400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сурет сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Жаңбырлы күн.Балаларды табиғат құбылысын бақылауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тобы: «Балдырған тобы»

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық                     

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Жаңбырлы күн

Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып, өз сезімдерін бейнелей білуге үйрету. Жаңбыр тамшыларын қағаз бетіндегі жазықтықты дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру, ептілік пен жинақылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: Көгілдір түсті бояу, ақ қағаз, қыл қалам. .

Оқу іс- әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Шаттық шеңбері:

Арайлап тан атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң- қонақтар!

Қайырлы таң-балалар!

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін табыңдар.

Тырс-тырс тамады,

Тереземді қағады. (Жаңбыр)

- Балалар бүгін күн қандай ашық па?

Бұлтты ма? Жаңбыр жауып тұрма?

- Балалар тақтадағы суретке мұқият қараңдаршы, бұл не?

-Түсі қандай?

-Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі?

Қане тыңдап көрейік

Тәрбиеші столдың үстін саусақтарымен тырсылдатып жаңбыр дыбысын бейнелейді.

Сергіту сәті:

Жаңбыр жаңбыр жауады,

Бәрін суға малады.

Біз қарындаш аламыз,

Тамшыларды саламыз.

Балалар жұмбақтың шешімін табады.

 

Жаңбыр.

Бүгін күн салқын аспанда бұлт торлаған.Күн бұлттанса жаңбыр жауады.

Балалар суретке назар аударады

Тырс- тырс еткен дыбыс шығады.

 Тәрбиешінің жасағаны балалар өздері де жасап көрсетеді.

 Бұлт.

Түсі көк.

Балалар жетекшімен бірге қайталайды.

Тырс-тырс еткен дыбыс шығады.














Ұйымдастыру-шылық- ізденістік

- Балалар жаңбыр жаумас бұрын алдымен аспанда не пайда болады?

- Олай болса алдымен қағаз бетіне бұлтты салып аламыз. Бұлт қоюланғанда түсі сұр болады.Енді жаңбыр тамшыларын қағазға  былай түсіреміз(салу тәсілін көрсетеді)

саусақты ақ түсті бояуға батырып алып, бір рет бастыру арқылы тамшы бейнесін түсіреді.

Қылқаламмен сүйкей жағып,дақтар түсіру тәсілімен де орындауға болады.Қағаз бетіне біркелкі шашырата салу қадағаланады.

. Аяқтаған жұмыстарын бағалау.

 « Қимылды ойын»Ойын шарты: су дегенде екі қолымызды биікке көтереміз,от дегенде екі қолымызды айналдырамыз, жер дегенде қолымызды жерге түсіреміз.Осылайша бірнеше рет қайталанады.

Балаларға берілетін қағаздың төменгі бөлігінде қиып жапсырылған.гүлдердін көкөністердің шөлін қандыру үшін, нөсер жаңбыр жауғызуымыз қажет осылайша тапсырманы орындауға болады.

Бұлт пайда болады.

 

Балалар бұлттың суретін салуға кіріседі.Бұлтты сұр түспен бояйды.

 

 

Балалар өздері жаңбыр тамшыларын бейнелейді.

 Балалар қимыл –қозғалыспен жасайды.

 

 

 

 

Рефлексиялық-түзетушілік

Жетекші тақырыпты  сұрақтар қоя отырып қорытындылайды жақсы салынған суреттерді бағалап балалар мадақталады.

Балалар өздері салған суреттерін әңгімелеп береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Табиғат құбылыстары жайлы түсінік, жаңбырлы күннің ерекшеліктерін біледі.

Игереді: Жаңбырдың түрлерін және оны қағаз бетіне түсіру ерекшеліктерін. Саусақпен немесе қылқаламмен қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын сала білу дағдысы қалыптасады.

Меңгереді: Қағаз бетінде атаулы суретті дұрыс орналастырып қолдана алуды, жұмысты орындау барысында қойылған талаптарды дұрыс сақтай білу меңгереді.

















Абай атындағы «Мектеп-бала бақша кешені» КММ











Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Сурет сабағы

Тақырыбы: Жаңбырлы күн









Өткізген: «Балдырған» тобының тәрбиешісі: Оспанова И.К









2017-оқу жылы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1654
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі