Материалдар / Сурет салу вариатив перспективалық жоспар орта топ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сурет салу вариатив перспективалық жоспар орта топ

Материал туралы қысқаша түсінік
орта топ 2023-2024 жыл вариатив перспективалық жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2024
188
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді _________ Тексерілді: ________

Меңгеруші: Э.И.Куанышева Әдіскер: М.М.Сапанова








2023-2024 оқу жылына “Ертөстік” орта тобының

Көңілді қылқалам” вариативтік компонент бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің

перспективалық жоспары















Бейнелеу өнері маманы: Нәсіпқали Э.


Түсіндірме жазба


Мектепке дейінгі балалардың сурет салумен айналысуы түстерді ажыратуға, түрлі пішіндермен жұмыс жасауға үйретеді. Балалардың сурет салуға қызығушылығын тудыру түрлі ойын тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Балаларды бояулардың ашық түстеріне эмоционалды көңіл-күйлерін білдіруге үйретеді. Бағдарлама 3-4 жастағы балаларға арналған. Аптасына – 0,5 сағат оқу жүктемесі, жылына – 18 сағатты құрайды. ҰІӘ ұзақтығы – 15-20 минут.


Мақсаты:


Баланың саусақтарын шынықтырып күшейту, теория және практика жүзінде іске асыру, сурет салуды түсіне білу және қабілетін қалыптастыру. Өзін – өзі ұстай білуге тәрбиелеу, сурет салуға қажетті құрал-жабдықтар туралы түсінік қалыптастыру, балалардың салған суреттеріне қарап өз ойларын айтуға талпындыру.



Міндеті:

  1. Балаға берілген тапсырманы қайталау, топ ішінде тәрбиеленушілерге адамгершілік пен тілектестік қарым-қатынас орнату

  2. Балаларға тән түрлі іс-әрекет түрлерін көп қолдану, оларды сабақ жоспарына кірістіру

  3. Тәрбие мен оқыту процестерін шығармашылықпен ұйымдастыру



Күтілетін нәтиже:

  • Қиялы мен ақылын дамытуға;

  • Эмоционалдық тонусын көтеруге;

  • Құрал-жабдықтары туралы түсінік алуға;

  • Шығармашылық арқылы тәрбиелеуге дағдыланады.











Өтпелі тақырып

Апта тақырыптары

ҰІӘ мақсат-міндеттері

Әдіс-тәсілдер

Көрнекі құралдар


Қыркүйек

«Балабақша»


«Ағаш жапырақтары»

Мақсаты: балаларға жапырақ түрлері жайлы түсінік беру, ағаштарды өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бір-бірінен ажыратуға және жапырақтарды жапсыра отырып күзгі ағаш жасау

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сурет салу, жапсыру

Ағаш бұтағының суреті, сурет дәптері, жапырақ, желім

«Күзгі орман»

Мақсаты: күзгі орманның мазмұнын көре білуді үйрету. Кофемен сурет салуды жетілдіру, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, кофемен сурет салу.

Күз мезгіліндегі орман көрінісі бейнеленген сурет, сурет дәптері, кофе ерітіндісі, сүрткіштер


Қазан

«Менің отбасым»


«Торсық»

Мақсаты: балалардың торсық жайлы білімдерін арттыру, торсықты оюлармен әдемілей білуді үйрету.

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сурет салу

Торсықтың суреті, сурет дәптері,түрлі түсті бояулар, қарындаштар,су құятын ыдыс,сүрткіштер

«Жаңбырлы күн»


Мақсаты: балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып өз сезімдерін бейнелей білуге үйрету, жаңбыр тамшыларын қағаз бетіндегі жазықтықты дұрыс пайдалана отырып түсіруге, мақта таяқшаларымен сурет салуға жаттықтыру

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, дәстүрден тыс сурет салу

Бұлт және жаңбыр тамшылары бейнеленген сурет, сурет дәптері,түрлі түсті бояулар, қарындаштар,су құятын ыдыс,сүрткіштер


Қараша

«Дені саудың – жаны сау»


«Автобус»

Мақсаты: төртбұрыш пішіндегі бірнеше заттардың көлеміндегі айырмашылықты көре білу, түрлі түсті бояудың көмегімен геометриялық пішіндерді пайдаланып жапсыру арқылы автобустың суретін салуды үйрету.

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сурет салу, жапсыру

Көлік түрлерінің суреті, сурет дәптері, желім, геометриялық пішіндер.

«Бидай масақтары»

Мақсаты: балаларға мақта таяқшаларын топтастыра отырып, бидай масақтарын салуды үйрету.

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, дәстүрден тыс сурет салу.

Бидай масақтарының суреті, сурет дәптері,түрлі түсті бояулар, мақта таяқшалары


Желтоқсан

«Менің Қазақстаным!»

«Менің елім»

Мақсаты: балаларды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, тәуелсіздік күні туралы түсінік беру, алақанмен тудың айналасына сурет салу

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, дәстүрден тыс сурет салу.

Тудың суреті, түрлі түсті гуашь, қылқалам, су құятын ыдыс, сүрткіш

« Қолғап»

Мақсаты: қазақ халқының ұлттық киімдері мен заттары туралы білімдерін кеңейту және мозайка әдісі арқылы түрлі түсті қағаздан жапсыра отырып жасауға үйрету.

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сурет салу.

Қолғаптың суреті, сурет дәптері,түрлі түсті қағаз,су құятын ыдыс, сүрткіштер, желім


Қаңтар

«Табиғат әлемі»

«Жаңа жыл мерекесі»

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру, қиялдау, елестету дағдыларын дамыту.

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сурет салу.

шыршаның суреті, сурет дәптері,түрлі түсті бояулар, қарындаштар,су құятын ыдыс,сүрткіштер

«Аяз ата»

Мақсаты: қоршаған ортадағы болмысты елестеу арқылы сурет салу дағдыларны қалыптастыру. Олардың сипаттамалық белгілерін байқауға үйрету. Аяз атаның бейнесін жапсыра отырып жасауға үйрету.

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сурет салу.

Аяз атаның суреті, сурет дәптері,түрлі түсті қағаз, желім, сүрткіштер


Ақпан

«Бізді қоршаған әлем»

«Қыстағы жапырақсыз қайың ағашы»

Мақсаты: серуен кезіндегі бақылаудан кейін алған әсерлерін суретте бейнелеу. Қыстағы жапырақсыз аққайың бейнесін саусақпен арқылы салуға үйрету.

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, дәчтүрден тыс сурет салу.

Қайыңның суреті, сурет дәптері,түрлі түсті бояулар,су құятын ыдыс,сүрткіштер

«Қар кесегі»


Мақсаты: қыс қызығымен таныстыру, қысқа табиғат құбылыстарын сезіне білуге, қардың «аппақ ұлпа», «мамықтай» жұмсақ болатынын түсіндіру, балаларға дербес түрде қар кесегін салуды үйрету.

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сурет салу.

Қардың , қар кесегінің суреті, сурет дәптері,түрлі түсті бояулар, қарындаштар,су құятын ыдыс,сүрткіштер


Наурыз

«Салттар мен фольклор»

«Қуыршақтың қамзолы»

Мақсаты: қазақ оюларының элементтерімен қамзолды әшекейлеу, түстердің үйлесіміне құрылған тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, сурет салу іскерлік-дағдыларын меңгерту.

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сурет салу.

Камзолдың суреті, сурет дәптері,түрлі түсті бояулар, қарындаштар,су құятын ыдыс,сүрткіштер

«8 Наурыз ашық хаты»

Мақсаты: анаға арнап ашықхат жасай білуге үйрету, балаларды өз аналарын және барлық басқа да аналарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сурет салу.

Ашық хаттардың суреті, сурет дәптері,түрлі түсті бояулар, қарындаштар,су құятын ыдыс,сүрткіштер


Сәуір

«Біз еңбекқор баламыз»

«Қызғаншақ қонжықтар»

Мақсаты: түрлі жануарлардың сипаттық ерекшеліктерін байқап және кофемен сурет салуға үйрету

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, кофемен сурет салу.

Қонжықтардың суреті, сурет дәптері, кофе ерітіндісі, сүрткіш

«Сәукелені әшекейлейміз»

Мақсаты: сәукеленің пішініне сәйкес ою-өрнек элементтерін дұрыс орналастыра білуге үйрету, сурет салу іс-әрекеті арқылы баскиімдерді әшекейлеу, ұлттық ерекшеліктерін ажырата білу.

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сурет салу.

Сәукеленің суреті, сурет дәптері,түрлі түсті бояулар, қарындаштар,су құятын ыдыс,сүрткіштер


Мамыр

«Әрқашан күн сөнбесін!»

«Көрікті көктем»

Мақсаты: далада таза ауада асфальтта бормен сурет салу. Табиғатты аялауға үйрету.

Бормен сурет салу

Түрлі түсті бор, сүрткіштер

«Алма ағашы гүлдеді»

Мақсаты: көктем мезгілінің табиғат құбылыстарын, бере білу білігін бекіту.

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сурет салу.

Гүлдеп тұрған алма ағашының суреті, сурет дәптері,түрлі түсті бояулар, қарындаштар,су құятын ыдыс,сүрткіштер

Барлық сағат саны: 18































Қосымша ақпарат

  1. https://ust.kz/word/siqyrly_syretsi-166060.html

  2. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!