“Бекітілді” _________ “Тексерілді”: ________
Меңгеруші: Э.И.Куанышева Әдіскер: М.М.Сапанова
2023-2024 оқу жылына “Айгөлек” ересек тобының
“Көңілді қылқалам” вариативтік компонент бойынша ұйымдасқан іс-әрекетінің
перспективалық жоспары
Бейнелеу өнері маманы: Нәсіпқали Э.
Түсіндірме жазба
Мектепке дейінгі балалардың сурет салумен айналысуы түстерді ажыратуға, түрлі пішіндермен жұмыс жасауға үйретеді. Балалардың сурет салуға қызығушылығын тудыру түрлі ойын тәсілдерін және дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Балаларды бояулардың ашық түстеріне эмоционалды көңіл-күйлерін білдіруге үйретеді. Бағдарлама 4-5 жастағы балаларға арналған. Аптасына – 1 сағат оқу жүктемесі, жылына – 36 сағатты құрайды. ҰІӘ ұзақтығы – 20-25 минут.
Мақсаты:
Баланың саусақтарын шынықтырып күшейту, теория және практика жүзінде іске асыру, сурет салуды түсіне білу және қабілетін қалыптастыру. Өзін – өзі ұстай білуге тәрбиелеу, сурет салуға қажетті құрал-жабдықтар туралы түсінік қалыптастыру, балалардың салған суреттеріне қарап өз ойларын айтуға талпындыру.
Міндеті:
-
Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту;
-
Балаларға тән түрлі іс-әрекет түрлерін көп қолдану, оларды сабақ жоспарына кірістіру;
-
Шығармашылық дағдысын дамыту;
-
Балалардың уақытын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру;
-
Тәрбие мен оқыту процестерін шығармашылықпен үйлестіру;
Күтілетін нәтиже:
-
Қиялы мен ақылын дамытуға;
-
Эмоционалдық тонусын көтеруге;
-
Құрал-жабдықтары туралы түсінік алуға;
-
Шығармашылық арқылы тәрбиелеуге дағдыланады.













