Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сырласу кеші "Қызым саған айтам..." 9-11 сынып қыз балалармен сырласу кеші
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
"Кішкенекөл №2 ішінара интернатты орта мектебі" КММ
Сырласу кеші
Тақырыбы: «Қызым саған айтам...»
Әлеуметтік педагог: Ахметбекова Д. Б.
2019-2020 оқу жылы
Тақырыбы: «Қызым саған айтам...» (сырласу
кеші)
Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,
салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре
отырып, қыз
балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың
тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен
жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,
әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген
қыз бала тәрбиелеу.
1. Арнайы шақырылған қонақтар
- Мектеп
директоры: Сайткен
М.Н
-
Әжелер клубы
- Мектеп медбикесі:
Абишева С.Е.
- Қыз балалардың
аналары
- 8 – 11 сынып
қыздары
Барысы:
І. Кіріспе сөз/әлеуметтік педагог/
ІІ. Баяндама
ІІІ. Әжелердің дайындағын әңгімелері
ІҮ.Кім кінәлі (жағдаятты шешу)
V.Пікірлер алмасу. (видео көрсету)
VІ.Қорытындылау
Құрметті қонақтар, ұстаздар,мектеп оқушылары, бүгінгі «Қызым саған
айтам...» сырласу кешіне қош келдіңіздер!Жарық пен жылу,от
пен суық жоқ жерде тіршілік те жоқ.Ал осылардың көктегі көзі – күн
болса, жердегі көзі – адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен
ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды.Тәрбиесі түзелмей, елдің
көсегесі көгермейді,отбасы түзелмей,болашақ түзелмейді.
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.
Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз.
Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие
арқылы өлшенеді.
Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің,
жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.Бесігінде жақсы
тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін
сақтамақ. Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова
«Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр,әрі ардақты.
Ол-адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана,үй ұстап,жар күтетін
адал жар,ата-ене сыйлап,иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын
қаламастан, бұл-өмір заңы»-деген.Сол әдепті,инабатты,адамгершілігі
мол,сыпайы қыздарды тәрбиелеу-бүгінгі мектептің,қоғамның және
ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайрандаған.
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,- дегендей, қазақтың
қызы-қазақтай ұлттың айнасы. Қыз баланың тәрбиесі өте салмақты,бұл
нәрсеге жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды.Қыз баланың дұрыс
жүріп-тұруы ата-ананың мәртебесі. Шешесіне қарап бой түзейтін
қыздар үшін ана берген тәлімнің ықпалы ерекше. Құрсақтан басталатын
тәрбие, былдырлаған сәби кезеңмен,жасөспірімдік шақ,бойжеткендік
жаспен сабақтасып отырады екен.Тәңірінен болғанымен таңғы асы
Аналардан бастау алар ар басы,-дей келе бүгінгі кешімізге келіп
отырған кеш қонақтарымен таныс болыңыздар
1. ___________________________________________________
2._____________________________________________________________
3.___________________________________________________________
4.___________________________________________________________
5._________________________________________________________
Сәулетті ана болғанда саналы ұрпақ болады. Қыз –
өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана. «Болмасаң да ұқсап бақ»
деп Абай атамыз айтқандай қыз балалар жағымды қасиеттерді меңгерсе,
арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдеміде де ажарлы қыздар көп
болса біздің өміріміз мәнді, қызықты да шуақты болар
еді.
Сөзді_________________________________________________________
Қазақ халқының әдет-ғұрып,
салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, әдептілікке,
сыпайылыққа, инабаттылыққа, мол мейірімділікке, төзімділікке,
шыдамдылыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз
тәрбиелеу
Қазақ қызы десе, бет-жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі
білінбейтін жан елестейді, шолпының сыңғыры құлағымызға келеді.
Жібектей сызылған қырдың қызыл гүліндей бүлдіршіндерді көргенде
халқымыздың қандай жақсы салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы болғанына риза
боламыз, мақтанамыз. "Қызды оң жақта
отырғызу"
Сөзді әжеге
беріледі_________________________________________________________
Қыз бала тәрбиесіне халқымыз
сонау заманнан ерекше мән беріп келеді. Қыз баланы құрметтеу, қыз
бала алдында дөрекі сөйлемеу, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген
сұлу жорға мінгізу, босағада отырғызбау сияқты дәстүрлі, тәрбиелік
мәні зор әдет-ғұрыптарды атадан балаға мұра етіп қалдырып
отырған.
Жарық пен жылу жоқ жерде, от пен жылу жоқ жерде тірлік-мақұрым. Ал
екеуінің көктегі көзі – күн, жердегі көзі – Ана. Ананың мейірін
көтере алмаған елдің көсегесі көгеруі мүмкін емес. Отбасы түзелмей,
Отан түзелмейді. Ал қыздар – болашақ аналар! "Қыздың мына
өмірдегі парызы мен мінедті"
Сөзді әжеге
беріледі_________________________________________________________
Халық аузындағы «қыздың жиған
жүгіндей», «қыздың төккен кестесіндей» деген тіркестер қыз баланың
нәзіктігін, шеберлігін, ұқыптылығын аңғартады.
Әрбір отбасы, әке-шеше, аға-жеңге бойжеткен баласын ылғи да
жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік-ұқыптылығымен,
әдепті-ізеттілігімен, иманды инабаттылығымен, күміс күлкісімен
көргісі келген. Оларды кішкентайынан әлпештеп, мәпелеп, жаны мен
арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырған. Жасөспірім
шақтағы еліктегіш қасиеттерін ескеріп, оған «қырық үйден тыю»
керектігін үнемі еске салған. Үй ішіндегі кесте тігу, өрнек, кілем
тоқу, ән-күй, айтыс сияқты түрлі өнерге баулығын. "Қызға қырық
үйден тыйым"
Сөзді әжеге
беріледі_________________________________________________________
Қазіргі қыздардың заман
ағымына сай батыс елдеріне еліктеуі біздің қазахи менталитетімізге
кері әсерін беріп мемлекетімізде көптеген қыз балалар ашық киініп,
жат қылықтарға бейімделіп өздерінің мәдениеттілік сауатсыздығынан
әр түрлі келеңсіз оқиғаларға тап болуда. Сондықтан да интернет
желісіндегі жаман қылықтыарды үйрететін сайттарды, түнгі клубтарды
әр түрлі секталық ұйымдарды жабу мақсатында өкімет тарапынан іс –
шаралар ұйымдастырылуы қажет. "Қазіргі қыздың тәрбиесіне
алаңдаймын"
Сөзді әжеге
беріледі_________________________________________________________
Қызың көргенді де ибалы, сөзі
– сынық, ісі – түзік, киімді бойына жарастырып киіп, жымиып қана
күліп, сызылып жаймен жүріп, айтқаныңды екі етпесе – ажарың.
Ал, тіліңді алмай бедірейіп, кісі көрсе кекірейіп, топ ішінде
қарқылдап, ұятты жерде саңқылдап, етегін кесіп, омырауларын ашып,
көрінгенге көзін тесіп, күндіз кетіп, түнде келіп жатса –
азабың.
Тән сұлулығы деген бар, жан сұлулығы деген бар. Тән сұлулығы –
сыртқы көз арбар көрініс. Жан сұлулығы – бұл әйелдің ішкі дүниесі,
Сезім шынайылығы, мінез байлығы, пейіл кеңдігі, ар алдындағы
адалдығы.
Тән сұлулығы – теңіз бетіндегі көпіршігі мол толқын. Жан сұлулығы –
бұл тереңдегі ағын. Осы екі қасиет бір адамның басында ұштасса,
ғұмыр бойы айналасын нұрға бөлеп өтер еді. "Қазіргі қыз
тәрбиесі"
Сөзді әжеге беріледі_________________________________________________________
Жүргізуші: «Қыз» – ең қасиетті сөз.
Қасиетті болатыны, бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады,
келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы
үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп,ұлт қатарын көбейтеді. Ұлттың бойындағы
бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет ғұрпын, салт
санасын,дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші,
дамытушы әрине, әйел-ана. Т іліміздің
өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Ана-барлық өмірдің
бастауы.Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу
ананың және біршама қауымның міндеті.
Қыздар! Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір
елімізге адал перзент,асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл
болыңдар! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Ақылды болыңдар! Сұлу да
сымбатты болыңдар! Саналы болыңдар! Қыздар ұйқышыл болмаңдар,
ұмытшақ, ұрысқақ болмаңдар! Инабатты,ілтипатты,ұйымшыл болыңдар!
Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер бүгінгі кешімізге
әжелерімізге алғысымызды білдіреміз. АМАН БОЛЫҢЫЗДАР, сіздерден
үлгі алып, келешек ұрпақты үйретейік.
Бүгінгі «Қызым саған айтамын» тақырыбында жүргізілген сырласу
кешімізде өз деңгейіде өтті. Құрметті аналар алтындай
уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін алғысымыз шексіз! Сау
болыңыздар!!! Сырласу кеші аяқталды.