400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сурет: Әжемнің өрнегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әжемнің өрнегі. Өрнектің түрін және қандай екенің түсіндіру және көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

№31 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Күні: 20___ жыл «___»___________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу іс – әрекеті: Сурет салу

Тақырыбы: Әжемнің өрнегі

Мақсаты:

1.Түрлі – түсті бояуларды пайдалана отырып текеметті безендіруге үйрету.

2.Сурет салуға деген ынта – ықыластарың арттыру.

3.Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекті құралдар: демонстрациялық материалдар.

Сөздік жұмыс:текемет.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

  • Балалар, Айсұлудың әжесі бізге керемет текемет беріп жіберіпті. Киізден жасалған қазақтың ұлттық үй бұйымы – текеметті көрсетеді. Текеметтер сан түрлі қазақ оюларымен әшекейленуі де мүмкін екенін, қазақ шеберлерінің сәндік қолданбалы өнердің керемет өрнектерін ұрпақтан – ұрпаққа беріп келе жатқанын айтады.

  • Айсұлу өзінің қуыршақтарына осындай әдемі текеметтің суретін салып берулеріңді өтінеді.

Балалар педагогтің текемет жайлы айтқан қызықты мәліметтерін тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

  • Біз Айсұлудың ойыншықтарына текеметті түрлі түсті бояуларды пайдаланып өрнектеп берейік. Сендердің алдарыңда аяқталмаған текеметтің суреті тұр, осы текеметті қылқаламады сары, қызыл, көк бояуларға батырып бояймыз. Алдымен сары түске ортасындағы шаршыны бояймыз, содан кейін бояуды қызыл түске алмастырып алып, жоғарыдағы және төмендегі үшбұрыштарды бояймыз. Шеттерін көк және қызыл түстермен немесе өздерің таңдаған түстеріңмен бояуларыңа болады.

Міне, текеметіміз де дайын болды. Айсұлу қуыршағына арналған текеметтің дайын болғанына ризашылығын білдіреді. Педагог суретті бояған кезде балалардың ұқыпты жұмыс жасауын қадағалайды. Бояған кезде сызықтан шығып кетпеуді ескертеді.

«Бұл неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: Балалардың ойлау ұшқырлығын, қиялын дамыту мақсатын көздей отырып, балаларға денелердің қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынын тапқызу.

Балалар педагогтың көрсетуімен қылқаламды пайдаланып текеметті өрнектейді. «Текемет» сөзін бірнеше қайталап айтады. Әр геометриялық пішінді ұқыпты бояуға тырысады.


Шар, гүл, бақбақ, доп, аққала, мұнара, жарты дөңгелек, қайық, шелек, шыршалардың қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынын айтады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог балаларға барлығының жа жақсы жұмыс істегенін айтып, мадақтап, текеметтерінің өрнектерінің әдемілігін Айсұлу әжесіне көрсететінін айтады.

Өздерінің жұмыстарына баға бере қарайды.


Күтілетін нәтиже:


Білу керек: қылқаламмен бояған кезде бояуды сызықтың шетіне шығармай, ұқыпты жұмыс жасай білу дағдыларын.

Түсіну керек: үйде тұтынылатын ұлттық бұйымдардың ерекшелігін.

Үйрену керек: текеметті бірнеше бояу түстерін алмастыра отырып бояуды.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
23 мамыр
2903
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі