Авторы: Габбасова Акбота Жумабековна
Солтүстік Қазақстан облысы. Петропавл қаласы.
МКҚК «Нұрсәт» бөбекжай бақшасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі
Күні. 06.04.2021.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: «Құстар».
Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін кеңейту; балаларға құстарды бейнелеп сала білудіүйрету, балалардың ой-өрісін, тілін, бақылағыштығын, қиялын дамыту;шығармашылық қабілеттерін ояту, ұқыпты жұмыс істеуге, құстарды аялап, қорғауға тәрбиелеу.
Қажет құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:Жыл құстарының суреттері(аққу, қарлығаш, қараторғай) гуашь бояуы(ақ, қара,қызыл) Суретті салуға арналған үлгі, дымқыл сүрткіштер.
Билннгвальды компонент: Құстар-птицы, аққу-лебедь.
Педагогтің іс-әрекеті.
Бәріміз енді тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Жақсы-жақсы сөздерді,
Қонақтарға сыйлайық.
«Сәлем» деймін күнге мен
«Сәлем» деймін мен саған.
«Сәлем» деймін апайға,
Қонақтарға, құстарға!
Педагог:- Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?
Балалар: -Көктем мезгілі.
Педагог: -Дұрыс айтасыңдар. Ал, көктемде айналамызда, табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар: - Күн жылынады, қар еріп кетеді.Құстар жылы жақтан ұшып келеді. т.б.
Педагог: Ал көктем мезгілінің қандай айлары бар?
Балалар: Наурыз, Сәуір, Мамыр.
(Құстардың дыбысы жүргізіледі)
Педагог: - Балалар естідіңдер ме, бұл ненің дыбысы?
Балалар: - бұл құстардың дыбысы.
Педагог: - Дұрыс айтасыңдар. Бұл құстардың дыбысы. Көктем мезгілімен бірге біздің аймаққа жылы жақтан құстар ұшып келеді екен.
-Балалар ендеше олар қандай құстар екен танысайық. Суретке назар аударайық.
Педагог: - Мына суреттегі құс,көктем мезгілінің хабаршысы - Қараторғай деп аталады. Қанеки бәріміз бірге қайталайықшы- «Қараторғай».
Балалар: Қараторғай
Педагог: Қараторғайдың түсі қандай?
Балалар: Қара.
Педагог:Ал енді келесі суретке назар аударайық. Мына суретте Қарлығаш құсы бейнеленген. Қане қайталайықшы-«Қарлығаш».
Ал Қарлығаштың түсі қандай екен. Балалар, Қарлығаш киелі құс. Байқадыңдар ма оның құйрығы айыр, бауыры ақ, тамағы қызыл болады.
Педагог: Енді келесі суретке назар аударайық. Мына суретте құстардың патшасы Аққу бейнеленген. Аққудың түсі қандай екен кім айтады балалар?
Балалар: Ақ
Педагог: Дұрыс айтасыңдар балалар. Сонымен қатар Аққу құстардың ішіндегі ең сұлу құс. Балалар ал енді мына суретке қараңдаршы бұларды жалпы түрде не деп айтамыз?
Балалар: Құстар деп атаймыз.
Педагог:Құстардың бәрінің де қанаттары бар, денелері қауырсынмен жабылған екен. Балалар, менімен бірге қайталайықшы: Құстар-птицы, Аққу-лебедь.
Педагог: Балалар олай болса ең сұлу құс - Аққудың бейнесін салуға шақырамын. Балалар, Аққудың бейнесін қонақтарға салып көрсетеміз бе?
Балалар: Иә
Педагог: Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар сурет салмас бұрын денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Ал қанеки тұрайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Аққу болып жүзейік
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып алайық
Торғай болып қонайық.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:
-Берілген үлгіге саусақтарымыздың көмегімен акварель бояуын жағамыз;
-Жұмысты ұқыпты жасауға, бояуды біркелкі жағуға үйретіп, көрсету;
Балалардың өз бетінше жұмысы.
Қажет болған жағдайда балаларға көмек көрсету.
Педагог:Балалар сендер шаршаған боларсыңдар, ендеше мен сендерге«Мозаика» ойынын ойнауды ұсынамын. Балалар бұл ойынның мақсаты қиылған құстардың суреті бар бөлшектерді құрастырып қандай құс жасырынғанын тауып беру.
Балалар қиылған құстардың суреті бар мозайкаларды құрастырады.
Қорытынды:
- Балалар қандай құстың бейнесін жасадық?
-Бүгін қандай құстардың түрлерімен таныстық?
Олардың бәрінде қанат бар, денесі қауырсындармен жабылған оларды бір
сөзбен «Құстар» деп атаймыз.
Балалардың еңбегін мадақтау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сурет салу. Ашық сабақ. Құстар

шағым қалдыра аласыз