Ордағалиева Гүлназ Мұратқызы
Ақтөбе қаласы
26 «Үміт»бөбекжай -балабақшасы
«Жұлдыз» ересек топ
Суретшінің сыйқыры
(ертенгілік)
«Күзгі вальс» әнінің сүйемелдуімен Әбдірахман мен Іңкәр залға кіреді және вальс биін билейді де, ортада тұрған доғаны көтеріп тұрады.Балалар доғадан өтіп төрт қатарға тұрады.
Әбдірахман жүргізуші
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Күзгі тойда жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.
Іңкәр жүргізуші
Жомарт күздің біздерге,
Берерін алып шашпайық.
Алтын күз тойын сіздерге,
Өлеңменен бастайық
Ән: «Алтын күз»
Тәрбиеші:
Балалар біздің залымыз қандай тамаша. Күзді сүретші деп атасақ болады: ол барлық түстерді аса шеберлікпен араластырды, айналадағының барлығын үйлестіре білді. Біз сіздермен бірге күз көрмесіне дәл түскендейміз. Бірақ, күздің сыйын көрсетуге бізге кім көмектеседі?
(Көңілді музыка ойнап тұр, залға Сүретші кіреді.)
Тәрбиеші:
Неткен керемет әуен! Кешіріңіз, сіз Суретшісіз бе?
Суретші:
Әрине!
Палитра мен мольберт – менің достарым,
Нағыз адал, көп жылғы достарым!
Тәрбиеші:
Сіз біздің күз көрмесіне экскурсия жасауымызға қол ұшын созбас па едіңіз?
Сүретші:
Әрине... мен сендерді күз көрмесімен қуана-қуана таныстырамын. Бірақ менің бір құпиям бар: көрмедегі барлық өзіндік ерекшелігі бар. Мен өзімнің сиқырлы қылқаламымды сермесем болды, оларға бірден жан бітеді!
(суретші мольбертке күз жапырақтарының суретің қояды да, сиқырлы қылқаламын сілтейді.)
Музыканың сүйемелдеуімен залға Күз кіреді.
Ерке күз ханшайымы:
Салем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сәлем, менің досым – Суретші!
Тақпақтар:
Айлина
Қуандырып біздерді
Мерекелді күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін ел енді.
Әмір
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық, алтын тау.
Алуа
Алтын, сары, қызыл көк,
Алуна, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп ,
Көз тартады атырап.
Санжар
Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Әміре
Жеміс мол теретін,
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Нұрислам
Жапырақтар сарғайған,
Күн бұлтты болады.
Жаңбыр жиі жауады,
Құстар ұшып барады.
Сүретші жаңбырдың, қолшатырдың суретін мольбертке орнатады да, қылқаламыл сілтейді.
Ер-Қанат
Қарсы алайық қол соға,
Өнерлі жас қаншама
Мың бұралып, билеген
Қыздарымызды «Қолшатыр» биімен ортада
Би:«Қолшатыр»
(Музыканын сүйемелдеуімен қыздар сахнаға шығып, «Қолшатыр» биін билейді )
Жан
Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Айбар
Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.
Алина
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Батыр
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.
Амина
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.
Ән: «Жаңбыр»
Тәрбиеші:
Жаңбыр бәрін су қылды, күн неткен салқын!
Суретші:
Бұл ештене емес! Енді мен өзімнің сүйікті галоштарыммен ойнаймын.
Умай
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Ойын: «Көңілді галоштар»
Адель
Ән салайық күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық
Би: «Күзгі қалпақтар»
Суретші:
Сүретші көкөніс пен жемістердің суретін мольбертке орнатады да, қылқаламыл сілтейді.
Аяла
Берекесі сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді дей келе
жемістерімізді ортаға шақырамыз
(Әуен ойналып, ортаға көкөніс пен жемістер кіреді)
Айым
Мен маржандай шиемін
Күн сәулесін сүйемін
Жемістерім піскенде,
Жерге басымды иемін
Алинұр
Дәмі аузыңнан кетпейді,
Қызыл алма шырын бал,
Көктей тісің өтпейді,
Піскен кезде үзіп ал
Алдияр
Дәнін егіп қиярдың,
Тыным таппай суардым
Түйнектерін көргенде ,
Бес алғандай қуандым
Азиза
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім - қанға нәр.
Ал, балақай біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар
Омар
Асханадан шықпаймын,
Атым – пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын
Еркебұлан
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді
Ойын: « Күзгі өнім жинау»
Аль-Амина
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау
Әкежан
Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Суретші:
Маған сендермен бірге уақыт өткізген қатты ұнап қалды: сендер өте көңілді, мейірімді және тату балалар екенсіңдер. Бірақ, қоштасатын уақыт та жетті. Кездескенше достарым!
.Ерке күз ханшайымы:
Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
(Күз балаларға алма таратып береді.)
Әбдірахман мен Іңкәр соңында бірге айтады:
Берекелі бақ-дәулет
Арта түссін тойланып,
Сау болыңдар, балалар
Келгенше жыл айланып.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Суретшінің сиқыры

шағым қалдыра аласыз