Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сурет бойынша әнгіме Жайлауда АКТ Флифчарт арқылы балалардың ой өрісін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаз мезгілі және ерекшеліктерін айтып ,жайлау туралы түсінік беру, оның тыныс-тіршілігімен таныстыру. Сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету,сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. Тіл байлықтарын арттырып , сөздік қорларын молайту. Табиғатты аялауға , адамгершілікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы



15 «Балбөбек» бөбекжайы





























Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Сурет бойынша әңгіме «Жайлауда»

Ересектер «Қызғалдақ» тобы

Тәрбиеші: Д.Дюсенова











































2018-2019 оқу жыл

«Қызылорда облысы,

Жалағаш ауданы,

Мақпалкөл ауылы

15 «Балбөбек» бөбекжайы

І санат тәрбиешісі

Дюсенова Динара Батырбекқызы





































Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Сурет бойынша әңгіме «Жайлауда»

Мақсаты: Жаз мезгілі және ерекшеліктерін айтып ,жайлау туралы түсінік беру, оның тыныс-тіршілігімен таныстыру. Сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету,сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. Тіл байлықтарын арттырып , сөздік қорларын молайту. Табиғатты аялауға , адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап, әңгімелесу,ойын.

Көрнекілігі: Жайлау бейнесі, көгілдір экран, флипчарт.

Блингвалдық компанент: жайлау-жайлау-zhailau көктем-весна-spring, жылқы-лошадь-horse, ешкі-коза-goat, қой-овца-sheep, сиыр-корова- cow.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметті

Балалардың қызметті

Мотивациялық қозғаушылық

---------------- әжейдің үйіне қонаққа барғыларың келеме?

Жайлауға немен барамыз?

(Экраннан автобусқа мінген балардың бейнесі көрсетіледі.) Олай болса , көзімізді жұмып Әжейдің ауылына автобусқа мініп барайық .


3 тілде амандасады

Сәлеметсізбе!

Здравствуйте !

Good morning

-Иә

Автобуспен


Әуен қосылады

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ғажайып сәт

-Әжей,балалар біздің жайлауымызға қош келдіңіздер!

Жайлау-қыстаудан алыс, шалғай жатқан даладағы жазғы қоныс.Ол шөбі шүйгін, суы мол, тұнық, ауасы салқын жерде таңдалады. Адамдар киіз үйін тігіп,өздеріне жайлы қоныс жасайды. Қыстан әбден арықтаған малдар жайлауға іліккен соң тойынып секіреді. Адамдар бие байлап,қымыз ішеді, айран құйып құрт жасайды. Төрт түліктің адамға пайдасы мол.Ата-бабаларымыз түйе,

жылқыны көлік ретінде пайдаланған.


Төрт түліктің ең қасиеттісі түйе болып табылады.Қазақ халқы түйені дала кемесі деген.Ол шөлге шыдамды, жүк артса-көлік , жесе ет, ал жүні –киімге жараған.Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ жасаған.


Сиыр малын қазақтар көбінесе тамаққа жаратқан сиырды кейде көшкенде жүк артып ,соқа тіркеп егіскеде, пайдаланып отырған. Сиыр үйдің берекесі, айран –сүттің көзі отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған.


Қазақтың қасиетті малдарының бірі –жылқы. Ат-ер қанатты .Жылқы жүйрік, өте төзімді мал көлік ретіндеде пайдаланған.Қымызының емдік қасиетті бар.


Қазақ халқы қой ешкіні уақ мал деп атаған.Ешкі өте өсімтал мал.Ешкінің еті жеңіл, әрі сіңімді,сүті құнарлы.Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп, баулар жасалып,кілем тоқылып текеметтер босылады.




Әжей менің сендерге арнап әзірлеген тапсырмаларым бар. Орындағыларың келеме?


1-ТАПСЫРМА

«Адасқан төлдер»

Мақсаты; балалардың ойлау,зейін қабілеттерін дамыту.

(Экрандағы төрт түлік төлдерін балалар лупа арқылы көру)


2-ТАПСЫРМА

Жарайсыңдар балалар!

Кәне төрт түлік туралы кім тақпақ біледі екен.


































3-ТАПСЫРМА

«Төрт түлік өнімдері»

Мақсаты:Балалар төрт түліктен алынатын өнімдерді тиісті жерге орналастыру.

4-ТАПСЫРМА

«Төлдерге түс берейік»

Мақсаты; балалар төрт түліктің түсін ажыратып көгілдір экраннан бояу.


Блингвалдық компанент: жайлау-жайлау-zhailau көктем-весна-spring, жылқы-лошадь-horse, ешкі-коза-goat, қой-овца-sheep, сиыр-корова- cow

Тәрбиеші : Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.


Әже:

Білімді, тәртіпті,сүйкімді балалар екенсіңдер. Менің сендерге берген тапсырманы орындағандарың үшін ризашылығын білдіріп төрт түлікің сүт өнімдерінен жасалатын құрт , ірімшікті сыйға тартамын.Балалар табиғат адамдардың ортақ үйі.Жайлаудағы шөпті аяғымызбен баспай сындырмай аялауымыз керек.Табиғат бізге қуаныш сыйлайды,ал біз болсақ оған ризашылығымызды білдіреміз.Біз табиғатты ластамаймыз,оны күтіп баптап,сүйіспеншілікпен қараймыз.



Балалар енді мен сендермен қоштасайын. Сау болыңдар


Тәрбиеші :

Ал,енді көзімізді жұмып жайлаудан қайтайық. Өз тобымызға оралайық.


Ал, енді балалар, келген қонақтарымызға алғысымызды білдірейік. Кел балалар, тұрайық.

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы,

Cау – саламат болайық.


Жайлаудың көрінісі шығады.























Төлдер секіріп шығады.







































-Иә

1.Мінезім жайлы сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Етім дәмді, сүтім бал,

Сырымды менің ұғып ал,

2.  Арғымақ тұлпар жылқымын,

Мақтанымын жұртымның.

Ерге қанат тұлпар мен,

Қандай түлік келер маған тең.

3. Қой-ешкі бір түлікпіз,

 Бірге өстік еш күдіксіз.

Еті тәтті, сүті бал,

Қой-ешкі ең құнды мал.

4.Ең зор түлік түйемін,

Тікенді шөпті сүйемін.

Пайдалансаң сүтім шұбат,

Дертке дауа, жанға қуат.

5.М-ә-ә-ә, м-ә-ә деген әні бар,

Жібек тоны, сәні бар.

Қошақаным, момақан,

Сүйкімді бір жануар.

6.М-ө-ө-ө, м-ө-ө деген әні бар,

Үй маңынан табылар.

Мөңіреген бұзау,

Маған үйір жануар.

7.М-е-е-е, м-е-е деген әні бар,

Байқамасаң жамырар.

 Секеңдеген лағым,

 Тынымсыз бір жануар.

8   Б-ө-ө-ө, б-ө-ө деген әні бар,

Енесін тез сағынар.

Жібек жүнді ботақан,

Мөлдір көзді жануар.  9. Құлдыр-құлдыр құлыншақ,

Құлдыраған құлыншақ.

  Жібек жалды құлыншақ,

  Құндыз жүнді құлыншақ.

Интерактивті тапсырманы орындайды










































Сау, болыңдар.

До свидания!

Good bye!






Сау, болыңдар.

До свидания!

Good bye


.

Рефлексиялық түзетушілік

Балаларға оқу қызметінен алған әсерлерін смайлик арқылы суреттерін ілемін.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Жайлау және үй жануарлары туралы .

Нені игерді: үй жануарларының адам үшін пайдасы .

Нені үйренеді : Әңгіме құрастыруда,сұрақтарға жауап беруде дыбыстарды ажыратуды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2018
1243
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12