Күні:
Пәні: Сурет
Сабақтың
тақырыбы: Суреттің өнердегі
орны
Сабақтың
мақсаты: 1.Оқушыларды қолөнердің әр
алуан түрлерімен
таныстыру.
Қолөнердің өзіне тән кейбір ерекшеліктерін
баяндау.
2.Жас жеткіншектерде ұлттық өнер
ерекшеліктерін
сезіну қабілетінің қалыптасуына ықпал
жасау,ұлттық
туралы білімдерін жүйеге
түсіріп,шығармашылық
қиялын дамыту.
3.Оқушылардың қолөнерге деген
қызығушылығын
оятып,әдемілікті көре білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың
типі: білім мен іскерлікке
үйрету
Сабақтың
әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,ой
қозғау
Пәнаралық
байланыс:технология,әдебиет,тарих
Көрнекілігі:Сәндік бұйымдар,қолөнер
түрлеріне байланысты
суреттер,бүктемелер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Өткен сабақты бекіту
4.Жаңа сабақ
5.Өз беттерінше жұмыс
6.Қорытынды
7.Үйге тапсырма беру
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды тыныштыққа шақырып зейіндерін сабаққа
аудару.Оқушының сабаққа қатысуын,қажетті құрал жабдықтарының
толықтығын түгелдеу.
Үй жұмыстарын тексеріп бағалау.Өткен тақырыпты
бекіту мақсатында бірнеше сұрақтар қою.
Сұрақ:
1.Мүсін дегеніміз не?
Мүсін - әр түрлі материалдармен дөңгелек көлемде
кеңістікте сомдалған көркем шығарма.
2.Мүсін латын сөзінен шыққан қазақшаға аударғанда
қандай ұғымды білдіреді? (қашап жасау)
3.Мүсінде адам сомдау неше түрге
бөлінеді?
3 түрге -бюст –кеуделік мүсін;
-статуя – адам денесінің тұтастай тұлғалық
сомдалуы;
-көп тұлғалы композиция – бірнеше адам тобы
сомдалған көркем шығарма.
Балалар бейнелеу өнерінің неше түрі бар? Олай
болса біз сол бейнелеу өнерінің бір түрі - Қолөнер түрлерімен
танысайық.
Қолөнер халық тұрмысында жиі қолданылатын өнер
жиынтығы болып табылады.Әрбір халықтың өмірімен,қоғамдық тарихымен
тікелей байланысты дамыған.Қолөнер Батыс Европа,Рим елінде және
Шығыс елдері – Жапония,Қытай,Үнді,Орта Азия халықтары –
қазақ,өзбек,түркімен,қырғыз елдерінде жақсы өркендеген.Сонымен
бірге орыс,украин,латыш,Кавказ халықтары әзербайжан,армиян,грузин
елдерінде де қолөнер кеңінен дамыған.
Ал қазақ халқының қолөнерінің өзіндік даму сатысы
бар.Қолөнеріміз жасалу,қолдану тәсіліне,ерекшелігіне байланысты
бірнеше түрге бөлінеді.
Атап айтқанда, өру,тігу
,тоқу,мүсіндеу,әшекейлеу,құрастыру,бейнелеу сияқты түрлері кеңінен
дамыған.Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнер соғұрлым дамып
отырды.Үнемі шығармашылық ізденіс үстінде халық шеберлері тұрмысқа
қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келді.Қазақ халқының
қолөнерінің бңрнеше түрлері бар.
-Жүннен жасалатын заттар:кілем,алаша,қоржын
т.б
-Киіз басу – сырмақ,киіз,текемет
т.б
-Кесте немесе көркем тігу – кестелеу
түрлері.
-Зергерлік өнер
–білезік,сақина,сырға,алқа,шолпы,т.б
-Сүйек, мүйізден әшекейленіп жасалатын
бұйымдар:кебеже,асадал,ожау,адалбақан т.б
-Ағаш шеберлері жасаған
бұйымдар:домбыра,қобыз,киәз үй сүйектері т.б
Сонымен қатар қайыс өру,былғары өңдеу,ер
жасау,тас өңдеу,темір өңдеу,ши тоқу,кілем тоқу т.б айтуға
болады.
Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа
бөлуге болады.
1.Шеберлер – ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын
адамдар.
2.Ұста – қару-жарақ,ер – тұрман,сауыт – сайман
жасаумен жасаумен шұғылданады.
3.Ісмер – ұлттық киімдер тігумен
айналысатын,қолынан іс келетін адамдар.
4.Зергер – алтынмен аптап,күміспен күптеп
сырға,білезік,алқа жасайтын адамдар.
Қазіргі заманда заман талабына сай қолөнер
түрлері қарқынды дамып келеді. Мысалы: Керамика – фарфор,фаянс
майолика.
әйнек – ыдыстар,құмыра,құрылыс
бөлшектері
көркем оймыш –
ағаш,тас,сүйек,пластмасса.
Жиһаздар,текстиль(сәндік
маталар,кілемдер)
1991 жылы қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін
тарихи мұраларды қалпына келтіру,қайта жаңғырту қолға алына
бастады.1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.назарбаевтың ұйымдастыруымен дүние жүзі қазақтарының құрылтайы
шақырылды.Шет мемлекеттерде жүрген қандастарымыз туған жер
топырағына орала бастады.Осы қайта оралған қандастарымыз сәндік
қолданбалы өнердің ұмытылып бара жатқан түрлерін елімізге қайтып
алып келді.Тіл мен өнерді жоғары бағалаған Абай Құнанбаев өзінің
33-ші қара сөзінде «Егер мал керек болса,қолөнер үйренбек керек,мал
жұтайды,өнер жұтамайды»деген.
Оқушылардың өз беттерінше жұмыстары кезінде
оларды сырттай бақылап отыру.Қате жұмыс жасап отырған оқушыларға
ескерту жасап,дұрыс бағыт бағдар беру.
Сабақты қорыта келе оқушылардың қолөнер туралы
ойын қорыту мақсатында қол өнерді, бір түріне Венн диограммасын
құру тапсырылады.
әр топ әр түрлі етіп құрастырып көрсетуі
керек.Мысалы: Сырмақ т.б
Оқушылардың білімін бағалау.
Сырмақтың суретін салып келу.