400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сырласайық жеңеше

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:   «Сырласайық жеңеше!»
Мақсаты:    Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Отбасы тарихын және дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті бүгінгі сайыстың көрермендері. Мектебіміздің “Сырласайық жеңеше” атты сайысымызға қош келіпсіздер демекпіз.
Бәріңізді келе жатқан ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. 
Жүргізуші: Сайыс десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын жігіттер мен жеңгелерді бүгінгі,
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.

Болғалы жатыр сайыс көптен күткен
Іні мен қарындасқа үлгі тіптен,
Ауылымыз жастардан үміт күткен,
Жеңсе де, жеңілсе де тәуба еткен.
Жүргізуші: 1. Таныстыру «Сәлем – сөздің атасы»
2. Өнер сайысы «Талантты болу – тәңірден»
3. Жағдаяттан шығу, сұрақ-жауап
4. Жарнама (ұлттық тамақтарға)
5.
Эстрада жұлдыздарына пародия көрсету
6.
Ас дайындау жеңгелер, «Құралайды көзге атқан» асық ату (ер балалар)
Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді бағалап отыру үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
I кезең. Таныстыру «Сәлем – сөздің атасы»
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «
Сәлем – сөздің атасы» деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіттер жеңгелерімен өздерін таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен 5-7 сынып жігіттері жеңгелерімен кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Жүргізуші: Кезек әділқазылар алқасында.
II бөлім. Өнер сайысы «Талантты болу – тәңірден».
Талаптың мініп тұлпарын
Келдіңдер міне жарысқа
Белгісіз кім ұтары
Түсіңдер өнер сайысқа.
Жүргізуші: Өнер менен білімде
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік дара үні бар, – дегендей, әділқазы төрелерге кімнің өнері ұнады екен, қане, көрейік!
Өнер сайысының бағасын әділқазылардан сұраймыз!
Жүргізуші: Қимылынан еседі мың бір арман ,
Тамашалап тамсанбай кім тұра алған
Жадыратар жаныңа жылу сыйлап
Бишілері орыстың мың бұралған – мектебіміздің биші қыздары би билеп сыныптастарын қолдамақшы. Қошеметтеп қарсы алыңыздар орыс биін.

IIІ бөлім. Жағдаяттан шығу, сұрақ-жауап
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде

Сайыскерлерімізге тапсырмалар береміз.
1. Жеті атаны ата.
2.Оқушыларға түнгі 10-нан кейін көшеге жүруге болмайтынын білесің. Бірақ, кластасың жасырып, кешкілік туған күнін жасайды. Сендер жиналып, дастарханға отырғанша біршама уақыт өтіп кетеді. Бір кезде сағаттың 10 болып қалғанын көресің, ал кеш болса жаңа қызықты болып келеді. Не істейсің ?
3. «Бастаңғы» дегеніміз не ?


1.Жеті жұтты ата.
2.Ұстазыңыз ертең таңертең ашық сабағы болатынын ескертіп,соған сізге бір плакатқа сурет салып беруіңізді өтініп, тапсырма береді.Үйге келсеңіз, ата-анаңыз көрші ауылда тұратын туысқаныңыздың үйіне тойға бармақшы және сізді де бірге алып кететіндерін ескертеді. Не істейсіз?
3. «Ерулік» дегеніміз не?

1.Жеті жоқты ата. 
2.Сыныбыңызда ашық тәрбие сағаты өтпекші. Ал, үйіңізде екі жасар ініңіз бар, ата-анаңыз жұмысқа кетерде үйде болуыңызды ескертеді. Не істейсіз? Мектепке барасыз ба, әлде бала бағасыз ба?
3. «
Тоқым қағар» дегеніміз не?

1.Жеті қазынаны ата.
2.Сен сыныптас досыңның туған күніне сыйлық алуға жинаған ақшаны жоғалтып алдың. Қалай жоғалтқаның есіңе түспейді. Бүгін туған күніне баруларың керек. Сен не істейсің ?

3. «Бие байлар» дегеніміз не?

Дүниедегі ең кемеңгер дананы.
Ана табады, аялайды, бағады
Сол үшін де құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы.
Деп 5-сыныптан шыққан Айдарбектің жанкүйері Райымбек қолдау көрсетуге келіп отыр.

IҮ бөлім. Жарнама (ұлттық тамақтарға)
Жүргізуші: Отырған көрермендермен ойын. «Кім  тапқыр?»
Құпия сөздердің дұрыс жауабын тап. (Ұлттық киімдер)
НАПАШ – шапан
МОКАЛЗ – камзол
МҚАЫТ – тымақ
ЛЕУАСЕК – саукеле

Ү бөлім.
Эстрада жұлдыздарына пародия көрсету.
Пародия-өнердің бір саласы,
Сол өнерге әркімнің бар таласы.
Пародия-жаңа туған жас сәби,
Көпен деген ағамыздың баласы. Сайысымыздың бұл кезеңінде жігіттер жеңгелерімен бірге түрлі эстрада жұлдыздарын сахнада сомдап шығады.
Жүргізуші: Сайысымыздың бұл кезеңінде жігіттер жеңгелерімен бірге түрлі эстрада жұлдыздарын сахнада сомдап шықты. Әділқазылардан баға қоюларын сұраймыз!
ҮІ бөлім. Бұл бөлімде жігіттеріміздің жеңгелері ас дайындау керек. Астары дайын болғанша «Құралайды көзге атқан» жігіттердің мергендігін сынаймыз.
Би болатын жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар жігіттің,
Мергендік болар жұмысы – дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз.

Жеңгем менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеме гүл болып тағыламын,
Жұлдызыңдай көгінде жағыламын.  
Алыс кетсем аңсаймын, сағынамын. - деп жеңгелер, қайын інілеріне дайындаған асын ұсынады.

Жүргізуші: Келешек қой осылар, барға шүкір,
Алдарында ақ қанат арманы тұр,
Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.
Әрқайсысы өз үлесін алғалы тұр.

Жүргізуші:
Құрметті көрермендер осымен сайысымыз өз мәресіне жетті, жігіттеріміз бойындағы бар өнерлерін көрсетті деп ойлаймыз. Ендігі кезекті сайысымызды қортындылау үшін сөз кезегін әділқазыларға берейік.

 Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды.
Осыменен қоштасамыз сіздерменен,
Сайысы жігіттер мен жеңгелердің аяқталды. Сау саламатта болыңыздар.

 














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
1714
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі