жылдар: . Өлеңдер,поэмалар.- Алматы:Жазушы,1980

15. Тоқмағанбетов Асқар(1985-1983)//Советтік Қазақстан жазушылары:Биобилиографиялық анықтамалық.-Алматы,1987.-619-620б.

16. Тоқмағанбетов Асқар(1905-1983)// Қазақ

әдебиеті:Энциклопедия.-Алматы,1999.-629б.

17. Әлімқұлов Т. Жанрын тапқан жазушы. (Асқар

Тоқмағанбетов творчествосы).//Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан.

Алматы,1978

18. Бердібаев Р. Халықтық ақын. (Тоқмағанбетов Асқар).//

Бердібаев Р. Ғасырлар толғауы.-Алматы,1977.-288-302б.

19. Смағұлова Г. Асқар Тоқмағанбетовтың ақындық

творчетвосы.- Алматы,1965;

20. Шайхыұлы Е. . Асқар Тоқмағанбетовтың мысалдары.//

Қазақ тілі мен әдебиеті.-2003.-№3-63-67б.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі