400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сурет "Қазақстан - менің туған өлкем"

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балалардың туған жерін сүюге тәрбиелеу. Балалардың эмоциялық көңіл-күйін көтеру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 28.02.19ж.

Тәрбиеші: Асылбекова ж.с.

Білім беру саласы: «Шығормашылық»

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Жер - Ана»

Тақырыбы: : «Қазақстан – менің туған өлкем»

Мақсаттары: Тәрбиелік: Өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу...

Дамытушылық: Суретшінің бере білген көңіл - күйді сезіну қабілеттілігін қалыптастыру, табиғаттың әрбір құбылысы өзінше тамаша екендігін сезіну. Оқыту: Балаларды туған өлкесі Қазақстанның табиғатының сұлулығымен таныстыру.
Туған жердің көрінісін қағазға түсіре білуге үйрету

Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Туған өлкеміздің табиғатты бейнеленген суреттері, мольберт, жай қарындаш және қылқалам мен акварель бояуы, ақ қағаз. Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы : туған өлкем - родной край Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

«Танысу» ойынын ойнатады.
Ойынның шарты бойынша келген балаға мен сұрақ қоямын.
- Сенің атым кім?
- Менің атым – Ильяс
- Жасың нешеде?
- Жасым – бесте.
- Сен қандай Республикада тұрасын?
- Мен Қазақстан Республикасында тұрамын.
- Елбасы кім?
Елбасы Н. Ә. Назарбаев.
- Жарайсыңдар балалар!

2.Негізгі бөлім:
- Біздің сүйікті Отанымыз Қазақстанның кең байтақ екенін айтамыз. Созылып жатқан кең – дала, биікке аспандап көтерілген таулар, асау толқынын жағаға ұрып жатқан Каспий теңізі, Балқаш көлі, өзендер мен көлдер, шулаған орман мен саябақтар. Жылдың қай мезгілі болса да, осының бәрі адам баласын толқытып қуантады. Бірақ ең негізгісі - туған табиғатымыздың әдемілігін байқай білуді үйрену, оның қайталанбас сұлулығын сезіне білу. Табиғаттың кез - келген бұрышы өзгеше жақсы. Балалар мұқият тыңдайды.
Соңдықтан суретшілер өздерінің шығармаларында қоңыр күзді, гүлдеген даланы, алғашқы қарды, қысқы саябақтардағы гүлзарларды, тағы да басқа көріністерді адам баласының қуануы мен таңқалдыру үшін бейнелейтінін білуге болады.
Ақын М. Әлімбаевтың «Менің – Қазақстаным» өлеңін оқып беру.
Педагог тақтаға А. Черкасскийдың «Қара ағаштар», А. Мамбеевтың «Қиіз үйде», Ә. Қастеевтің «Мұз айдыны - Медеу» атты шығармаларын іледі.
Балаларға қазақ даласының көркемдігін, қазақ халқының киіз үйін, жайлауды қағазға бояу арқылы салдыруды ұсынады. Әр түрлі бояуларды таңдауды, қағаз бетіне дұрыс орналастыруды бақылайды.
Балалар шығармалар туралы, туған өлкенің табиғатты туралы әңгімелеп береді.
Сергігу сәтті:
Ал балалар тұрайық,
мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықта,
Оңға, солға иіліп
Денемізді бұрайық.
Балалар музыка ырғағымен туған өлкенің табиғатты туралы түрлі түсті акварель бояуларын қолдана отырып сурет салады.

3.Қорытынды:
- Балалар, бүгінгі салған суреттерің өте әдемі шықты, олардан көрме жасайық.
Балалар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
2833
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі