400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сурет салып үйренемін. «Нешеу?» жəне «Реті бойынша нешінші?» екенін анықтаймын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

№11 ҰОҚ. Тақырыбы: Сурет салып үйренемін. «Нешеу?» жəне «Реті бойынша нешінші?» екенін анықтаймын.

Мектеп/МҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Мектепалды сынып/топ

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқыту мақсаттары

0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау.

0.2.1.2.Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау.

Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

-20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санайды.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атайды.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-заттарды саны бойынша салыстырып, ара-арасынан олардың реттік нөмірін атайды.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

-өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен терминологияны пайдалана алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

-неше?, реті бойынша нешінші?

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:.

–Реттік санау кезінде санның атауы қалай пайда болатынын түсіндір.

–Мына санның алдындағы сан одан неше бірлікке аз деп ойлайсың?

–Қандай сандар бұл саннан бір бірлікке үлкен?


Жазу:

-түрлі түсті қарындаштармен бояу, үзік сызықтармен бастырып жазу.

Алдыңғы білім

Заттардың сандық ұғымы туралы алғашқы білім, геометриялық

фигуралар мен денелердің атауы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Басталуы

0–5 минут

Ынталандыру.

Педагог балалармен олардың сурет салғанда нені бейнелегенді ұнататындары туралы сұхбат жүргізеді. Жиынтық полотнода (немесе пəндік суреттер) құстар мен балықтардың əртүрлі түстері көрсетілген.

Педагог сұрақ қояды:

- Суреттерді қандай топтарға бөлуге болады? Ненің суретін салуға болады? Өзектендіру.

Жиынтық полотнода ҰОҚ-нің тақырыбына келетін заттық суреттерден санауға арналған кесте құрайды. Педагог алдымен заттарды қойып шығады, ал балалар тақтаға шығып, сан жазылған керекті карточканы таңдайды.

Сандар қатары түзілгеннен кейін жанында тұрған сандарды салыстыруға болады.

Жиынтық полотно.

Ортасы

6–15

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ө) Əрі қарай педагог 1- тапсырманы орындауды ұсынады, онда бояулары бар құтыларға цифрларды ретімен жапсыру керек.

(Ж) Жұптасып жұмыс істеу.

Балаларға бір-біріне сұрақтар қоюды ұсынады:

  • Реті бойынша қайсысы (ұл бала)?

  • Реті бойынша қайсысы (қыз бала)?

  • 5, 7, 2 сандарының көршілерін атаңдар?

  • Келесі сан қаншаға артық?

  • Алдыңғы сан қаншаға кем?

Бүгін біз 1-ді қоса отырып, келесі санды алуды,

1-ді кеміте отырып, алдыңғы санды алуды үйренеміз.

Жаңалық ашу.

Жиынтық полотнода педагог жазбалар дайындап, мысалдарда қанша жазылған болса, кенепке сонша текшені немесе суретті қоюды ұсынады.

Сергіту сəті.

Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңын қараңыз.)

Саусақтың ұсақ моторикасын дамыту үшін №2 тапсырма орындалады.

Жиынтық полотно.

16–25

Жаңаны қолдану.

(Ө) Əліппе-дəптердегі 3-тапсырмада балалар бояулары бар

Əліппе-дəптер.



құтыларды алдыңғы тапсырмадағы сияқты дəл сол реттілігімен бояйды.

«Тізбекпен санау» жүргізіледі (кез келген берілген саннан бастап тура жəне кері бағытта).

Педагог 4-тапсырмадағы жазылған цифрлардың үстінен саусақпен жүргізіп, көрсетілген сандар қанша болса, шаршыға сонша нүкте салу керектігін айтады.


Рефлексия

26–30

Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Əліппе-дəптер


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
2497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі