сурет салу "Телефон"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сурет салу "Телефон"

Материал туралы қысқаша түсінік
шығармашылық білім беру саласы, сурет салу бөлімі бойынша "Телефон" тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы (3 жастан бастап), ересек (4 жастан бастап) жастағы топтарға арналған ҰОҚ конспектісі

Өткізу күні: 

Тәрбиеші: 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Техника және біз»

Тақырыбы: «Ұялы телефон»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: түстерді ажыратуға дағдыландыру.шығармашылық қабілеттерін дамыту

Оқыту: телефон суретін салуды үйрету.

Педагогикалық технологиялар:ойын,дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,үлгі,телефон ойыншығы,бояу,қылқалам,су,сүрт кіш

Билингвалдық компонент: ұялы телефон мобильный телефон

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар, біз оқу қызметімізді бастамас бұрын, ойын ойнап кетейік. Ойынның аты: «Не зат,не үшін керек?» деп аталады.

Ойынның шарты: балалар шеңберде тұрып бірінші бала техника бұйымдарының атын атайды екінші бала қажеттілігін айтады.

Мысалы: үтік – киімдерді үтіктеу, тоңазытқыш – азық-түлікті сақтау.

(балалар ойынды қызыға ойнайды)

II. Негізгі бөлім:

Дұрыс айтасыңдар!

Осы заттар барлығын Тұрмыстық техника деп атаймыз.

Осы тұрмыстық техниканың ішінде біз:

«Телефонды» зерттейік.

-Ал, енді, тақтаға назар аударайық.Тақтада телефон суреттері.

«Телефон – байланыс құралы»
Алғашқы телефонды ойлап тапқан американдық ғалым А.Т.Белл. Ол құрылғыны 1876 жылы ойлап тапқан. Содан бастап адамдар оны байланыс құралы ретінде пайдаланылады.
Бірақ біз оны еріккеннен біреумен ойнау үшін немесе қорқыту үшін пайдаланбауымыз керек.
• Егер үйде жалғыз қалып өрт шықса, телефонның қандай нөмірін тересің? (01)
•Бұзақылар,ұрылар,мазаңды алса ше? (02)
• Бөпең немесе апаң ауырып қалса ше? (03)
• Егер үйде газдың иісі шығып тұрса ше? (04)
«Кел, сөйлесейік!» - дейді.
Ең алғаш телефон соққанда, телефон соғып тұрған адам не істеу керек? (Амандасу керек)
Соңынан ше? (қоштасып кету)
- Ал біз сөйлесе аламыз ба? Қане сөйлесіп көрейікші.
- Дәрігермен.
- Өрт сөндірушімін
- Апаймен. (Балаларды рөлге ендіріп сөйлету, сөйлеткендерін талдау. Қандай қате кетті?)
Телефонның әр түрімен таныстырып кету
• Қазір көп пайдаланып жүргеніміз – ұялы телефон.
Оның зиянын айтып кету және де оны 15 жастан кейін ғана пайдалануға болатынын түсіндіріп кету.Ұялы телефон құрылысымен таныстыру.

Бүгін біз ұялы телефонның суретін саламыз.Салу жолын түсіндіру.
Сергіту сәті:
Телефон
Әй, телефон, телефон,
Мамаң келіп бұраса.
Кім керегін сұраса,
Тез шақырып келесің,
Айтқанына көнесің,
Әй, телефон, телефон,
Ал мен келіп бұрасам,
Кім керегін сұрасам,
Тыңдамайсың бірін де,
Гуілдейсің, мұның не?


Балалар орындарына отырып ұялы телефон суретін салады.

«Иә,жоқ» -ойыны

Ойынның шарты: берілген сұрақтарға «Иә»,немесе «жоқ»-деп жауап беру.

Сұрақтар:

Ересектерсіз үтікті қосу?(жоқ)

-Батерейкалы ойыншық машинамен ойнау? (иә)

Кір жуатын машинаға қолды салу?(жоқ)

Робот машинамен ойнау?(иә)

Ұялы телефонды көп пайдалануға бола ма? (жоқ)

Қорытынды:сұрақ жауап арқылы қорытындылау,жақсы салған балаларды мадақтау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2022
915
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі