Мативациялық қозғаушы кезең | Тәрбиеші:-Балалар, жылдамдатайық бүгін біз Жалқаубекті күтіп отырмыз ғой, анасы көмек сұрап еді бізден...Мына жерде көп қонақ жиналыпты, әдепті баладай амандасып алайық!СәлемдесуҚош келдіңіз, қош келдіңіз деп айтамыз қонаққа!Талай қызық тамашалап, таң қаласыз біздерге.Біз білімді баламыз, айтқан тілді аламыз,Жалқаубекке көмектесіп,Тәрбиелеп аламыз!Сәлеметсіздер-здраствуйте-гуд монен!Тәрбиеші:Естеріне салайын, өткен аптада Жалқаубектің анасы хабарласып, менің балама көмектесіңдерші, менің балама түймесін, бауын қадауды, жамауын жамауды үйретіңдерші ,деп өтініш айтқан болатын. Балалар біз не деп келістік сол кезде?Дұрыс балалар демек біз бүгін Жалқаубекті тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейтін боламыз. |
СәлемдесуҚош келдіңіз, қош келдіңіз деп айтамыз қонаққа!Талай қызық тамашалап, таң қаласыз біздерге.Біз білімді баламыз, айтқан тілді аламыз,Жалқаубекке көмектесіп,Тәрбиелеп аламыз!Сәлеметсіздер-здраствуйте-гуд монен!
Біз көмекке дайынбыз,Үйретеміз бәріңде.Кішініде сыйлаймыз,Үлкендіде сыйлаймыз.Келсін бізге Жалқаубек,Көмек қолын созамыз! |
Ұйымдастырушы ізденістік кезең | Аудио «Жалқаубек» Роза Рымбаеваның шырқауындағы әнКейіпкердің келуі.Тәрбиеші:-Қош келдің Жалқаубек біздің балабақшамызға. Біздің балабақшамыз саған ұнайма?Жалқаубек:-Сәлеметсіңдер балалар, балабақша сондай таза, зәулім екен, шіркін менде барсамғой балабақшаға? Маған балалар барлығын үйретер еді...Тәрбиеші:-Сен уайымдама біз саған барлығын үйрету үшін жиналдық. Қарап тұрмайық балалар бізге көп жұмыс жүктелді, Жалқаубектің киіміне қарайықшы, не жасау керек екен?Сергіту жаттығуыӘй Жалқаубек, Жалқаубек,Бауынды сенің қадайық.Түймелерін санайық,Жамаулары жамалсын!Беті қолын жуылсын,Мұнтаздай боп үйге қайтАнаң сенің қуансын!Тәрбиеші:-Ал енді Жалқаубекке жыртықты жамауды кім үйретеді екен?Жыртықты жамауШарты:Балалар ,әртүрлі геометриялық пішін тектес тесіктердің орнын сондай жыртықтың дайын пішінімен толтырады.Мария Монтессори педагогикалық жүйесінің қамтылуындағы бос орындарды керекті заттармен толтыру дидактикалық ойыны
Саусақ жаттығуы«Жамау»Жыртығынды жамайынДәл пішінді табайын.Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелегін салайын.Тәрбиеші:Қалыс қалған балалармен Жалқаубектің арқасындағы жамауларды орналастырып, пішіндердің атын айтқызады.Жалқаубек:-Рахмет балалар мен жамауды үйрендімТәрбиеші:-Олай болса түймелеуді үйретсін саған балалар.Саусақ жаттығуы«Түймелер»Қызыл, сары, жасыл, көкНеткен көп түймелер.Қадауды үйретейік,Санауды үйретейік!
«Түймелеу»Шарты: балалар дайын жабдықтың үстіндегі түймелерді қадайды.Мария Монтессори педагогикалық жүйесінің тірек қимыл аппараттарын жетілдіру жаттығуы ,түймелеу әдісі.
Тәрбиеші:Қалыс қалған балалармен Жалқаубектің үстіндегі түймелерді қадап, түстерін айтып, үш тілде санайды.
Жалқаубек:-Оп-оңай затты неге үйреніп алмағанмын, рахмет сендерге.Тәрбиеші:-Қуануға ерте, әлі сенің аяқ киімін байланбаған ғой.Саусақ жаттығуы«Бау тағу»Бауымды орайын,Өз орнына қадайын.Шатасып қалмайын,Қиғашынан тағайын.«Бау тағу»Шарты: үстел үстіндегі дайын жабдықтарды пайдалана отырып, балалар бәтеңкенің бауын тағады.Монтессори жүйесінің көздің бұлшық еттерін қатайту, оның ішінде қылыйлықты жою жаттығуы немесе мергендігін жетілдіру, көздің көру қашықтығын шындауТәрбиеші:Қалыс қалған балалармен, Жалқаубекпен бірге аяқ киіміндегі бауды қадайды.балалар барлық жұмысты аяқтаған секілдіміз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деп бекер айтпаса керек, бүгін біз бір жақсы іс тыңдырдық. Көзіміз бау қадауда, түймелеуде, жамау жамарда әбден талып, шаршады. Олай болса біз көзімізді бір демалтып алайық.Көзге арналған жаттығу.(педагогтың нұсқаулығымен) |
-Бауын қадауды үйрету керек.-Түймесін қадауды үйрету керек.-Жамауларын жамау керек.Сергіту жаттығуыӘй Жалқаубек, Жалқаубек,Бауынды сенің қадайық.Түймелерін санайық,Жамаулары жамалсын!Беті қолын жуылсын,Мұнтаздай боп үйге қайтАнаң сенің қуансын!
6 бала орындайды үстел үстінде бала басына жабдық дайындалуы тиіс
Саусақ жаттығуы«Жамау»Жыртығынды жамайынДәл пішінді табайын.Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелегін салайын.
Саусақ жаттығуы«Түймелер»Қызыл, сары, жасыл, көкНеткен көп түймелер.Қадауды үйретейік,Санауды үйретейік!
Саусақ жаттығуы«Бау тағу»Бауымды орайын,Өз орнына қадайын.Шатасып қалмайын,Қиғашынан тағайын.
Көзге арналған жаттығу.Видео нұсқаулық арқылы.
|
Рефлексивті қозғаушы кезең | Балалар біздің Жалқаубекпен қоштасатын кез келді, Жалқаубектің есінен шықпас бұрын біз оған не айтсақ екен?
Балаларды мадақтау. | -Тақпақ айтып берейікӨлең жолдарымен рефлексия.Үйреттік біз саған, Түймені қадауды.Түстерді тануға, Оларды санауға.***Жамауды жамадық,Пішінді үйреттік.Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек ұмытпа!***Бауынды қадап жүр,Сабақты ұмытпа!Бақшаға барғаның ұмытпас сен үшін, күн болсын әрдайым!***Жаттап ал мынаны үш тілде сөйлеп жүр!түйме –пуговица, жамау-заплатка, бау-шнур |