400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сырдың сырлы ақыны 5-11 снып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жерлес балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың өмір жолымен, шығармашылығымен таныстыру, әндерін нақышына келтіре орындау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сырдың сырлы ақыны

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қызылорда облысының Құрметті қайраткері, Жаңақорған кентінің құрметті азаматы балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың өмір жолы, ақындық қызметі туралы әңгімелеу,ақынның сөздеріне жазылған әндерді насихаттау.

Көрнекілігі: ақын суреті, әр жылдардағы шығармалары, слайд – шоу, кеспе қағаздардағы сұрақтар, билборд «Сырдың сырлы ақыны», кітап көрмесі.

Сабақтың барысы:

Кеш Адырбек Сопыбеков туралы бейнероликпен басталады.

Жүргізуші:

Үн қосып өлеңіне

Сыр елі дүбірлейді.

Сыр суы сылдыр қағып

Домбыра күмбірлейді.

Сыр шертіп жүрегінен,

Барын да аямаған.

Бүгін де Адырбек аға

Шалқыған шабыттаған,

Төгіліп ағыл – тегіл,

Жырлары шарықтаған.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Сырдың сырлы ақыны» атты кешіміз талантты жерлес ақынымыз Адырбек Сопыбеков ағамызға арналады.

Өздеріңіз бейнероликтен көріп отырғандай

Адырбек Сопыбеков – Қазақстан Жазушылар Одағының және журналистер Одағының мүшесі, Облыстың Құрметті қайраткері, Жаңақорған кентінің Құрметті азаматы, Жалаңтөс Баһадүр атындағы ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері, аудандық «Қарымды қаламгер» номинациясының иегері.

Ендеше өзі де сұлу, өлеңі де сұлу, өмірі де сұлу ортамызда отырған ардақты ағамызға қошеметпен қол соғып төрімізге отырғызайық.

Ақынның өмір жолынан қысқаша шолу.

Адырбек Сопыбеков – 1937 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Кеңес ауылында дүниеге келген

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін және Алматыдағы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген.

1961 – 1965 жж. Жаңақорған аудандық «Екпінді» газетінде жауапты хатшы, аудандық партия комитеті хатшысының көмекшісі, Шиелі аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық «Өскен өңір» газеті редакторының орынбасары болып қызмет істеген. 1967 – 1985 жылдары Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы»)газетінде әдеби қызметкер, Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Жаңақорған тынысы» ) газетінің редакторы, Жаңақорған аудандық партия комитеті саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, «Кітап» қоғамы аудандық ұйымының жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. 1985 жылдан аудандық мәдениет бөлімі жанындағы Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкеновтың шығармашылық өнер мектебінің ғылыми - әдістемелік кеңесінің төрағасы, 1990 жылдан 2011 жылға дейін өнер мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Бір топ өлеңдері «Қазақ балалар поэзиясының антологиясына » енген. Өлеңдері орыс, беларус, өзбек тілдеріне аударылған. Біраз өлеңдері 50 жылдан аса бастауыш мектеп оқулықтарына жыл сайын еніп келеді.

Оның ішінде балаларға арналған «Көзілдірік», «Айға сапар», «Кім қалай ұйықтайды?», «Көктем жыры», «Базарлық», «Айналайын», «Күншуақ», «Шешілген жұмбақ», тағы басқа кітаптары шыққан. Ендеше ортамызға Адырбек ағамыздың балаларға арналған кітаптарындағы өлеңдерін оқуға 2 сынып оқушыларын шақырамыз.

Нышан Мұхаммеджан «Шешілген жұмбақ» кітабынан Ағаларым өлеңін оқиды.

Үсенбаева Дилнура «Менің әліппем»

Ермекбай Қаракөз «Сурет салдым»

Жүргізуші:

Ай қалқыған сұлу Сырдың түндері – ай!

Бойды алған сазды әуен үндері – ай!

Осындайда жан – күйіңді балқытқан,

Бексұлтанның назды әсем әндері – ай! – деп Адырбек ағамыз айтқандай

Өлеңі жазған: Адырбек Сопыбеков,Бексұлтан Байкенжеевтің әнімен жазылған

«Құда болып жүрейік» әнін қабылалыңыздар

Орындайтын:

Жүргізуші: Адырбек Сопыбековтың шығармашылығының табысына, оның көтерілген биігіне әйгілі ақын Мұзафар Әлімбаев кезінде баға беріп қойған. Ол «Қазақта ақын болатын болсаңдар Адырбек Сопыбековтей етіп өлең жазыңдар. Ал олай болмаса қаламыңды қор қылма» деген. Адырбек Сопыбековтың әр жылдары жазған «Дөңгеленген дүние», «Хорасан ата», «Ақ баян», «Полетна луну» атты кітаптарының өзі қазақ поэзиясының спорт тілімен айтқанда «планкасын биікке көтеріп» тұрған шығармаларға жатады.Ендеше соның дәлелі ретінде мектебіміздің 4 – 6 сынып оқушыларын шақырамыз.

Тайбек Ақерке «Дөңгеленген дүние» кітабынан «Апамның әлдиі»

Нұрланқызы Айда «Бақшаға өзі барады»

Сапарбай Нұрберген «Көбелек»

Бейсенбай Көркем «Бұл кімдер»

Рахматулла Аружан «Қырманда»

Тайбек Ботагөз «Ұстаз»

Адырбек ағамыздың орыс тілінде де жазылған бірнеше өлеңдері бар. Ол кітап «Полет на луну» болып жарыққа шыққан. Ендеше ортамызға 6 сынып оқушыларын шақырамыз.

Өсербай Алтынай «Где хранят конфеты?» өлеңін оқиды.

Мырзабаева Тоғжан «Что скажет коза?»




Жүргізуші:

Мен іздеген сол періште – Адырбек

Күн кешпеген жер қуырып, жанын жеп

Бала мінез балалардың ақыны,

Біздер үшін келе жатыр Тәңір боп

Ән: «Ақ гүлім»

Сөзін жазан: Адырбек Сопыбеков

Әні: Бексұлтан Байкенжеевтікі

Орындайтындар:

Жүргізуші:

Қашанда ел қасиетіңді қадірлейді,

Ақын етіп шығардың ақыр мені.

Жаңақорған жұлдызын жарқыратқан

Сенсің елдің сүйікті Адырбегі- дей отыра ортамызға балалардың сүйікті ақыны, жерлесіміз Адырбек Сопыбеков ағамызға сөз кезегін береміз.

Би: Қазақ биі

Орындайтындар: Қыздар тобы

Жүргізуші:

Бала жанын түсінген анадайын,

Анадайын біледі бала жайын.

Өлеңінен төгіліп өмір шындық,

Өзіңізді құрметтейміз ағатайым – деп келешек жас ұрпақтың, әлі қанаты қатаймаған жас ақындардың Адырбек атамызға деген арнау, өлеңдеріне кезек берейік.

Оңдасбек Оңдасын

Әбдураймова Әлия

Жүргізуші: Келесі сөз кезегі бүгінгі кештің қонақтарына беріледі.

Жүргізуші:

Адырбек аға !

Аузыңды ашсаң аппақ жүрегің көрінген,

Төредей күтіп ұсынам орын төрімнен.

Өлеңің қандай өріміндей қыздың өрлеген,

Жерің жоқ, аға, жазудан жырдың жерінген-

– деп Адырбек аға біздің оқушыларымыздың көкейінде жүрген, көкейкесті сұрақтарын қойып өтсек.

  1. Сіздің бал – балалық шағыңызда , есте қалған ерекше оқиғаны айтып өтсеңіз?

  2. Сіздің «Хорасан ата » кітабының жарыққа шыққанын білеміз, сол кітапты жазуға не себеп болғанын айтсаңыз.

  3. Сіздің қазақстан тарихы төңірегіндегі зерттеу жұмыстарыңыз жайында білеміз.Облыстың «Сыр бойы» және Республикалық «Айқын» газетінде сыр бойында орналасқан қалалар жөнінде, әсіресе Баршынкент қаласы төңірегінде зерттеу жұмыстары жайлы бізге әңгімелеп өтсеңіз . Және де сізбен бірге осы тарихи орындарды араласақ деген ойымыз бар. Осы ойға не дейсіз?




Жүргізуші:

Ақындар көп, періште ақын аз бірақ,

Періште ақын – жанға жақын жазғы бақ.

Жазғы бақта – жан сүйсінер жарасым,

Жалған тіршілік енші болар аз күн – ақ – дей келе бүгінгі кешімізді қорытындылау үшін мектебіміздің директорына сөз береміз.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар ұстаздар оқушылар! Бүгінгі кешімізді жерлесіміз Бексұлтан Байкенжеевтің әніне жазылған, Адырбек ағамыздың «Сағынып жүрші» өлеңіменен кешімізді қорытындылағымыз келіп отыр.

Ән: «Сағынып жүрші»

Орындайтын:

Қастерлей алса,

Өзіндей елдің асылын.

Кезекте келер

Айтатын бетке ашығын.

Мен сені аға

Биіктен дәйім көрейін.

Адырбек – ақын

Сырымнан ұшқан лашыным – деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз қош сау болыңыздар.
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 желтоқсан
1244
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі