|
Сабақтың
мақсаттары:
|
Балаларды
көлемді денелер (шар,текше, конус) туралы түсінікті нақтылау,
геометриялық пішіндерді бір -бірінен ажыратып атай
білуге,геометриялық пішіндердің өмірде қажеттілігін түсінуге
үйрету.Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды тауып
үйрену;балалардың есте сақтау қабілеттерін шыңдау,ой-өрі-сін
дамыту, және жетілдіру, сөздік қарым - қатынастарын
байыту
|
|
Сабақ
тың басы
Сабақ
тың ортасы
Сабақты
қорыту
|
Сезімдерін ояту.
- Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу - іс әрекетіміз,
математика сабағына қонақтар келіпті. Шаттық шеңберіне шығып
сәлемдесейік.
- Өте жақсы, балалар! Бүгін класта кезекші кім?
Ұйымдастыру, іздену.
Балалар бүгінгі сабағымыз, сендердің осы уақытқа дейін алдыңғы
сабақтарда үйренген геометриялық пішіндерді қайталау. Барлығымыз
математика әліппе дәптерімізді ашып қарайық. Бүгінгі қайталау
сабағымыздың тақырыбы: текше, шар, цилиндр.
Яғни геометриялық пішіндерді қайталау.
Балалар біздер қандай пішіндерді білеміз.
Олай болса дәптердегі тапсырманы орындайық.
1 - тапсырма: жапсыру, конус, цилиндр, шар, текше, тік төртбұрыш
берілген. Осы пішіндерге ұқсас заттарды тауып, жапсыру.
2 - тапсырма: Өзгерт
Бұл тапсырмада пішіндерді өзгертіп саламыз, пішіндерді үлкендерін
кішірейтіп, кіші пішіндерді үлкейтеміз. Түстерін өзгертіп бояймыз.
Нүктелердің сандарын көбейтіп, азайтып саламыз
3 - тапсырма: Суретте не бейнеленген?
Кішкентай пирамида нешеу?
Үлкені ше?
Сонда барлығы нешеу болады?
Дұрыс - ақ, ендеше дәптеріміздегі торкөздерге жазайық.
4 - тапсырма: 7 - 8 сандарын бастырып сала қояйық
5 - тапсырма: Пішіндермен салынған гүлді көшіріп саламыз
Сергіту сәті
Балалар енді геометриялық пішіндерге байланысты жұмбақтарды шешіп
көрейік.
Пішіндерге байланысты жұмбақ.
1. Төрт қабырғасы тең болса,
Төрт бұрышы тең болса,
Жауап берер балақай,
Ой өрісі кең болса,
Бұл қандай пішін?
2. Бұрыштарын табамыз,
Бұған келер шамамыз,
Төбесінен сырғанап,
Құлап қалсақ күлеміз.
Бұл қандай пішін?
3. Емес бұл төртбұрыш,
Мұнда
мүлде жоқ бұрыш
Бұл қандай пішін?
Қорытындылау.
Өзін - өзі бағалау. Адамның жан дүниесін және мінез - құлқын
білу.
Тәрбиешілердің алдына шеңбер, үшбұрыш,, төртбұрыш,
тік төртбұрыш пішіндері қойылады. Әр тәрбиеші қай пішінді таңдаса,
сол тәрбиешінің жан дүниесін және мінез құлқын білуге болады.
Шеңбер таңдаған – ол мейірімді адам.
Үшбұрыш таңдаған - ол көшбасшы адам.
Төртбұрышты таңдаған - ол еңбекқор адам.
Тіктөртбұрышты таңдаған адам - ол білгіш және өзіне сенімсіз
адам.
|
Сөздер тізбегін
құрастырады
Сұрақтарға жауап
береді
Сергіту сәті
Пішіндерді үйлерге
орналастырады
Суретті табады, артықтарын
бояйды
Кері байланыс
береді
|
Мақтап, мадақтап отыру

Мақтап, мадақтап отыру
Мақтап, мадақтап отыру
|
Көбелек
Қалам
Қарындаш
Түрлі түсті
қарындаш
Фотоаппарат
|