400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сурет салу. Тақырыбы: "Күзгі орман".

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз жұмыстарында күз мезгілінен алған әсерлерін бере білуге үйрету,түрлі ағаштардың (үлкен, кішкентай, биік, аласа, түзу, қисық) суреттерін сала білуге үйрету,сурет салу дағдысын дамыту,эстетикалық талғамды тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:________

«Бөбек» бөбекжай әдіскері:

Бекбаева Т.М Ұйымдастырылған оқу қызыметінің жоспары

Күні:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Күзгі орман

Мақсаты: өз жұмыстарында күз мезгілінен алған әсерлерін бере білуге үйрету,түрлі ағаштардың (үлкен, кішкентай, биік, аласа, түзу, қисық) суреттерін сала білуге үйрету,сурет салу дағдысын дамыту,эстетикалық талғамды тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:серуен,суреттер бойынша әңгімелеу,жапырақтарды сипаттау.

Әдіс тәсілдері:әңгімелеу,көрсету,сурет салу.

Көрнекілік құралдар:суреттер.

Үш тілділік:жапырақ-листья- leaves,күз-осень- fall,саябақ-парк-

park

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Себепті қызығуш

ылығын ояту кезеңі.

Топқа түрлі-түсті қағаздан қиылған түрлі ағаштар мен гүлдердің сұлбаларын әкеледі.

«Алтын күз» композициясын қайта қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырады.

Балалар суреттің салынуын қызығушылықпен қарайды.




Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.

Күз туралы кіріспе әңгіме:

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

- Қазір күз мезгілі екенін қайдан білуге болады?

- Күзде құстар неліктен жылы жаққа ұшып кетеді?

Балаларға М.Әлімбайдың «Сары жапырақтар жауғанда» өлеңін оқып естеріне түсіремін

- Өлеңдегі күзгі жапырақты әңгімелеп беруді ұсынамын

- Күзде жапырақтардың түсі неге сары болады?

- Неліктен?

- Балаларға күз мезгілін бет пішіндерінен білдіруді ұсынамын (күн ашық, күн бұлтты, күн суық, көңілсіз, суық жаңбыр жауып тұр, жел тұрды, аспанды сұр бұлт қаптаған, аспан ашық-күн шуағын шашып тұр.

- Міне, осы құбылыстардың барлығы күз мезгілінде болады. Енді, қағаз бетіне осы күз мезгілін бейнелейміз. Балаларды ағаштарды бейнелеуге үйретеді. Акварельмен сурет салу қабілеттерін бақылайды.



Қиынсынған балалармен жеке жұмыс


Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай балалар
Үлкен болып өседі.


д/о: «Көңіл күйіңмен көрсет»






Балалардың жауабы.

Күзде жеміс-жидек, астық піседі.

Балалардың жауабы.


Өйткені күзде құстардың қоректері азаяды. Мұқият тыңдайды.

Балалар жауабы


Себебі, күзде ағаштардың қорегі азаяды.

Өйткені, күннің көзінің жылуы азаяды.

Мұқият тыңдап, көңіл-күйлерін білдіреді.

Қимылмен орындайды.



Балалар тәрбиеші атаған жыл мезгілдерінің құбылыстарын көңіл-күйі арқылы көрсетеді.


Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.

Балалардың жасаған жұмыстарын 1-2 балаға талдату, бағалау.

Балалардың белсенді жұмыстарына алғысымды білдіремін.



Өз әсерлерін білдіреді «Күзгі саябақ» ұжымдық көрмесін ұйымдастырады.




Күтілетін нәтиже:

Нені білді: аймақта өсетін ағаштарды; күз мезгілінің жылы түстерін.

Қандай түсініктерді игерді:ағаш басы мен түрінің ерекшеліктері туралы түсініктерді; жаңа сөздердің мағыналарын.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:перспектива заңдылықтарына сәйкес композиция құрастыру; ағаштар түрлері туралы сұрақтарға жауап беруді;суреттерінде күз мезгілінен алған әсерлерін бейнелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
12108
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі