400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сурет "Автобус"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығарманың мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 14.02.19ж.

Тәрбиеші: Асылбекова Ж.С.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: Сурет салу.

Өтпелі тақырып: «Техника және біз»

Тақырыбы: «Автобус»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:Түрлі-түстібояудың көмегімен геометриялық пішіндерді пайдаланып,автобустың суретін салудыүйрету,сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту: Көлік туралы жалпы блімдерін бекіту.

Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау.

Ресурстармен қамтамасыз ету: альбом,түрлі түсті қарындаштар, тақырыптық суреттер.

Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): шаршы – квадрат, дөңгелек – круг, тіктөртбұрыш – прямоугольник, көлік – транспорт.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Атам шықса сапарға,
-Жолың болсын!- дейді апам.
Апам шықса сапарға, 
-Жолың болсын!- дейді атам.
-Жолың болсын!- дейді олар, 
Үлкенге де кішіге.
-Жолың болсын!- дейді олар,
Ұшырасқан кісіге.
Осы сөзде байқадым,
Қуат барын, күш барын.
-Жолың болсын!- айтам мен,
Алыс жолға шықса кім.
2.Негізгі бөлім:
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қыс мезгілінің айларын атап көріңдерші
-Бір аптада неше күн бар?
-Жарайсыңдар балалар, өте жақсы. -Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр
Алысты жақын еткізеді
Керек жерге жеткізеді
Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Көліктер үш түрге бөлінеді. Жерде, ауада, суда жүретін көліктер. 
Көліктерді жүргізуші жүргізеді. 
-Балалар жеңіл көліктер не үшін керек?
Автобус, троллейбус, трамвай не үшін керек?
-Жедел жәрдем көлігі не үшін керек?
-Өрт сөндіру көлігі не үшін керек?
Пойыздар мен ұшақтар не үшін керек?
-Жарайсыңдар сендер көліктер туралы көп біледі екенсіңдер
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Бір көзім «кідір» дейді
Бір көзім «жүгір»дейді
Бір көзім «абайла»дейді
«Қарап ал маңайға»дейді
-Ол не ?
-Бағдаршам қандай қызмет атқарады.
Балалар, сендерге тағы бір жұмбақ жасырайын
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр.
Бүгін біз көліктің бір түрі –автобустың суретін салатын боламыз.
(Автобусты қалай салу керектігін үлгіні көрсете отырып түсіндіру)-Алдымен тік төртбұрышты пішін саламыз
-Дөңгелектерін саламыз
-Алдыңғы бөліміне кабина пішіні салынамыз
-Терезесін кішкене төртбұрыштардан жасаймыз
-Балалар салған автобустарыңды өздерің қалаған түспен боясаңдар болады.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қылқаламды қояйық.
Қолымызды созайық,
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық.
Бір отырып бір тұрып,
Тынығып біз алайық
Ойын: «Қатарды есіңе сақта»
Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту
Шарты: ойынға 5-6 бала қатысады,Бірінші бала паравоз «жүргізуші», қалғандары «жүргізушінің» артындағы «вагондарға» бір минут қарауға мүмкіндік беріледі, Содан соң ол теріс қарап, артында «вагон» болып тұрған балалардың аттарын ретімен атап шығуы тиіс.
Ойын: «Өз аялдамаңды тап»
Мақсаты: түстерді ажырата білу, ойын дамыту.
Шарты: картоннан ойылып жасалған әр түрлі түстегі автобустарды бір-бірден таңдап алып, өз автобусының түсін атайды, бір сұраққа жауап беріп, өз аялдамасына апарып қояды.
3.Қорытынды:

Ойын: «Көліктерді топтастыр»
Мақсаты: Көліктер туралы білімдерін бекіту.
Шарты: Үлестірмелі карточкалардағы көліктерді әуе, жер, су көліктері түрлеріне бөледі. 




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
1956
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі