400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сурет "Қысқы орман"

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балалардың туған жерін сүюге тәрбиелеу. Балалардың эмоциялық көңіл-күйін көтеру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 21.02.19ж.

Тәрбиеші: Ахметжанова АМ

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: Сурет.

Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»

Тақырыбы: «Қысқы орман»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Табиғатты сүйе білуге,оны аялап,қорғай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ағаштың бейнесін қағаз бетіне дұрыс бейнелей білу дағдыларын қалыптастыру,

Оқыту: Балаларға дәстүрлі емес тәсілмен сурет салуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау, ТРИЗ.

Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыптық суреттер, желім, тұз, парақ.

Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): табиғат – природа, тұз – соль, ағаш – дерево.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жұмбақ жасыру арқылы тақырыпты таныстыру.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Кейде, ұлып, кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады?
- Балалар, бұл қай кезде болады?
- Қыста
- Қыс айларын атап айтайық
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Күн суытып, аяз қысып, боран соғып, қар жауады. Жердің бетін, айналаның бәрі аппақ қар басады екен. Ағаштар да аппақ қар жамылады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Құстар неге жылы жаққа ұшады?
- Қорегі жоқ, азық тауып жей алмай қалатын болады. Қыстап қалатын құстарға қамқор болуымыз керек.
Балалар, біз бүгін сурет сабағынан қысқы ағаш түрлерін саламыз. Олардың суреттерін салуды үйренеміз.
- Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
- Шырша, аққайың, тал, терек және жеміс ағаштары.
Мына терезенің алдындағы ағаштарға қараңдаршы. Бұл қандай ағаш?
- Аққайың
Дұрыс айтасыңдар балалар ағаштың діңі, бұтағы болады.
Ағаштың бұтақтары әртүрлі орналасады екен. Мына шыршаның бұтағы діңіне көлбеу орналасқан. Ал тал теректердің бұтағы жоғары қарай орналасады екен. Ағаш діңі төменгі жағы жуан, жоғарғы жағы жіңішкеріп кетеді екен. Түсі қоңыр болады.
Шырша қыста да, жазда да жасыл түсті, қылқан жапырақты болады.
Негізгі бөлімі

-Балалар біз бүгін дәстүрден тыс тәсілмен қысқы ағашты саламыз.

-Мынау суреттерге назар аударыныз. Бұл суретті тұзбен салған. Мен сендерге қалай салуға болатының көрсетем.

Өзіндік жұмыс. Балаларға көмектесу.

Өлең жолдарын оқу. Балалардың жұмыстарына талдау жасау.
Ақпан, ақпан қыс әлі,
Ақ түтек аяз қысады.
Арылмай жатыр даладан,
Ақсақал қыстың құшағы.

Ақпан, ақпан қыс әлі,
Келеді қашан құс әні.
Қарлығаш, тырна, бозторғай,
Қалықтап қашан ұшады.
Сергіту жаттығуы:

Қонақтады бақтарға,
Ақ көбелек ақ қанат.
Аунап таза ақ қарға,
Балалар жүр шаттанып.
Қорытынды
-Қане, ормандағы ең әдемі ағаш кімдікі екен, қайсысы екен, таңдап көрейік – деп еңбек нәтижесіне талдау жасап, мадақтау.
- Ағашты сындыруға, жапырағын жұлуға болмайды.
Біз бүгін сурет сабағында ненің суретін салдық?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
882
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі