Сурет салу жəне бояу 11 с

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сурет салу жəне бояу 11 с

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Растрлық кескінмен жұмыс жасаудың ерекшеліктерін таныстыру және олардың құрал- саймандарының басқа программаларға ұқсастығын айыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 11 «А» «Б» Мерземі: 27.12.2018ж

Сабақтың тақырыбы: Сурет салу және бояу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Растрлық кескінмен жұмыс жасаудың ерекшеліктерін таныстыру және олардың құрал- саймандарының басқа программаларға ұқсастығын айыру.

  2. Растрлық графика туралы ойларын дамыту.

  3. Оқушыларды жан- жақтылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй жұмысы:

  1. Кескінді бейнелеу алгоритмін жазыңдар?

  2. Программаның «негізгі» пішімін жазыңдар. Қай жағдайда оны қолдануға болады?

  3. Растрлық кескіннің векторлық кескіннен айырмашылығын атаңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ

Фотокескіндердің түстік гаммасын жақсарту, ашықтандыру немесе контрастылығын өзгерту қажет болған жағдайлар сирек кездеспейді.

Кескіннің түстік гаммасын баптауды Түс мәзір тармағының бұйрықтары жүзеге асырады.

Бұдан басқа, фотокескінді жақсарту үшін келесі мәзір тармағының бұйрықтарын қолдануға болады Сүзгілер- жақсарту. Мысалы, сүзгілер- жақсарту- қызыл көз эффектісін жою бұйрығын кескіннің жалған бояуын жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол үшін қажет ауданды ерекшелеп алып, оған Тондау бұйрығын қолдансақ болады.

Онша сәтті шықпаған портретте жоғарыда қарастырылған бұйрықтарды қолдана отырып, көздің түсін өзгертуге, алдын ала фотосуреттің ашықтылығы мен контрастылығын баптап алып, қажеттіні қылқаламмен салып бітуге болады.

Компьютерде тәжірибелік жұмыс

Аймақтарды ерекшелеу

Растрлық кескінмен жұмыс істеудің бірінші кезеңі нүктелер тобын, яғни, кескіннің үзіндісін ерекшелеуден тұрады. Аймақ ерекшеленгеннен кейін ғана онымен қандай да бір амалдар жасай аласыңдар: кішірейту немесе үлкейту, бұру, түсін өзгерту және т.с.с.

Ерекшелеу үшін керекті құралдар:

  • Элиппистік етіп

  • Тікбұрішті

  • Түстер бойынша

  • «ақылды» қайшылар

  • Лассо

  • Сиқырлы таяқша

  • Алдыңғы планды

Ерекшелеудің бірінші екі құралы бұл бізге өте таныс құралдар. Бұл- тікбұрышты аймақты ерекшелеу және эллипстік аймақты ерекшелеу. Олар дұрыс формадағы аймақты ерекшелеу қажет болғанда қолданылады. Кейбір аймақтыерекшелеу үшін лассоны пайдаланамыз. Біз растрлық кескіндер нүктелерден тұрамыз. Сондай кескіндерді ерекшлеу үшін бізге сиқырлы таяқша және түс бойынша ерекшелеу құралдарын

Әр түстің ұқсастық межелерін өздерің берулеріңе болады. Сиқырлы таяқша өткір жиектері бар аймақтарды ерекшелеуге жарайды. Кескін терезесіндегі қандай да бір түстің реңін шертіңдер. Сонда тек бір- біріне түс бойынша жақын пиксельдерде ғана ерекшелеу болады.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Кескіннің ерекшеленген аймағымен қандай іс- әрекет істеуге болады

  2. Кескіннің бір түсті пиксельдерін ерекшеленген аймаққа бөлетін құралды атаңдар?

  3. Сиқырлы таяқша және Түс бойынша ерекшелеу құралдарының айырмашылығы неде?

  4. Қай жағдайда Алдыңғы планды ерекшелеуді қолданған жөн?

Ү. Үйге тапсырма:

ҮІ. Оқушыларды бағалау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2019
1479
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі